Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауыспалы егістерді пайдалана отырып, жоңышқадан жоғары өнім алу мақсатында минералды және органикалық тыңайтқыштар жүйесін қолдану

Автор:   •  Январь 22, 2019  •  Курсовая работа  •  11,359 Слов (46 Страниц)  •  919 Просмотры

Страница 1 из 46

КІРІСПЕ[pic 1]

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған 2018 жылғы Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешені экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» деген еді және сол бағытта бірқатар жаңа міндеттер жүктелді. Бұл бірінші кезекте еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығын дамыту мен шикізатты терең өңдеу және экспортқа бағытталған сорттарға қолдау жасау туралы тапсырма. Республикамыздың мал шаруашылығын дамытуда және малды азықпен қамтамасыз етуде жоңышқа шаруашылығының маңызы зор, себебі жоңышқа – мол өнімді, құнды дақыл.

 Шымкент және Жамбыл облыстарының суармалы жерлерінде еікнші үшінші жылы гектарынан 220-250 ц шөп шабылады. Ал, Қызылорда, Алматы облыстарында 150-180 ц, Шығыс Қазақстан, Семейде 60-100 ц. Қарағанды және Павлодар облысының оңтүстігінде 50-60 ц жоңышқа шөбін жинауға болады. Жоңышқа мал азығын өндірудің ғана емес, агротехникалық маңызы зор өсімдік, ол топыраққа көп тамыр қалдықтарын қалдыра отырып онда органикалық заттардың жинақталуы мен топырақ құнарлылығын арттыруға мүмкіндік жасайды [1].

Жоңышқа пішен, пішендеме, дәріменді шөп ұнын, көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқа малазықтық қана емес, агротехникалық маңызы да зор өсімдік, ол топыраққа көп тамыр қалдықтарын қалдыра отырып онда органикалық заттардың жинақталуы мен топырақтың құнарлылығының арттырылуына мүмкіндік жасайды [2].

Жоңышқа топырақты тұзсыздандыратын жақсы дақыл, топырақты су және жел эрозиясына қорғайтын өсімдік ретінде пайдалануға да болады.

Өсіп – өніп кезінде көкптеп дамитын, орғаннан кейін егістікте қалатын аңыздық қалдықтардың және тамырлардың әсерінен топырақтағы қарашіріндінің мөлшері артады, нәтижесінде топырақтың агрофизикалық қасиеттері (құрылымы, қуыстылығы, су қасиеттері) жақсарады, топырақтың құнарлылығы жоғарылайды, топырақ бетінде пайда болатын қабыршақ азаяды, эрозия процестерімен күресу жеңілдейді [3].

Жоңышқа топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартады: тұздануын, жер асты суының деңгейін төмендетеді. Зерттеулерге қарағанда, жоңышқа өскен жерде тұздың мөлшері 7—10 есе, ыза судың деңгейі 1-1,5 метрге дейін төмендейді.

Жұмыстың мақсаты: Ауыспалы егістерді пайдалана отырып, жоңышқадан жоғары өнім алу мақсатында минералды және органикалық тыңайтқыштар жүйесін қолдану.

Жұмыстың міндеттері;

- Шаруашылық жағдайында органикалық тыңайтқыштардың жинақталу жоспары және оларды оңтайлы тарату;

- Ауыспалы егістіктердегі танаптарда және дақылдарға минералды тыңайтқыштардың қажеттілігін анықтау.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Халық шаруашылығындағы маңыздылығы

Жоңышқа пішен, пішендеме, витаминді шөп ұнын, көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 16-20 а.ө., 100 кг жоңышқа пішенінде 50-60 а.ө., 120-200 г протеин және 180-300 кг каротин бар, ал қоректілігі жөнінен ол астыққа теңеседі. Жоңышқа өсімдігінде астық тұқымдастарға қарағанда айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, цистин, гистидин, валин т.б.) 1,5-2 есе көп.

Өсімдікте қоректік заттар әр келкі тараған. Жапырақтарда белок мөлшері 30 % дейін жетеді, сабақтарда – 13 %, гүлдерде - 27%. Жоңышқаның жапырағында протеин мен минералдық заттар сабағына қарағанда 2,5 есе көп, ал клечатка 2-3 есе аз [4].

Сондықтан тек қана бұршық тұқымдас шөптерден жоғары өнім жинап қана қоймай, азықтарды сүрлегенде барлық жапырақтарды толық сақтауға ұмтылу қажет: жапырақ өнімінің 50%-нен артығына ие болатындықтан дұрыс кептірмегенде өте жоғары өлшем шығынымен қатар, өте жоғары сапа шығыны – протеин шығыны – болады. Қандай технологиялар қоректік заттардың барынша толық сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл – пішенді белсенді желдету жолымен дайындау, пішенді тайлау, пішендеме, витаминді шөп ұнын дайындау болып табылады.

...

Скачать:   txt (159.4 Kb)   pdf (493.2 Kb)   docx (74.6 Kb)  
Продолжить читать еще 45 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club