Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарасаздың қарлығашы-қалың қазақ мақтанышы

Автор:   •  Май 28, 2019  •  Эссе  •  771 Слов (4 Страниц)  •  704 Просмотры

Страница 1 из 4

Қарасаздың қарлығашы-қалың қазақ мақтанышы.

Мақатаев бұл жалғанға қалдырған жарық сәуле,

Жырлары халқының басын құрап, елдік пен бірліктің,

Рухани тұтастықтың байрағына айналып отыр.

Ф.Оңғарсынова.

Мұқағали... Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұлан-ғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі. Ол-туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті. Жаратушы иесі тумысынан бөлекше дарынмен даралаған ақиық ақын. Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада өсіп-өнген ол мұңсыз кездерді:

«Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл,

Ойнақ салып, құлын-тай қырында жүр.

Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл,

Іркіт иісі келеді мұрынға бір»,-деп сағына еске алады. Әдебиетке құштарлығының қайран көзі Қарасаздан бастау алған Мұқағали қазақ әдебиетінен өз орнын ойып тұрып алған. Мен үшін де Мұқағали атамыз қазақ әдебитіндегі оқырманды өзіне баурап алатын шоқтығы биік тұлға.

«Мұқағали поэзиясы – ең құдыретті поэзия»,-деген Р. Сейсенбаевтың сөзіне мен толықтай келісемін.Менің де пікірімше, Қазақ әдебиетінің Хантәңіріне айналған біртуар ақынымыз өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа бір биікке көтерді. Қысқа ғана ғұмырында өлмес мұра қалдырып кеткен лириктің менің де жүрегіме жақын өлеңдері жетерлік. Мысалы, «Поэзия», «Махаббат моласы», «Өмір дейтін», «Өмір жайлы», «Жазылар естеліктер...», «Шыда». Оның өлеңдері мен үшін құдды бір көктен 0құйылған, ешқандай мінсіз, кірсіз әппақ нұр іспетті.

Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ екеніне мен шүбә келтірмеймін. Ол өлең боп өмір сүрді де өлең боп жатып үзіліп кетті. Оның өз өмірінде ешкім бағаламағанын, еш құрметке бөленбегенін ойласам өзегім өртенеді. Оның қазір даңқы мен жырлары қазақ даласын бақыт пен мақтанышқа бөлеп жүр.

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (34.7 Kb)   docx (9.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club