Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
Автор: GULJAMAL • Февраль 27, 2019 • Дипломная работа • 11,107 Слов (45 Страниц) • 1,234 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Дипломдық жұмыс
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
1. Құқықтық мемлекет мәні және мақсаты
1.1 Құқықтық мемлекеттің мәні және мақсаты…………………………………7
2. Азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық қоғамады жетілдіру – құқықтық мемелекет құрудың негізі…25
2.2 Құқықтық мәдениет және құқықтық сана………………………………….35
2.3 Мемлекет пен жеке тұлғаның арасындағы жауаптылық………………….38
3. Қазақстан құқықтық мемлекет
3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолдары мен мәселелері………………………………………………………………………...45
3.2 Қазақстандық және халықаралық құқықтың арақатынасы…………….....47
Қорытынды………………………………………………………………………51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………54
КІРІСПЕ
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жағаланған. Ертедегі ғалымдар: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон құқық пен мемлекеттік биліктің арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Феодолизм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогресивті оқымыстылар Н. Макиавелли және Ж. Боден айтқан. Н. Макиавелли өзінің теориясында, ертеденгі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде, саясаттың принципін түсіндіреді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштері білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мерейі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті – көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілінде құқықпен тежеулі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттікке жатады. «Заңның күші жоқ жерде – Аристотельдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ». Цицеронның айтуы бойынша «халықтық жұмысы», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп ». Ертедегі Грецияның және Римнің мемлекеттік - құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогресивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді [1,118б].
Қазіргі әлемдегі демократиялық қоғам идеясы құқықтық мемлекет принциптерімен тығыз байланысты. Демократия мемлекет пен құқықтан тыс өмір сүре алмайды. Демократиялық қоғамда құқық ең жоғарғы құндылықтардың бірі болып табылады.
Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелелердің бірі - биліктерді бөлу қағидатын құрушылары Джон Локк пен Шарль Луи Монтескье болып табылады. Ш. Монтескье: « Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір – бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет» деп дәлелдеді.
Г. Еллинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта отырып, сонысымен қоса мемлекеттің өзін - өзі шектеу теориясын ұсынады. Орыс заңгерлері Н.М. Коркунов, П. Н. Новгородцев, Г.Ф. Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.
Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төмендегідей белгілерінен ерекшелінген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:
- Өркениеттің тұрақты дамуының кепілі ретіндегі азаматтық қоғамның – автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің өмір сүруіне қажетті жағдайдың болуы.
2. Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:
а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ;
...