Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу

Автор:   •  Октябрь 7, 2018  •  Реферат  •  4,384 Слов (18 Страниц)  •  740 Просмотры

Страница 1 из 18

Дәріс – 1

  1. Кіріспе.
  2. Метеорологиядағы жаhандық және аймақтық өзгерулерге жалпы шолу.

«Жаhандық климат» түсінігі барынша жалпылама түсінік және қандай да бір уақыт аралығындағы жаhандық климат жүйесі күйінің жиынтығын сипаттайды. Жаhандық климат жүйесі бес компоненттен тұрады, олар: атмосфера, гидросфера, криосфера, құрылық пен теңіз беткейлері, биосфера. Осы компоненттердің өзара әсерлесуі ұзақ уақыт ішінде ауа райының тербелуіне әсер етеді және климаттың түзілуі мен оның өзгеріп отыруына ықпал жасайды. Осындай климаттық өзгерулердің спектрі әрқашан да үзіліссіз болып табылады. Бұл спектрдің өзі периодтық және периодтық емес құраушылардан тұрады. Периодтық процестермен байланысты жалпы дисперсиядағы құбылушылықтың (өзгерушіліктің) үлесі соңғы болып табылады, сонымен қатар, жылдық және тәуліктік тербеліс үшін бағалануы мүмкін (амплитудалары белгілі жағдайда).

Тербелістің уақытша масштабты болатындығына байланысты құбылушылықтың әдетте мынадай түрлері ажыратылады:

- микрометеорологиялық құбылушылық – секунд ішінен бірнеше минутқа дейін;

- мезометеорологиялық құбылушылық – бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін;

- синоптикалық процестермен байланысты болатын құбылмалық – бірнеше сағаттан екі немесе үш аптаға дейін. Осы масштабты интервал ішінде жеке болжамдар мен ауа райын және оның өзгеруін сипаттайтын негізгі синоптикалық объектілердің сипаты болуы мүмкін.

- климаттық құбылушылық – үш аптадан бастап онжылдыққа дейін болады. Бұндай масштабтың құбылуы ішкі климаттық тербелістерді сипаттайды. Бұндай масштабтың жоғарғы шекарасын көп жағдайларда шамамен үш онжылдық (яғни - отыз жыл) интервалға тең деп санайды. Яғни, бұдан шығатыны – үш онжылдыққа дейінгі процесс масштабының құбылуы – климаттық өзгеру емес, бар болғаны климаттық өзгерушілік ғана. Ал отыз жылдан асатын масштабты процестерді климаттық өзгерулердің пайда болуы, шығуы деп қарастыруға болады.

Метеорологияда қазіргі заманғы мәселенің бірі саналатын ол – климаттың жаhандық өзгеруі және оның ұзақ мерзімге болжану мүмкіндігі. Соңғы 150 жыл ішінде атмосфераның термикалық режимінің өзгеріп жатқандығына еш күмән жоқ. Атмосфераның жаhандық жылынуы шамамен 1-1,5 градусты құрайды, бұл әсіресе, соңғы 20-25 жылда қарқынды жүріп келеді. Бірақ ол аймақтық және уақытша масштабты сипатқа ие. Бұл мәселенің зерделенуі қазіргі уақытта көптеген елдерде қолға алынғанына қарамастан, нақты түсіндіру қиынырақ, оның үстіне атмосфераның әрі қарай жылынуы жер шарына кері әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, солтүстік теңіздердегі мұздықтардың (мысалы: Гренландияда) мөлшері кемиді, ал бұлай бола қалған жағдайда Дүниежүзілік Мұхит деңгейі көтеріліп, теңіз деңгейінен төмен жатқан жағалаулық аймақтардың барлығы да су астында қалатын болады (Нидерланды, Жапония және т.б. елдер). Алдағы 100 жыл ішінде температура 1-градусқа көтеріліп, бұндай жағдай болар болмасын дәл басып айту қазіргі уақытта айту қиын.

Географиялық ақпараттық жүйе арқылы адамның атмосфераға тигізіп жатқан шаруашылық әрекетін бағалап, болжаудың маңызы ерекше. Ластанған ауамен адам мен жан-жануар, өсімдіктер тікелей ауа жэне су, топырақ арқылы қарым-қатынас жасауда. 'Жердің жылу балансына атмосфера қүрамындағы су буы, көмірқышкыл газы, метан, азот оксиді және т.б. газдардың әсері ерекше. Себебі аталған газдар жер бетінен көтерілген жылуды сіңіріп алып, ауаны жылытады. Атмосфераның төменгі қабаты жер бетінің күннен келген кысқа толкынды сіңіріп, өзінен жылу энергиясын бөлуі нәтижесінде жылу эффектісі қалыптасады.

Жер шарының атмосфера қабатындағы ғаламдық жылыну құбылысы соңғы екі ғасырдан бері байқалып, 1950 жылдан бастап жер беті ауа температурасының орташа жыддык көсеткіші 13,8 °С-дан 14,6 °С дейін артты.

Сондай-ақ жер беті ауа температурасының ғаламдық жоғарылауы мен атмосферадағы жылулык газдардың шоғырлану арасында себеп-салдарлы байланыс бар.

ХХ ғасырда адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде атмосфераның төменгі қабатының көміртегі оксиді, азот, күкірт және т.б. улы газдармен ластануы қарқынды түрде жүруде. Атмосфераны ластаушы улы газдардын негізгі қайнар көзі ретінде транспорт пен өнеркәсіп кәсіпорындарын атауға болады. Атмосфераны ластаушы көмірқышқыл оксидінің жартысы, азот оксидінің 1/4 және көмірсутегінің 19 % автомобиль жаққан түтіннен бөлінеді.

...

Скачать:   txt (65.6 Kb)   pdf (258.7 Kb)   docx (33.4 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club