Инфекция формалары және оның сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Автор: Assel123 • Октябрь 4, 2018 • Реферат • 1,302 Слов (6 Страниц) • 1,202 Просмотры
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
СТУДЕНТТІК ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Факультеті: «Жалпы медицина»
Кафедрасы: «Микробиология, вирусология және иммунология»
Дисциплина: «Микробиология»
Курс: 2
Тақырыбы: Инфекция формалары және оның сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары.
Орындалу әдісі: Мәнжазба
Орындаған: Сегизбаева Айдана
Тобы: 209 «А»
Тексерген: Сарбулатова А.Ш.
Ақтөбе-2018
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Инфекция туралы ілім. Инфекциялық процестердің дамуы және оның барысы
- Паразиттік және паразиттік емес тіршілік ету фазалары.
- Облигатты ,факультативті және кездейсоқ паразиттер .
- Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді
- Микробтың макроорганизммен өзара әсері
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
- Бағалау бетшесі
«Инфекция» термині микроорганизмнің макроорганизмге енуімен және онда көбеюімен түсіндіріледі, соның нәтижесінде жұқпалы процес пайда болады. Ол қоздырғыштың қасиетіне және макроорганизммен өзара қарым-қатынас түрлеріне байланысты әртүрлі көріністермен көрінеді: симптомсыз тасымалдаушылықтан өліммен аяқталатын жұқпалы аурудың ауыр түріне дейін. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйткені инфекциялық процес қоздыратын микробтардың патогенсіз микробатардан ерекшелігін және де қоздырғыштарды қабылдаушылық және қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір- бірінен қандай айырмашылық бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қажетті препараттарды жасауда, диагноз қою әдістерін жетілдіруде шешуші роль атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын және оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес, одан да жоғары деңгейде сауатты бақылауға мүмкіндік береді.
Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномены жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір – бірімен қарама-қарсы (антогонистік) жағдайда болады. Сапрофиттік тіршілік етуге қарағанда паразитизм – ол тірі ортада өмір сүру. Паразиттің ие организміне патогендік әсер етуі және ие организмі жағынан оған жауап беретін қорғаныс реакциясы паразитизмнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Паразитизм – түрге тән және тұқымқуалайтын қасиет. Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттің тіршілік етуге қаблетті. Ие организмнің тіршілік етуі мәңгілік емес, уақыт мерзімі бойынша шектелген. Сондықтан, паразиттер үшін мекендейтін ортасын ауыстыру қажет. Олардың екі тіршілік циклы болады: тірі организмдегі – паразиттік және одан тыс жердегі – паразиттік емес тіршілік ету фазалары.
Паразиттік емес тіршілік ету деп кең мағынада сапрофиттік тіршілік ету жағдайын және шартты – патогенді бактерияларға тән паразитзмнен өзгеше түрлерін (мутуализм, комменсализм, метабиоз т.б) түсіну керек. Микроб биологиялық түр ретінде тіршілік сақтай алатын ортаның маңызы зор. Оны ең басты спецификалық тіршілік ортасы дейді. Өйткені «паразитизм» термині – бұл ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитзмдік дәрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық – экологиялық тұрғыдан паразитизмді 3 категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.
...