Менің университетім – менің мақтанышым
Автор: Sabi23 • Октябрь 20, 2019 • Эссе • 345 Слов (2 Страниц) • 3,452 Просмотры
Менің университетім – менің мақтанышым
ОҚМУ – байтақ еліміздің ең үздік үш жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Ол Оңтүстік Қазақстанның білімін көкке көтеретін университеттерінің бірі және тағдырдың қалауымен, мектепті үздік бітіріп, емтихандар мен ҰБТ аман есен тапсырғаннан кеін мен осы университетті таңдадым.
Әрдайым туыстар қайда түстің деген сұрақ қойғанда, мен басымды көтеріп, Әуезов атындағы ОҚМУ-ға деп, жауап беремін. Шыны керек, мен басында қатты қорыққын болатынмын, университетке құжаттар тапсыруға келгенде, оқу басталуына бір күн қалғанда. Менің ойымда «Маған унайдыма? Мен студенттермен достаса аламын ба? Мұғалімдермен арықатынас қалай болар екен? Оқу киын екен ба?» деп өте көп сұрақтар пайда болатын. Бірақ бірінші күннен бастап-ақ ОҚМУ мені құшағын ашып, жылы күтіп алды. Басында жаңа нәрселерден, өзгерістерден қорқасын, бірақ уақыт өте жатқан сайын, үйреніп, судай сіңіп кетер екенсің. Әрине, ондай нәтижеге жету үшін барынша тырысып, еңбек ету керек. Өйткені университеттік өмір, оқу, өткенге қарағанда мүлдем басқа. Мектепке қарағанда, міндетті түрде, университет қиындау. Алайда, біздің университетімізде мұғалімдер шәкірттеріне түсініспеншілікпен қарайды, көмек көрсетеді. Сонда да, ешқашан қатал болу екенін де ұмытпайды, әділ бағалайды, бар білімін біздерге үйретуге барынша еңбек етеді. Менің тобым түстен кейін оқиды, сол кезде біз студенттер ұйқымызды қандырып, жеңіл, оқуға дайын болып келсек, ұстаздар кішкене шаршаған, бәлкім күштері қалмаған болып, келуі мүмкін. Бірақ, олардың тым күші қалмаса да, олар барынша сабақты түсінікті өткізуге, тапсырмаларды орындатуға тырысады. Біздің мұғалімдеріміздің осы қасиетіне мен өз басымша қатты ризамын. ОҚМУ-дағы өміріміз тек оқумен шектелмейді. Біздің университеттің әлеуметтік орталықтары бар. Мен «Достық» орталығының санына өткен аптада қосылдым. «Достықтағы» жігіттер мен қыздар бізбен кігрен кезден бастап достасып кетті. Олар бір тату отбасы сияқты болып жүреді және бізді де өзінің ортасына қуана-қуана қосты. Біздің университетіміздің тағы бір қасиеттілігі – ол шел тілдерінің дамуына үлес қосу. ОҚМУ- да Франция елшілігі «Француз Альянс» деген курсты ашты. Тек осы курстар Шымкент қаласында француз тілін үйретеді. Менің «Француз Альянсына» баратын досым бар және оның француз тілінің білімі керемет. Қазіргі таңда менің қызығушылығым – испан тілі, бірақ болашақта, екінші курста француз тілін үйренуге жоспар жасадым. «Француз Альянс» ол ақылы оқытатын оқу орталығы. Ал одан тасқары бізде «Тілдер дамыту орталығы» бар. Ол жерде тегін ағылшын, неміс, кәріс, испан тілдерін үйретеді.
...