АҚШ-тың салт-дәстүрі
Автор: sakonti • Сентябрь 27, 2018 • Реферат • 418 Слов (2 Страниц) • 2,242 Просмотры
АҚШтың салт-дәстүрі
Америка Құрама Шттарының дәстүрін зерттей келе менің түсінгенім, бұл жерде түрлі тайпалар жан-жақтан келіп орныққандықтан, 1600 жылдары коллонизациялау болғандықтан, түрлі мәдениет пен салт-дәстүрдің тоғысқан ортасы болып табылады. Жалпы салт-дәстүр дегеніміз әр ұлттың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы деп білемін. Сол себептен де, АҚШтың ғұрыптарын тереңірек ұғыну үшін, бұл елдің тарихына көз жүгіртпесек болмас.
Бұл ретте мен Дэниел Маккернидің «АҚШ елінің тарихы» атты кітабын алып қарадым. Ол жерде АҚШтың ежелгі тұрғындары үндістердің, Юкатан түбегінен келген майялықтардың, Мексикадан келген ацтектер, Перуден келген инктер, сондай-ақ Еуропа мен Азиялықтар АҚШқа өз әдет-ғұрыптарын ала келгендіктен, нақты бір дүниемен шектелу мүмкін еместігі айтылады. Менің оқығаным бойынша,ежелгі Америкалықтарда политеистік яғни «көпқұдайлылық» сенім болған екен. Үндістер өздерін жанды зат қоршап тұрғандығына өте қатты сенген, бірақ әр жыл мезгілінде, әр ауа райында түрлі құдайларға табынғандықтан, діндері әмбебаптылығымен ерекшеленбеген. Ал қазіргі күнде, АҚШта 250 ден астам діни сенімдер бар, олардың ішінде христиан діні басым. Халықтың 3 пайызы иудаизм ұстанса, соңғы кездері қара нәсілділер арасында ислам діні кең етек алып келеді.
Ендігі кезекте, АҚШтағы баршаңызды таң қалдыратын дәстүрлерге тоқталсам. Мәселен, АҚШта неке қию рәсімі үйлену тойынан жарты жыл бұрын өтеді екен. Және автобустарда үлкен кісілерге жастар орын бермейтін көрінеді.
...