Қазақстанның партиялық жүйесі және азаматтық қоғам институттарының дамуы
Автор: zheks • Апрель 23, 2021 • Лекция • 7,144 Слов (29 Страниц) • 622 Просмотры
1. Қазақстанның партиялық жүйесі және азаматтық қоғам институттарының дамуы.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі шарттары: үкіметтік емес сектордың дамуы, тәуелсіз Баспасөз ақпараттық құралдарының дамуы, дамушы жеке сектор, Қазақстанның партиялық жүйесінің дамуы болып табылады.
Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын, айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» - деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясында өзінің көрінісін тапты.
1993 жылы 1 сәуірде Жоғарғы Кеңестің сессиясында вице-президент Е.Асанбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заң жобасы бойынша баяндама жасады: «Халық қаһарманы» атағы, «Отан», «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, «Алтын алқа», «Күміс алқа» құрметті атақтарын тағайындау ұсынысы қабылданды.
1995 жылы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар Жарлыққа Елбасы қол қойды.
Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған «Қазақстанның болашағы-қоғамдық идеялық бірлігінде»,-деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент Тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп нығаюында қоғамдық ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады.
Қазақстанда КСРО кезінде бірпартиялық жүйе болды. 1985 жылдан кейінгі қоғамды қайта құру, жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрыңғы кездегі жеке Коммунистік партияның үстемдік етуінен бірте-бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге көшу белең алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей байланысты еді. Саяси партиялар – азаматтық қоғамның элементі болып табылады. 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі Социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық «Азат» қозғалысы қалыптасты. Олардың құрылуының басты белгілері – құқық органдарында тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке ұжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақтастықта болу болды.
Бұрынғы атауы | Жаңа атауы | Құрылған жылы | Төрағасы | Мақсаты |
Коммунистік партия | Қазақстан социалистік партиясы | 07.09.1991 | А.Әлімжанов, кейін П.Своик | Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау, әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын орнату, меншік түрлерінің теңдігін қорғау |
Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» | Қазақстан Республикалық партиясы | 1991 жылы қыркүйек | С.Ақатаев | Қазақ ұлтын өркендету, ұлттық-этникалық топтарды жан-жақты дамыту, ұлттық-патриоттық күштерді біріктіру |
| Халықтық Конгресс партиясы | 05.10.1991 | О.Сүлейменов және М.Шаханов | Ел өмірінің саяси аясын кеңейту, ұлттық саяси күштер құру |
...