Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зайырлы қоғам және асқақ рух

Автор:   •  Март 31, 2018  •  Эссе  •  523 Слов (3 Страниц)  •  1,776 Просмотры

Страница 1 из 3

«Зайырлы қоғам және асқақ рух»

Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының

іргетасын қалағанбасты құндылықтардың үшіншісі –

зайырлы қоғам мен жоғары руханият.

(Н.Ә. Назарбаев)

Қандай қоғам болса да ол бес негіз арқылы өзін сақтай алады. Ол - діннің, жанның, нәсілдің, мал-мүліктің және ақылдың сақталуы. Ал осы бес негіздің ең бастысы – діннің сақталуы. Дінаралық келісім,үндестік және татулық өзін сақтаумен қатар, қалған төрт негіздің де сақталуына арқау болады. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан бастап, өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Осы ретте зайырлы мемлекет ұғымына тоқтала кетейік. Зайырлы мемлекет – мемлекетті діннен бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты. Қазақстан жері – бүкіл әлемдік діндердің тоғысқан жері. Қазақ халқы діни көзқарасы мен діни наным-сенімі айқын да терең, ұлттық және діни мәдениеті өте жоғары, иманды, имани түсінігі мол әлемдегі санаулы ұлттардың қатарына жатады.

Еліміз тәуелсіздік жариялаған алғашқы сәттен-ақ зайырлы қоғам құру мақсатында көптеген істер атқарды, ал бүгінде зайырлылықты күннен күнге нығайту үстінде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елордасы Астанада 2003 жылдан бастап өтетін «Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің» съездері соның жарқын көрінісі. Съездерге қатынасқан әлемдік және ұлттық діндердің басшылары рухани келісім мен діни төзімділікті орнатуда Қазақстаннан алар тәжірибе мен үлгінің мол екендігін атап өткен болатын. Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Тәуелсіздік алған 26 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен үлкен жетістіктеріміздің бірі, біздің шыққан

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (39.8 Kb)   docx (12.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club