Мұқағали қазақ поэзиясының – мақтанышы
Автор: 655555555 • Ноябрь 17, 2021 • Реферат • 1,885 Слов (8 Страниц) • 324 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі[pic 1]
Нұра ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Қарой жалпы білім беретін мектебі
[pic 2]
«Жас қаламгер» оқушылардың шағын
ғылыми қоғамы
Бағыты: Қоғамдық - гуманитарлық
Секция: Әдебиет
Тақырыбы:[pic 3]
«Жас қаламгер» оқушылардың шағын
ғылыми қоғамының жетекшісі
З.У.Пшембаева
Жоба авторы: 7-сынып оқушысы
Шуленбаева Диана
Жоба жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі З.У.Пшембаева
2020-21 оқу жылы
Мазмұны
- Аннотация ____________________________________________3
- Зерттеу кезеңі _________________________________________4
- Кіріспе
Мұқағали қазақ поэзиясының – мақтанышы ________________ 5
- Зерттеу бөлімі
- Халықтық дәстүр- ақын өлеңдерінде______________________ 6-8
- Нақыл сөздерге арналған Мұқағали өлеңдері _______________9-10
- Қорытынды
Мұқағали поэзиясы – қымбат қазына______________________11
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі _______________________ 12
- Пікір ________________________________________________ 13
Аннотация
Бұл ғылыми жұмыста Мұқағали Мақатаевтың өз өлеңдеріне қазақтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздерін арқау еткені жайында қарастырылады. Зерттеу жұмыстарына осыған байланысты ақынның бірнеше өлеңі іріктеліп алынып, оларды дұрыс үйлестіруге көңіл бөлінді, өзіндік жақтары ашылды. Ғылыми жобада Мұқағали ақынның нағыз талантты ақын екендігін, оның шығармаларының өміршең екендігін таныту.
В этой научной работе рассматривается использование Мукагали Макатаевым в своей поэзии элементы казахских национальных традиции и пословиц-поговорок. Для исследования были выбраны несколько стихотворении с общей тематикой и раскрыты своеобразие стиля писателя.
Ғылыми жұмысымның басты мақсаты – ақынның қазақ поэзиясындағы қазақтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздерін жас өскелең ұрпаққа паш ету.
Міндеттері:
- Ақын жырларына жан- жақты талдау жасау және халықтың салт – дәстүрлерін қалай арқау еткенін анықтау;
- ақын поэзиясындағы нақыл сөздерді, яғни афоризмдерді талдау;
- Мұқағали Мақатаев поэзиясының құндылығын жас өскелең ұрпаққа паш ету.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Мұқағали халық ақыны. Оның өлеңдерімен келер ұрпақ сусындап өсуі тиіс. Мұқағали Мақатаев поэзиясының құндылығын жас өскелең ұрпаққа паш ету- басты міндетіміз болса, сол міндетті шешуге өз үлесімді қосу менің де парызым. Сондықтан да біздің ауданымызда жыл сайын Мұқағали оқулары өткізілуі керек. Әйтсе де Мұқағали өлген жоқ, оның мұрасы халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Мұқағали мұрасы мәңгілік.
Гипотеза:
Егер әр бала Мұқағалидың әрбір өлеңінің мәнін түсіріп, оларды талдай алатын болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Күтілетін нәтиже:
- Жобаны жазу кезінде Мұқағали өлеңдерімен жіті таныс болу.
- Әрбір өлеңнің бағытын анықтап, жоба тақырыбына сай өлеңдерді іріктеу.
Кіріспе
Мұқағали Мақатаев... Осы есімді айтқанда көңіл шіркін сан құбылады. Өйткені мен Мұқағали өлеңдерін оқып, жаттап өстім. Алғаш шәкірт атанып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ Мұқағали өлеңдерімен таныстым. Мұқағали деп аталатын ақын барын естіп, оның өлеңдері санамнан бір сәт кеткен емес. Балалық бал дәуреннің қызығымен бірге бойға сіңген ақын өлеңдері жан дүнием мен ой-санамды түгелдей билеп алғандай еді. Мұқағали өлеңдерін оқи отырып балалықпен қоштастым, Мұқағали өлеңдерін оқи отырып кеудеме сыймай аласұрған алғашқы сезіммен де арпалыстым. Мұқағали өлеңдерін оқи отырып әлемде махаббат деп аталатын сезім мен құдіреттің барын ұқтым. Қуансам қуанышымды бөлісетін, қапалансам қайғыма ортақтасатын Мұқағалидың өлеңдері еді. Тіпті көзге жас, көңілге мұң ұялаған сәттерімде қолыма ақынның жыр- жинақтарын алатын едім. Қолыма алып өз көңіл- күйімді дөп басатын өлең жолдарын асығыс іздей бастайтынмын. Оны көп іздеп әуреге де түспейтінмін. Өйткені жыр шумақтары үнемі мендегі өзге түгіл өзіме де түсініксіз жүрек дүрсілімен үндесіп жататын. Сондықтан да мен Мұқағали жырларын тек қана оқып қоймай, оның өлеңдеріндегі халықтық дәстүрді, нақыл сөздерді білуге құмарттым. Өйткені қазақтың салт- дәстүрлері ақын поэзиясында өзіндік орын алады.
...