Ақыл-ойы кем балалардың түйсігі мен қабылдауы
Автор: era 00000000 • Декабрь 9, 2018 • Реферат • 797 Слов (4 Страниц) • 2,519 Просмотры
Ақыл-ойы кем балалардың түйсігі мен қабылдауы.
Түйсік пен қабылдау – қоршаған ортаны танудың алғашқы сатысы.Бұл саты барлық өмір жолында маңызды болып қала береді. Ақыл-ойы кем балалардың тежелген, шектелген қабылдау қабілеттері оның психикалық даму барысына, орасан зор әсер етеді. Ақыл-ойы кем балалардың қабылдау және сезіну қабілеттерін, белгілі психологтар И. М. Соловьев, К. И. Вересоткая, М. М. Нудельман, Е. М. Кудрявцевалар зерттеген.
М. М. Нудельманның зерттеулері, көру арқылы қабылдаудың көлемінің тарлығын дәлелдейді. Мысалы, терезеден көрінген қала көрінісінен, ақыл-ойы кем балалардың байқағандары, сау балаларға қарағанда, анағұрлым аз болған.
Шолып қараудың шектеулі болуын, И. М. Соловьев өз зерттеулерінде толық сипаттайды. Мысалы, сау балалар бірден байқаса, олигофрендер біртіндеп байқайды деп жазады. Ақыл-ойы кем балалар, көшеде келе жатып, айналасындаыны өзінің сау құрбыларына қарағанда, аз байқайды. Сондықтан, ол бөтен жерлерде, таныс емес жағдаяттарда абыржып қалады, жағдайды бағалай алмайды, оқиғаның мәнісін аңғармайды. Демек, олигофрендер объектілер арасындағы қатынастар мен байланыстарды дұрыс ұғына алмайды.
Ақыл-ойы кем балалардың қабылдауындағы, әсіресе көрнекті ерекшелігі – психикалық үдерістердің баяулығы. Яғни қандай бір затты, құбылысты байқау, ізденіспен, объектіні табуға тырысу, қоршаған ортаның белгілі бір бөлігіне іздене қарау, оның қажетсіз бөліктерін назардан тыс қалдыру сияқты қабілеттің жоқтығы. Сюжетті суреттерді қарастыра отырып, оның нақты мазмұнын талдау сияқты дағдылар, бұл балаларда қиындықпен қалыптасады.
Ақыл-ойы кем оқушыларды еңбекке баулуда, жалпы ой-өрісін дамытуда, қабылдаудың басқа түрлері де үлкен рөл атқарады, мысалы, кинестетикалық қабылдау. Бұл баланың өз денесінің күйін кеңістікте сезінуі. И. П. Павлов мұндай кинестетикалық немесе проприоцептивтік қабылдауларды қимыл-қозғалыс анализаторларының жұмысы деп атайды. Ақыл-ойы кем балалардағы проприоцептвтік сезінулердің дәл болмауынан, қимыл-қозғалыстың тепе-теңдігі бұзылады. Олардың қимыл-қозғалыстары оқыс, аяқ-қолдары қатты сермеледі.
Психиканың дамуында есту арқылы қабылдау қабілеттері, өзіндік мағынаға ие. Есту арқылы қабылдау, сөйлеудің дамуымен тікелей, әрі тығыз байланысты. Егер есту анализаторларының аймағындағы саралаушы шартты байланыстар өте баяу қалыптасса, сөйлеудің қалыптасуы тежеледі. Бұл өз кезегінде ой-өрістің дамуын тежейді. Жүйке жүйесінде кемістігі бар, барлық балалардың дерлік сөйлеудегі дыбыстарды ажырату қабілеттері өте кеш, әрі қиындықпен қалыптасады. Миы зақымданған балалардың арасында, есту анализаторы әсіресе, қатты зардап шеккендері кездеседі. Кейде, мұндай балаларды ақыл-ойы кем балалармен шатастыруға болады. Сондықтан, есту арқылы қабылдау қабілетін, арнайы әдістемелердің көмегімен анықтау қажет. Мұндай тексерулер, нағыз ақыл-ойы кемістігін, есту арқылы қабылдау кемістігімен байланысты, екінші кемістіктен айырып алуға мүмкіндік жасайды. Есту арқылы қабылдау, тек сөйлеудің дамуына ғана емес, сонымен бірге, сан алуан дыбыстардан тұратын, қоршаған ортаны сол күйінде дұрыс қабылдауға тікелей әсер етеді. Егер осы түрлі дыбыстардан құралған өмірді, баланың дұрыс қабылдауға мүмкіндігі болмаса, оның айналаны бағдарлай алмауына таңданға болмайды.
Уақыт пен кеңістікті қабылдау қабілеттері, айналаны бағдрлауда өте маңызды. Егер сыртқы ортаны қабылдау «жолдары» арқылы алынатын мәліметтер, бала санасына
...