Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар церебральды салы кезіндегі бала дамуының психофизикалық ерекшеліктері

Автор:   •  Апрель 3, 2020  •  Реферат  •  1,717 Слов (7 Страниц)  •  1,134 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  Педагогика     факультеті

Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

Мәнжазба

Тақырыбы: Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар церебральды салы кезіндегі бала дамуының психофизикалық ерекшеліктері

                                                     Дайындаған: Құлекешова Ж.М.

                                                                 Тексерген: Есенғұлова М.Н.

Ақтөбе 2020

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар церебральды салы кезіндегі бала дамуының психофизикалық ерекшеліктері

1. Балалардың церебральді параличі

2. Церебральды паралич сырқаты бар балаларга көрсетілетін түзету көмектері.

3. БЦП-мен ауыратын  ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жұмыстың принциптері .

 

Балаларда туа біткен және жүре пайда болған кемістіктердің 5-7% тірек-қимыл аппаратының зақымдануы қүрайды. Бүл кемістіктер туа біткен және жүре келе пайда болуы мүмкін. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының төмендегідей клиникалық түрлері анықталған:

А) нерв жүйесінің аурулары: балалардың церебральды параличі, полиомиелит, хорея.

Б) тірек - қимыл аппаратының туа біткен кемістіктері: туа біткен жамбас сүйектерінің шығып кетуі; мойын омыртқаларының қисаюы; маймақтық; буын сүйектерінің деформациялары, кеуде омыртқаларының даму кемістіктері (сколиоздар); әртүрлі сүйектердің даму кемістіктері; артрогриппоз, т.б.

В) қимыл - тірек аппаратының жүре келе пайда болған аурулары: жүлын, бас ми және аяқ - қолдардың жарақаттары; полиартрит; қаңқа - сүйек аурулары ( сүйектің қүрт ауруы; ісіктері, остеомиелит), қаңқа - сүйектің жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы).

Қимыл - тірек аппаратының жүйесі бүзылған балалардың негізгі кемістігі - қимыл-қозғалысының ауытқуы (қозғалу, қимыл әрекетінің жетілмеуі, зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Осы сияқты ауытқулары бар балалардың көпшілігін церебральдық сал ауруымен ауыратын балалар қүрайды (89%). Бұл балаларда қимыл - тірек аппаратының кемістіктері көбінесе психикалық бүзылулармен, тіл мүкістерімен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана медициналық - әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді. Әдетте, тірек - қимыл аппараты бүзылған балалардың ішінде танымдық қабілеті сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі. Дегенмен, аталмыш балалардың барлығында ерекше өмір сүру жағдайын, оқытуды және келешек еңбек әрекетінің дүрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі - қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар,балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс - аяқ, электроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал қимыл - тірек аппаратының кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт - ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.

Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың белгілері байқалады.  «Церебральдық паралич  деген  термин пренетальды, интрантальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіретін  дерт.   Негізгі  патологтялық  ошақ  -көбінесе  мидың  «жас» бөлімдерін - ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді   сонымен    қатар    басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады.

...

Скачать:   txt (23.6 Kb)   pdf (147.7 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club