Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сенімхаттың жасалу жолдары және түрлері

Автор:   •  Октябрь 19, 2018  •  Реферат  •  1,576 Слов (7 Страниц)  •  1,470 Просмотры

Страница 1 из 7

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.ТАРАУ. СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Сенімхатқа түсінігі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... 5

1.2 Сенімхаттың жасалу жолдары және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..... ....8

1.3 Сенімхаттың мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...  ......10

1.4. Сенімхаттың куәландырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ......12

1.5 Сенімхаттың нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ......13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ..19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... ... ..20

                                                                                                                                                   

КІРІСПЕ

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де санқырлы.

Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.  Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату – сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады. Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.  Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы). Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.  Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, соңдықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді.

...

Скачать:   txt (18.9 Kb)   pdf (109.3 Kb)   docx (751.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club