Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі, пәні, міндеттері, мазмұны

Автор:   •  Октябрь 5, 2021  •  Лекция  •  829 Слов (4 Страниц)  •  946 Просмотры

Страница 1 из 4

Бөкеш Жаңагүл дефектология 3 курс

Тақырып 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі, пәні, міндеттері, мазмұны. Арнайы мектептегі математика пәнін оқыту бағдарламасы

1.        Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың әдістемесі

2.        Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың пәні

3.        Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың міндеттері

4.        Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың мазмұны.

5.        Арнайы мектептегі математика пәнін оқыту бағдарламасы

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі» пәні өмірлік қажетті білім, шеберлік пен дағдыларды меңгерудегі қиындықтарды түзетуге және жоюға бағытталған пәндер аясына кіреді. Математика пәні даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ойлау қабілеті мен жалпы білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты орын алады.

Математиканы оқытудың міндеттері

• баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын

және ерік пен сезімге қатысты белсендігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

•математиканы қоршаған болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;

•заттық-тәжірибелік, танымдық іс-әрекетін дамыту және

қалыптастыру;

•оқу сабақтарына деген қызығушылықты басқа балалармен

және ересек адамдармен өзара іс-әрекетте жасай білуге үйрену.

Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (ақыл-ойы кем) оқушыларды математикаға оқытудың ерекше міндеті – олардың танымдық іс-әрекетімен тұлғалық қасиеттерінің кемшіліктерін жеңу болып саналады.

Арнайы мектепте оқытылатын математика курсының бөлімдері:

 - бүгін сандар арифметикасы,

 - шамалар,

 - арифметикалық есептер,

 - бөлшектер арифметикасы,

 - көрнекі геометрия элементтері.

 Қазіргі уақытта зияты зақымдалған оқушыларды оқыту үшін бүкіл оқу пәндері бойынша, да оқыту жоспары мен бағдарламаларының түрлері ұсынылады. Математиканың жүйелі курсы 1-ші сыныптан бастап 9 сыныпқа дейін оқылады. Оқу жоспарының біреулерінде 1 сыныпта оқуға дайын емес немесе диагнозын дәлдеуге және баланы оқуға жіберетін мақсатқа лайық білім беретін мекеменің түрін анықтауға қажет процедевтикалық-диагностикалық 0-ші сынып ескеріледі. 0-ші сыныпта балаларды математикалық материалды қабылдау мен саналы түсінуге дайындайтын, балалардың мектепке дейінгі кезеңдегі даму ақаулақта-рын толықтыратын «математика әліппесі» енгізілген.Әр оқу жоспарларындағы математиканы оқуға арналған сағат саны әртүрлі, сондықтанда сәйкесті бағдарламалардағы математикалық материалдың көлемі де әртүрлі.

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзете-оқыту) мектептің математика бойынша және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының бағдарламаларын салыстырғанда негізгі бөлімдердің атауларында ғана ұқсастық байқалынады. Түзете оқыту мектебіндегі математикалық материалдың көлемінің, мазмұнының және оқу жүйесінің өз ерекшелігі бір. Бұл түзете оқыту мектеп оқушыларының білімдерді меңгеру, есіне сақтау және қолдану ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

1. Зияты зақымдалған оқушылар жаңа білімдерді көп күш салып және уақыт кетіріп, баяу, көптеген қиындықтармен меңгереді, сондықтан-да әр сыныптың бағдарламалық материалы бірталай шамалы көлемде беріледі.Мысалы, 1-ші сыныпта оқушалар пропедевтикалық кезеңнен кейін тек 1-ден бастап 5 санын ӛтеді және 5 кӛлеміндегі қосу және азайтуға үйренеді; құны, ұзындығы өлшемдерімен танысу 1 сыныптан басталады да 8-9 сыныптарда аяқталады, үлестер мен жай бөлшектерді оқу 4 сыныптан басталып 8-9 сыныптарды аяқталады.

...

Скачать:   txt (13.2 Kb)   pdf (73.7 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club