Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Реферат  •  833 Слов (4 Страниц)  •  570 Просмотры

Страница 1 из 4

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Бүгінгі таңда азаматтық қоғамды құру кез келген мемлекеттің алдына қойған үлкен мақсаттарының бірі. Бірақ азаматтық қоғам ұғымы қарапайым халықтарға таныс емес, бұл сөз қарапайым халыққа жағымды болып естілгенімен, басым көпшілігі азаматтық қоғамның мәні неде екенін түсінбейді. Көпшілігі азаматтық қоғам бұл біз өмір сүріп жатқан орта деп ойлайды. Азаматтық қоғам сөз тіркесі белгілі бір сипатқа ие, себебі азаматтық емес немесе азаматыққа қарсы қоғамның болмайтыны белгілі. Кез келген қоғам азаматтардан тұрады, азаматсыз қоғам жоқ. Тек мемлекетке дейінгі өркениетсіз қоғамда ғана азаматтық қоғам болмаған. Біріншіден оның жеткілікті дәрежеде дамымауы т.б. Екіншіден ол кезде азамат, азаматтық ұғым болған емес. Сонымен қатар, құл иеленуші қоғамда да «азаматтық қоғам» болмаған, себебі сол кезде қоғам мүшелерінің басым бөлігі ерекін және тең құқықылы деп танылмаған. Құлдар субъекті емес, объекті ретінде танылған. Азаматтық қоғам ұғымы бай мазмұнға ие, бұның мағынасы көп қырлы және ғалымдар түрліше түсінік береді. Бірақ құқығы бар мемлекетті құықтық мемлекет, ал азаматы бар мемлекетті азамтты мемлекет деп тануға да болмайды. Мысалы: кеңестік дәуірде азаматтық қоғамды орнатуға мүмкіндік болмады, ал қазіргі заманда әрбір мемлекет азаматтық қоғамды құруды алдына мақсат етіп қоюда. «Азаматтық қоғам» термині ғылыми әдебиетте ерекше мағынаға ие болып саналады. «Азаматтық қоғам бұл мемлекеттің бір типі оның табиғи, әлеуметтік, құқықтық жетілуі және дамығандығының белгісі». Басқаша айтқанда тарихи тәжіребие бойынша қалыптасқан, белгілі бір талаптарға жауап беретін қоғам. Президенттің жолдауында демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды нығайту, дамытуы туралы айтылады. Азаматтық қоғам қоғам ұғымы баяғыдан белгілі болғанымен әліге дейін ғылыми тұрғыда дұрыс зерттелген емес. Азаматтық қоғам идеясы халықтар арасында кеңінен таралмаған, оған қарағанда құқықтық мемлекет идеясы кеңінен таралған.

Азаматтық қоғам идеясының пайда болуы ежелгі заманнан бастау алады. Алғаш рет Аритотельдің «Саясат» , Платонның «мемлекет» атты еңбектерінде, өзгеде ежелгі ғалымдардың ілімдерінде көрініс тапты. Алайда азаматтық қоғам термині XVIII-ғасырлардан бастап тұрақты пайдаланыла бастады, себебі ол уақытта дейін мемлекет пен қоғам біртұтас жүйе болып қарастырылған. Ғалымдар соңғы уақытқа дейінде қоғам мен мемлекетті нақты ажыратып қарастырмады. Әрине оларды ажырату оңай болған жоқ. Егер мемлекеттің алты мың жыл бұрын пайда болған болса, қоғам бір жарым миллион жыл бұрын пайда болған. Соңғы зерттеулерде ғалымдар қоғамнынң пайда болғанын ертерек кезеңмен байланыстырады. Біз қарастырырып отырған мемлекет пен қоғам бірге өмір сүргендіктен, оларды бір институт ретінде қарастырсақта болады. Уақыт өте келе ғалымдар қоғам мен мемлекеттің айырмашылығын зерттеп түсініп, мемлекет қоғамның бір бөлігі екеніне көз жеткізді. Гегельдің азаматтық қоғам туралы ілімінде адамның басты рөлі функциясы мен жағдайды дейді. Гегельдің пікірінше әрбір тұлға өзі үшін мақсат болып табылады, мысалы: адам ең алдымен қызметі өзінің табиғи, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырады қалғандары маңызды емес. Ол мұндай адамдарды өзімшіл жеке тұлға деп атады. Тұлға өз қажеттіліктерін басқа адаммен болып қанағаттандыра алады деді. Гегельдің айтуынша

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (44.4 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club