Мақтанышым мерейім
Автор: nazdana00 • Октябрь 29, 2018 • Статья • 563 Слов (3 Страниц) • 590 Просмотры
Мақтанышым мерейім
Бүгінгі таңда Аллаға шүкір елімізде жоғарғы оқу орындары мен колледждер баршылық. Өмірде мың түрлі мамандық бар болса, сол мамандықтарды даярлайтын осы білім ордалары. Үйлерінен алысқа шықпаған оқушылар орта білім негізінде 9 және 11 сыныптан кейін өз қалауларымен немесе қарым-қабілеттеріне қарай әртүрлі мамандықтар бойынша оқуға аттанады.
Мен де солардың бірі болып 9 сыныптан кейін Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжіне, филология бөліміне оқуға қабылдандым. Бүгінде менің бұл білім ордасында оқып жатқан үшінші айым. Небәрі үш айда студенттік өмірдің біразын болмаса да,бірегейін біліп, жаңа, тың дүниелермен танысудамын. Мұндағы жаңа оқытушылар, студенттер, үлкен қала, білім жүйесі, оқу бағдарламалары, білікті білім ордасына бірден сіңіп кету, бәрін бір мезгілде жүйелеу І курс студенттері үшін қиындау болғаны рас. Оқудың алғашқы күнінен бастап ерекше стиль мен ерекше тәртіпті қатар жолға қойып, әрбір оқытушылардан және әр студенттен ерекше мәдениеттілікті, білімділікті, алғырлықты, еңбекқорлықты талап етіп, әр тұлғамен қоян-қолтық жұмыс жасауды үйретті.
Колледжіміздегі аудиториялар, Абай атындағы электронды кітапхана, ішкі радио желілері барлығы да толық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіліп,тиімді пайдаланылуда. Оқимын деген әрбір студентке мүмкіндік зор. Мен осы білім ордасына оқуға түскенімді зор мақтаныш етемін. Шамам келгенше білім алып, колледждің мерейін өсіріп, баршаға паш етуді парызым деп санаймын. Себебі: Мен болашақ филолг, болашақ ұстазбын. Ал,«Болашақ бүгіннен басталады» - дегендей бүгінгі елдің болашағы біз болсақ,ертеңгі ел болашақтарын тәрбиелейтін ұстаз біз боламыз.
Бізге ұстазымыз: «Сендердің нашар оқуға еш негіздерің жоқ.Себебі: Сендер ұлы дала ұрпағысыңдар, болашақ педагогсыңдар» -дейді. Әрине мен де бұл пікірмен толықтай келісемін. Сондықтан да біз ұлы дала ұрпағы, егемен ел перзенттері, Тәуелсіз Қазақстан болашағы болғандықтан барлығымыз дерлік жақсы білім алып,оқуды жақсы тәмәмдап, білімді де білікті маман болып шығуға шақырамын. Және колледж әкімшілігін, барлық оқытушылар мен студенттерді тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойымен шын жүрекпен құттықтаймын!
...