Менің әулетім – менің мақтанышым
Автор: Алихан Бейсенбаевич • Ноябрь 30, 2018 • Эссе • 312 Слов (2 Страниц) • 3,305 Просмотры
Менің әулетім – менің мақтанышым
Халық даналығы айтады ғой: «Тамырсыз жусан өспейді. Өзіңнің шыққан тегінді білмеу – ол бабаларды сыйламау». Менің әжем айтқандай қазіргі кезде тек алыс туысқандарымен ғана емес, жақын туыстарымен де араласпайтын отбасылар бар, солардың кесірінен ұрпақ байланысы жоғалып барады. Менің ойымша, әр адам өзінің әулетінің тарихын білуі міндет. Әулет деген не? Ол бір атадан таралған тізбек. Әулетті үлкен ағашқа теңесе болады. Сол үлкен ағаштағы бір жапырақ ол – мен. Менің әулетім өте үлкен.«Менің әулетім – менің мақтанышым», - деп мен нық дауыспен айта аламын. Мен «Сеитов» деген текті алып жүрген төртінші ұрпақпын, яғни Сеит атаның шөпшегі болып келемін. Отбасымыздың тарихына келсек көшпелілік қазақтың қанында бар ғой, сол сияқты менің ата-бабаларым Сортөбе деген жерден Ақтерек атты мекенге қоныстанған.
Әжемнің айтқан сөзі біздің әулетке жатпайды, біз алыс туысқандармен де байланыс ұстап тұрамыз. Әкем 13 ағайынды, атам 4 ағайынды, өзім 5 ағайындымын. Байқағандарыңыздай әулетіміз үлкен. Туысқандарымызбен сыйластық қатынасымыз жоғары дәрежеде дамыған. Ауылдағы қара шаңыраққа жиналғанда кәдімгідей үлкен той сияқты көрінеді. Бір атадан тараған, бір қанды алып жүрген адамдар көп болса, не деген бақыт десеңші! Туысқанның өмірде орны бөлек. Солармен ғажап күндерін өтеді. Қиын сәтте сен үшін жігерленеді, ол жандарсыз сенің қараңғы күнін анық көрінеді. Отбасында қуаныш бола қалса, туысқандар әрдайым гүлін алып қуанышынды бөлісуге жетіп келеді. Сыйластықпен әрқашан бір-бірімізге қараймыз. Туысқанмен тату болу әкеміздің бір аманаты болып есептеледі.
...