Картография және оның мазмұны. Негізгі қасиеттері және географиялық карталардың анықтамасы
Автор: madinaaidarova01 • Сентябрь 26, 2022 • Контрольная работа • 2,511 Слов (11 Страниц) • 638 Просмотры
Дәріс 1 – Картография және оның мазмұны. Негізгі қасиеттері және географиялық карталардың анықтамасы. Картография – табиғат пен қоғам құбылысының үйлесуімен өзара байланысын, олардың кеңістіктегі орналасуын жəне олардың мезгілге қарай өзгеруін, т.б. картографиялық кескіндеумен бейнеленетін ғылым. Сондай –ақ, бұл пəн тақырыптық карталардың дамуын зерттейді. Картография – географиялық карталарды құрастыру, жасау, өңдеу жəне басып шығару тəсілдерін жəне олардың мазмұндық мəселелерін зерттейтін ғылым. Салалары: картатану, математикалық картография, картаны басып шығару, ГАЖ – мен тығыз байланысты. Карта – белгілі бір математикалық заңдылықтарға сүйене отырып (масштаб, проекция) жасалынатын жер шарының кішірейтіліп, жердің қисықтығын ескере отырып, əр түрлі шартты белгілермен белгіленіп қағаз бетіне түсірілуі. Қолдану мақсатына қарай карталар əскери шаралар, халық шаруашылығы, мелиорациялау, тау – кен өндірісі, туристерге қажетті, бағдар алу, экономикалық – географиялық мақсатта, географиялық білімді тереңдету үшін қажетті құрал. Жергілікті жердегі халық шаруашылығының көптеген негізгі мəселелердің шешімін табу үшін, сол жердеің географиялық ортасын сақтау үшін, географиялық білімнің алға жылжуы мен табиғат пен қоғам арасындағы заңдылықтардың шешіміне толығымен жауып беретін – географиялы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 2 – Географиялық карталар мен атластардың жіктеліу және түрлері Карталардың аймақты қамтуына, қолданылуына, мазмұнына байланысты жіктеу. Тақырыптық карталарды көрсеткіштік дәрежесіне байланысты топтастыру. Карталар мазмұнына қарай: Жалпы гографиялы Географиялы карталарды қамту аймағына байланысты топтастыру, жіктеу Қазіргі кезде географиялық карталардың қолданылуына байланысты көптеген салаларға бөлінген жəне көрсетілген көлеміне, қамту аймағына байланысты көптеген карталар басылып шықты. Осыған байланысты карталар мынандай 4 топқа бөлінеді: 1) жер беті немесе дүниежүзілік, 2) жарты шарлар картасы, 3) жеке құрлықтар мен олардың ірі бөліктері, мұхиттар мен ірі теңіздер картасы, 4) мемлекеттер мен олардың бөліктері, саяси - əкімшілік, экономикалық, физикалық – географиялық аудандастыруға байланысты карталар. Территорияларды қамту аймағы мен олардың масштабы арасында тығыз байланыс бар. Аумақ көлемі ірі болған сайын, масштаб ұсақ болады жəне керісінше. Мысалы, дүниежүзілік карталардың масштабы жарты шарлар картасы масштабына қарағанда ұсақ болады. Жалпы гографиялық карталар – жергілікті жердің басты нысандары түгел, дəл көрсетіліп, яғни ел қоныстарын, суларын, өнеркəсібін, жер бедерін жəне т.б. бірдей дəрежеде бейнеленуін айтамыз. Мысалы, физикалық – географиялық топокарталар. Арнайы карталар – карта тақырыбына байланысты, тек сол тақырыптарына ерекше көңіл аударылып бейнеленетін карта. Мысалы, дүниежүзілік мұхиттар картасы. Жалпы географиялық карталарға аймақтық сыртқы келбеті бейнеленген карталарды жатқызуға болады. Онда табиғат жағдайлары, көлік жолдары, мəдени нысандары, мұхиттар мен теңіздердің жағалаулары, сызықтар т.б. белгіленеді. Бұларды жалпы географиялық шолу картасы деп атайды. Тақырыптық карталарды мазмұнына қарай жіктейміз: 1) табиғи – аймақтық (физ.-геогр.) карта, 2) əлеуметтік – экономикалық географиялық карта, 3) арнайы карта. Осылайша 3 класқа бөлдік. Əр кластағы карталардың құбылыстарының бейнеленуі əр түрлі. Географиялық карталардың қолдану мақсатына қарай : қабырғалық, столдық, текстік, қалаталық карта деп бөледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 3 – Негізгі картографиялық ақпарат көздері және әдебиеттер. Халықаралық карталар. Тақырыптық карталар. Салыстыру қоғамдық өмірдің экономика, ғылым, мәдениет, білім беру және басқа да салаларда көптеген секторларында өз өнімін ұсынады. Ол өзі көптеген көздерін пайдалана отырып, қажетті ақпаратты алу үшін - салыстыруды жүргізіледі құжаттардың түрлі. Көздері жатады: астрономиялық-геодезиялық деректерді; • жалпы географиялық және тақырыптық карталар; • түгендеу деректер, жоспарлар мен карталар; • қашықтықтан зондтау деректерiн; • деректер тікелей далалық бақылау және өлшеу; • метеорологиялық бақылау деректер; • материалдар мен экологиялық мониторинг басқа да түрлері; • экономикалық және статистикалық деректер; • Сандық моделін; •Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін; • әдебиеті (мәтін) көздері; • теориялық және эмпирикалық заңдылықтары. Картография құрылымына қарай үлкен картографиялық пәндер жүйесін құрайды. Олар: картаны тану, картографиялық информатика, математикалық картография, картометрия, картаны құрастыру және проектілеу, безендіру, картаны шығару және қолдану.
Топография – жер бетінің біршама шағын учаскілерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді.
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 4-5 – Қазіргі кездегі картографияның негізгі мәселелері. Картографиялық ұйымдардың маңыздылығы. Картография зерттейтін басты мәселелері:
Ішкі және сыртқы саясатты қамтамасыз ету жағдайын қарастыру және шешім қабылдау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 6-7 – Топографиялық карталардың жіктелуі. Номенклатура Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталады жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасына орналасады. Карталардың номенклатурасы негізін 1:1 000 000 масштабтағы карталар құрайды, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпін ен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады. Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1:1 000 000 масштабтан бастап рет ретімен құрастыруды қарастырамыз.
М-41 бет 1:1 000 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3, ... 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60- нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады. 1:1 000 000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1: 50 000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әрпімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің номенклатурасы М-41-60-Б болады. Осы бетті 4-ке бөлуден 1: 25 000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60-Б-г-4 болады. 1:5 000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1:10 000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5 000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5 000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60-(256) болады. 1:2 000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5 000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді, оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2 000 масштабтағы картаны соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60(256) болады. Келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың құрамы кестелер атты жинақтары болады. Олар меридиандар мен параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 8-9 – Географиялық карталардың математикалық негіздері. Картографиялық проекция туралы түсінік, олардың түрлері. Картографиялық проекциядағы бұрмаланулар. Картографиялық проекциялар – жер эллипсоиді немесе шар бетін жазықтыққа бейнелеу тәсілі. Жазықтыққа, яғни карта бетіне жер бетіндегі барлық нысандардың кескіндерінің орналасуы мен меридиан мен параллель торлары беріледі. Картографиялық тор карта бетіндегі меридиан мен параллелдердің бейнеленуі. Картографиялық тордың көмегімен карталар бетінен нүктелердің географиялық координаталарын және көкжиек тұстарына салыстыра сызық бағыттарын анықтауға болады. және аудандардың масштаб тұрақсыздығы туындайды. Картографиялық проекциялар үш белгі бойынша ажыратылады:
Эллипсоидты немесе шар бетін жазықтыққа көшіру кезінде қолданылатын және меридиан мен параллелдің кескінделуі жағынан, картаның мақсатына қарай картографиялық проекциялар мынандай түрлерге бөлінеді конустық, цилиндрлік, азимуттық. Эллипсоид немесе шар бетін жазықтыққа бейнелегенде жер бетіндегі географиялық нысандардың (материктер, мұхиттар және тағы басқа) нақты бейнесін өзгертпей түсіру мүмкін емес. Сондықтан да географиялық карталардағы нысандар бұрмаланып көрсетіледі. Осы құру кезінде болмай қалмайтын деформациялар орын алады. Мысалы: сығылу, созылу, көлемінде және бағытында болатын бұрмаланулар. Міне, сондықтан карта бетінде ұзындықтардың және аудандардың масштаб тұрақсыздығы туындайды. Мамандар карта дайындау, құрастыру кезінде картаның мақсатына және масштабына байланысты қолданылатынын ескере отырып, қағаз бетіне жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттеп, бұрмаланудың кем жағын қарастыратын әдістерді қолданады. Әр түрлі картографиялық проекцияларда құрылған карталар біраз бұрмаланып берілген жер беті кескіні болып саналады. Бұл бұрмаланудың 4 түрі болады:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 10 – Азимуталдық полярлық проекциялар, олардың түрлері, қолданылуы және құрастырылуы. Барлық азимутальды полярлық проекцияларды құрастырудағы картографиялық координаталары бірдей:
[pic 3] Азимуттық мұнда эллипсоид немесе шар бетінен оған жанасқан, кей кездері ғана қима бетіне көшіріледі. Картографиялық торлары параллельдері толық концентрлік шеңберлермен, ал меридиандары центрде бір нүктеден таралған бұрыштары бойлықтар айырмашылығына тең түзу сызықтармен бейнеленеді. Жер эллипсоидты немесе шар бетінің жанасу нүктелерінің орнына қарай азимуттық проекциялар мынандай болуы мүмкін (4-сурет): а) қалыпты - полярлық жанасу нүктесі полюспен, ә) көлденең - экваторлық жанасу нүктесі экватормен, б) қиғаш - жанасу нүктесі полюс пен экватор аралығымен дәл келеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 11-12 – Цилиндірлік проекциялар, олардың түрлері, құрастырылуы мен қолданылуы Цилиндрлік проекцияларды глобус бетінен жанама және қима цилиндрдің бүйірлік бетінен көшірілгенде цилиндр жазықтыққа жазылады. Цилиндрлік проекциялар паралелльдер меридиандардағы вертикальді бір-біріне параллельдер тең сызықтармен, ал параллельдер горизонтальді параллель түзулермен белгіленеді (?- сурет). Бұл проекция негізінен дүние жүзі экватор маңында орналасқан территорияның карталарын құрастыру үшін қолданады. [pic 4] Квадраттық цилиндірлік проекциясының құрастырылу схемасы. 1) Цилиндрлік проекция, мұнда эллипсоид немесе шар бетінен оған жанасқан немесе қиылысқан цилиндрдің бүйір бетіне көшіріліп,соңғысы қалыптасуына қарай кесіледі де жазықтыққа жойылады. Картографиялық торлары меридиандары бірдей орналасқан бір-біріне параллель түзулермен, ал параллелдері оларға бірдей қашықтықта орналасқан түзулермен бейнеленеді. Экватордың немесе қандай да бір параллелдің бойында созылған аймақтарды бейнелеу үшін қолданады. Теңіз қатынасы карталарын сызуға Меркатордың тең бұрышты цилиндрлік проекциясы қолданса, ал топографиялық карталарды құрастыруға тең бұрышты көлденең цилиндрлік проекциясы қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 13 – Түзу конустық проекциялар, олардың түрлері, құрастырылуы мен қолданылуы Конустық проекция жанама немесе қима болуы мүмкін Бұл проекцияның осьі глобустың осьі мен сәйкес келеді. Торлары: параллельдер концентрлік шеңберлермен, меридиандары солтүстік полюсте бір нүктеде түйісетін түзу сызық болып келеді. Конустық проекциялар экватордың бір жағында орналасқан аймақтар үшін қолданылады. Мысалы ТМД, Европа, Солтүстік Америка, Австралия. Конустық проекция мұнда эллипсоид немесе шар бетінен оған жанасқан немесе қиылысқан цилиндрдің бүйір бетіне көшіріліп,соңғысы қалыптасуына қарай кесіледі де жазықтыққа жойылады. Картографиялық торлары параллельдері концентрлік шеңбер доғалармен, ал меридиандары бір нүктеде түйісетін бұрыштары меридиандар айырмашылығына пропорционалды түзу сызықтармен бейнеленеді. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, ал параллелдер бойымен орналасқан аймақтарды бейнелеуге қолайлы. ТМД аймағының картасы тең бұрышты тең аралық конустық проекцияларда жасалады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дәріс 14 – Сансонның тең шамалы псевдоцилиндрлік проекциясының қолданылуы, оны құрастыру және зерттеу. Бұл проекцияны ең алғаш рет 1650 жылы француз картографы Сансон ұсынды. Бұл проекция әсіресе теңіз саяхатшылары үшін қолайлы проекция. Проекцияның картографиялық торлары: параллелдері тік, ал меридиандары қисық (тек орта меридианнан басқасы), бұл проекция дүние жүзінде экватор бойында орналасқан және дүние жүзінің аймағын құрастыру үшін қолданылады. Мұнда орта меридиан және параллельдер бойында бас масштаб сақталады. [pic 5] Сансонның псевдоцилиндрлік проекциясының құрастырылу схемасы және эллипсте бұрмалануы мен бұрыштарының изоколодары. Проекция Африка, Оңтүстік Америка, Австралия карталарының территориясын құрастыруға қолайлы. Бұрмаланушылық меридиандар бойында жоғары болып келеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15 дәріс Поликонустық проекция, оны құрастыру және зерттеу. Бұл проекция дүниежүзі карталары үшін экваториалды жарты шарлар картасына кеңінен қолданады және меридиандар бойында сызылған аймақтардың картасын құрастыру үшін қолданады. Поликонустық проекция тең шамалы және еркін алынған проекциялар. Бұл проекцияда орталық меридиан мен экватор перпендикуляр, ал параллельдері мен меридиандары концентрлік дөңес сызықтармен белгіленеді. [pic 6] |
...