Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы

Автор:   •  Декабрь 21, 2023  •  Лекция  •  593 Слов (3 Страниц)  •  95 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы ХІХ ғасыр соңында орыс грамматикасының қалпына салып қарастырған Ресей ғалымдарының ізденістерін қоспасақ, төл тілтануымызда бір ғасырдан бері зерттеліп келеді. Қомақты табыстары да жеткілікті, талдаудан тыс қалған жайтта- ры да баршылық. Табыстарына тоқталар болсақ, қазақ тілі синтаксисін дəстүрлі құрылымдық аспектіден зерттеген бірнеше іргелі еңбектерді алға тартуға болады. Жекелеген зерттеулерді былай қойып, ана тіліміздің синтаксисін қамтыған академиялық үш грамматиканың өзі – толағай та- быс. Алғашқысы – 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» оқу құралы ретін- де жазылып, синтаксистік құрылымның түзілісін сипаттап берді. Екін- шісі – 1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасы» қазақ тіліндегі сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің құрылымдық парадигмасын ортақ тоқтамдарға тоғыстырған академиялық грамматика болды. Соңғы үшін- шісі – 2002 жылғы «Қазақ грамматикасы» - сипаттамалы жəне норма- тивті грамматика. Академиялық грамматикаларды дайындау тəжіри- бесінде сипаттамалы грамматика деп, əдетте, жай, тіркемелік бағыттағы сырт сипаттаманы айтады. Жəне олардағы бұл ғылыми сипаттама мін- детті түрде нормативті саралаумен үнемі сабақтасып жатады. Бұл дəстүр, мүмкін болғанша, «Қазақ грамматикасында» да сақталды: қазақ əдеби тілінің грамматикалық құрылысының сипаттамасы да солай ғылыми не- гізге құрылды (яғни, онда түрлі теориялық мəселелерді шешу, тіл фак- тілерінің ғылыми жүйеленімі сияқты міндеттер көзделді жəне граммати- каны жалпы нормативтік бағытта жазу жағы да ескерілді) [1]. Байқалып тұрғандай, норматив шегінен шықпау мен сипаттама жасау дегеннің өзі зерттеуді дəстүрлі құрылымдық парадигмамен өрелейді.

Міне, көрсетілген сипаттардың ықпалымен қазақ

лық.

Еңбек – қазақ тілінің дəстүрлі синтаксисіне сүйене отырып тіл синтак- сисі кешенінің басқа да парадигмаларына барлау жасаудың алғашқы бір талпынысы. «Басқа парадигма» дегенде, ең алдымен, синтаксистік бір- ліктердің аспектілерін, əр деңгейдегі бірліктерінің құрылымымен қоса, сол бірлік бойындағы басқа қырларын, басқа қызметтерін еске аламыз. Осыған орай, монография шартты түрде «Дəстүрлі синтаксистік пара- дигмалар» жəне «Коммуникативтік-прагматикалық парадигмалар» деген екі бөлімге бөлініп құрылды.

Теориялық толғамдардың жүзеге асуын, оқытуда пайдаланылуын көз- деп əрбір түйінді тақырыптар мазмұнының соңынан білім алушыларға арнап семинар сұрақтары, өздік жұмыс тапсырмалары орналастырылды, əдебиеттер тізімі берілді.

Оқырманға оқшау көрінер кейбір тұстарым түсіндіре кетейік.

Дəстүрлі оқулықтар мен басқа да еңбектерде хабарлы, лепті, сұрау-

лы, бұйрықты сөйлемдер айтылу мақсатына қарай бөлінетін

...

Скачать:   txt (9.2 Kb)   pdf (46.2 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club