Хандық дәуір әдебиетіндегі ерлікті жырлау дәстүрі
Автор: gulnurymkar • Январь 30, 2022 • Реферат • 1,153 Слов (5 Страниц) • 356 Просмотры
Хандық дәуір әдебиетіндегі ерлікті жырлау дәстүрі.
Ғасыр көшінде қанға толы қасіретті қаншама дәуірдің тарихы бар Алтай мен Атырау арасын байланыстырып жатқан қазақ ұлтының пайда болуынан бастап, күні бүгінгі егемендікке дейінгі тарихына көз жіберсек, қасқыр мінезді қайсар халықтың бастауы саналатын сонау XV ғасырдың екінші жартысына ораламыз. Аждаһадай аузы алты қарыс Көк Ордадан өз жұртшылығын бөліп алып, Жетісу жеріне өз туын тігіп, бас көтерген Керей мен Жәнібектің қараңғы қапастағы қара халыққа бірі май-шам, бірі бағыт бола білгені бүкіл жұртшылыққа мәлім. Бір ұлттың басын бір ұшы қауіп, бір ұшы бостандық деп аталатын тәуекелге байлап, халық сенімін көтерген бұл ұлы көштің жағдайы қай кезде болмасын баянды не сәтті, не оңай бола қойған жоқ. Себебі, қашан да ел шетіндегі жауға да, дауға да, ұры мен қарыға, пайдакүнем шет жұртқа да, арандатушы бөспелерге де төтеп берер жалғыз байрақты, қорғансыз болса да жүрегінде көк түріктің түгі бар батыр мен халықтан тұрған Қазақ хандығы сүреңсіз һәм соқпақсыз жолда жан пида еткені, қасарысып, қан төгілгенше жауымен айқасқаны тарихтан белгілі. Сол заманның сипаты аш қорқаудың нені болса да жемтік етіп, таптап өте шығатын қарабайыр халықтың сенісерге жан таппай қанталап, қанауда жүрген кезі деуге әбден болады. Даланы қорқаудай кезген Ойраттармен бетпе-бет келуге саптағы қазақтың қарасы жоқтың қасына айналып, қорғансыздықтың хәлін кешкен заманның ауырлығы тарихтан анық. Осыншама ұлы байтақ қазақ даласында жеке дербес қазақ хандығының құрылуы қай жағынан болмасын қауіпке айналып, жарым көңіл бостан халықтың иығыөна түскен жүк, қолына кісен болғаны да ақиқат. Жан-жағынан тайталасқан “өңкей қиқымдар” жаңадан ту көтерген қазақ хандығының шаңырағын ортасынан түсіріп, ошағын бұзып, түтінін біржолата өшіруді, тынысын тарылтып, тұншықтыруды көздеді. Тарих шежіресінде қазақ ұлтының бас көтергенінен бүгінгі тәуелсіздікке дейінгі қазақ шаңырағына 550 жыл. Йә, аз уақыт емес! Небір сұмдықтың сүреңсіз жолын жүріп өткен қазақтың тарихы қиын да, қыспақ кезеңдерден құралған. Міне тарихы мен тегі текті, еңсесін тіктеген, сол сөз үшін досқа айналып, сол сөз үшін ант-су ішіскен досқа айналған да қазақ. Мінез болмысы биіктіктен, ар-намысы тәкаппарлықтың тізгінінен болуы да осы тектілігінен! Өрлігінен!
Қайсар мінезді қазақ ұлтының XV—XVII ғасырлар тізгініндегі рухани һәм мәдени өркениеті өткен ғасырлардың ең қымбат дәстүр, дінімен тікелей байланысты болып, сабақтаса тізгінделді. Қазақ әдебиетіндегі халық ауыз әдебиетінің шоқтығы биік, жетер жеріне жетіп, толысқан шағы осы - қазақ хандығы дәуірі екендігі баршаға уәлім. Бұл дәуірде ауыз әдебиеті айтарлықтай жетілді, байыды. Бұл ғасырларда туған өлең-жырлардың барлығы дерлік тарих жағынан шындық көзделген, заманның ақиқаты мен сұмдығын, арамдық пен адалдықтың, жоңғар-қазақ шайқастары сынды елеулі мәселелермен құнды болып табылады.
Дербес хандық құрылған сәттен бастап халық пен билік жүйесінің өзіндік заңдары, өзіне ғана тән ерекшеліктері, әдебиеті һәм мәдениеті қалыптаса бастады. Айқындасақ, «Құтты білік», «Ақиқат сыйй», «Жылнамалар жинағы» іспетті он алтыншы ғасырдың мәдени мирасқорларының түпнұсқасы қазақ тілінде жазыоғандығы анық дәлел болып табылады. XV—XVII ғасырларда заман ақиқатын жырлаған ақын, жыршы, жыраулардың құнды поэзияларын бір жағынан ауыз әдебиеті, екінші жағынан тарихи жазба, дәйек, дерек деуге әбден болады. Хандық дәуір әдебиетінің тұңғыш өкілдері - сонау Дешті Қыпшақтың құрмет-қошеметіне бөленген Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған. Қодан-тайшы, Бұқар секілді өткір ауызды, қылып түсер қылыш сөзді, ханнан да қарадан да сескенбейтін жырауларды айтуға әбден болады.
Тарих қай уақытта болмасын өз ұрпақтарының ерлігі мен қайталанбас кезеңдерімен қымбат. Тарих болашақтың сарапшысы. XIV ғасырда өмір сүрген алғашқы жыраулардың бірі Сыпыра жырау Қазақстанның батысын тұрақ еткен түркі тайпасынан шыққан орақ ауызды, ноғай-қазақ ауыз әдебиетінің негізін салған жырау. Дешті Қыпшаққа атағы жайылған сөззергері атанған жыраудың жырлары өкінішке орай қазіргі уақытқа дейін түгелдей толық сақталмаған. Аты мәшһүр Мұрын жырау Сыпыра жырауды өзінің ұстазы санап, қастер тұтқаны да белгілі. От ауызды ауыз әдебиетінің өкілі өзінің қайсы бір толғауында болмасын ұлт басына ауыр зіл түскен мезетті тасадан тыс жібермей ақиқатын айта білген. Сол заманның бейнесін жырлаған тарихи шығарманың арқауы болған Тоқтамыстың тәкаппарлығы мен Едігенің билік басына талас-тартысы, Едігенің елден қашып, жат жерді пана көруі, сол заманғы ноғай жұртының мүшкіл хәлін жырлайды. Сол оқиғада не істерін білмей, сасқан жұртшылық әбден қартайған от ауызды жыраудан кеңес сұрай келеді.
...