Менің атам Асымхан Айтқалиұлы-менің Мақтанышым
Автор: erlanbayandy • Ноябрь 26, 2023 • Реферат • 619 Слов (3 Страниц) • 180 Просмотры
Менің атам Асымхан Айтқалиұлы-менің Мақтанышым.
Асымхан атамды, есімді білгелі - жақсы көретұғым. Атам Алтай тауының бөктерінде,Төсқайың ауылында Базиля апам мен бірге, бізді құшақ жая қарсы алатын. Жаз айы болып, жылқы жайлауға шыққанда, киіз үйді тігіп, барлық немерелерді шақыратын. Таза ауада жүріп,саумал ішіп,күзгі сабаққа барғанша күш жинаңдар дейтін. Ата мен жайлауда өте қызықты болатын. Барлығымыз ойнап, тауға шығып қарақат пен жидектер теруші едік. Ата барлығымызды өте жақсы көріп, бізді еркелететін. Бізбен қалжындасып ойнап, күлетін. Атам қонақ жайлы адам еді. Көрген кісінің бәрің үйге шақыратын. Оның әдеті сол еді. Біз апамызбен күнде тамақ дайындап, келген барлық қонақтарға тамақ беріп, разы етіп шығаратынмыз. Сондықтан атаға Шақырбай ата немесе Қайырымды бұрқымқай деп атау қойғанбыз.
Атамыз - ғалым зоотехник. Ол кісі «Асыл тұқымды етті - Қаба типті» деген жылқы тұқымын шығарған. «Советский тяжеловоз» жылқы тұқымын Ресейден әкеліп, жергілікті «Жабе» тұқымды жылқыларымен бұғатқан. Жергілікті аязбен қарға шыдамды, қыстай тебінмен шығатын, салмағы 500-700кг-ға дейін жететін «Асыл» тұқымды жылқы типін шығарды. Көп жыл совхозда жұмыс істеп ғалымдықты қатар алып жүріп, Ресейдің Рязань қаласында қорғап «Ауыл шаруашылығы ғалым-зоотехнигі » атағын алды.
2000 жылдан бері 12 жылдай аумалы-кетпелі заманда, бәрі қирап, ауылдан бәрі көшіп кеткенде Асымхан ата көшпей, ауылда қалып, Төсқайын ауылдық округінде әкім болып жұмысын атқарды. Жол жоқ, мектеп жоқ, ақша жоқ. Өте қиын кез болған. Оқушылар ауылда қаңырап қалған 4-5 жерде оқитын. Бір жиналыста халыққа айтып, ауылдастардың қолдауымен, жанып кеткен мектептін орнына, жана мектепті саламыз деп шешім қабылдады. Ауыл азаматтары әр үйден 2-3 тақтайдан жинап, жаз бойы мектеп салды. Шамалары әбден біткен кезде ауданға, облысқа барып аздаған қаражат бөліп, мектеп салуды бітірді. Жігіттер мен бірігіп неше көпірлер, ауруханалар жөндетті. Барлық көшелерге жарық орнатты. Әйтеу ата күні түні шабуылмен, жол жүрумен болған. Күршім аудан орталығы алыста, жол жоқ қарды күреп жүріп ауданға қатынайтын көрінеді. Мұқым қаба өлкесінің мұн-мұқтаж документтерін сүйреп 2-3 күн жүреді екен. Не барар жерлері жоқ, жолдың жағдайы да мәз емес. Қалың қарды күреп шыққан тракторлармен өзі бірге жүретінің Базиля апам жиі айтатын. Бензин оқыстан жоғалып кетсе жолсыз қаламыз дегендей, Төсқайынға жолды ашып келген тракторларды үйге әкеліп, түсіріп, күтіп жібереді екен. Ертеніңде қамалып жатқан машиналар қаздай тізіліп жолға шығатын. Мен сол кезде казіргі жасымнан да кішкентай болған едім. Мұнын бәрін менің апам Базиля жане анам Анар әнгімелеп айтып отырғанда естігенмін.
...