Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Автор: a_013 • Ноябрь 19, 2018 • Курсовая работа • 3,107 Слов (13 Страниц) • 1,454 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА және БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы
Семестрлік жұмыс №1
Пәні: Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік институттар: саясат, құқық, дін
Мамандығы: 5В100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Тақырыбы: Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Орындаған: Бимырзақызы А. Тобы: СИБк 18-1
Қабылдаған: аға-оқытушы с.ғ.к. Әбдіқалық А.Ә.
__________________ ___________________ «______» _____ 2018ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2018
Жоспары:
- Кіріспе.....................................................................................................3
- Негізгі бөлім...........................................................................................4
Мемлекеттің мәніне азаматтық қоғамның түрлі әлеуметтік және саяси күштері жағынан ықпал етуі..................................4
Азаматтық қоғамның түсінігі мен құрылымы........................10
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасы.....................................................................................14
- Қорытынды...........................................................................................17
- Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................18
Жоспары:
- Кіріспе.....................................................................................................3
- Негізгі бөлім...........................................................................................4
- Мемлекеттің мәніне азаматтық қоғамның түрлі әлеуметтік және саяси күштері жағынан ықпал етуі......................................................4
- Азаматтық қоғамның түсінігі мен құрылымы...................................10
- Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасы...............................................................................................14
- Қорытынды...........................................................................................17
- Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................18
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық іргетасы қаланып, демократияландырудың жаңа кезеңіне шықты. Қазақстан осы заманғы қарқынды дамушы, жоғары сапалы өмір сүруді қамтамасыз етуді мақсат тұтқан мемлекет ретінде алдында адам әлеуетін, азаматтардың іскерлігін, шығармашылық еркіндігін тиімді ұйымдастыру негізінде іске асыруы тұрады. Соңғы кезеңде қабылданған мемлекеттік маңызды құжаттарда көрсетілгендей, қоғамның ары қарай дамуы – саяси жаңарудың негізгі бір бағыты ретінде азаматтық қоғамның дамуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында: «азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерістерге кеңінен тартуға» жағдай жасау демократиялық дамудың негізін нығайтатын әкімшілік реформаны, саяси және сот жүйелерінің дамуы маңызды орын алатыны атап көрсетіледі. Демократиялық реформалардың мақсаты қоғамның саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында нарық экономикасы және демократиялық саяси жүйесі құрылған мемлекетке айналды. Ендігі мақсат осы үрдісті тереңдете дамыту және азаматтық қоғамның институттарын жан – жақты жетілдіру.
3
- Мемлекеттің мәніне азаматтық қоғамның түрлі әлеуметтік және саяси күштері жағынан ықпал етуі
Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам үкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан
...