Балаға ат қою дәстүрі тақырыбы бойынша жүргізілген эксперимент жұмыстары мен оның нәтижелері
Автор: sagumbaeva • Декабрь 15, 2018 • Курсовая работа • 5,250 Слов (21 Страниц) • 1,291 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3-4
1. ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ НАСИХАТТАУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
- Ұрпақ тәрбиелеудегі қазақ халқының салт-дәстүрлерінің маңызы..................5-6
1.2 Жеті жасқа дейінгі балаға байланысты дәстүрлер............................................6-10
1.3 Балаға ат қою дәстүрі және оның бала өміріндегі маңызы............................10-11
2. ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
- Қазіргі балаға ат қою салт-дәстүрлерінің бағыттары.....................................12-17
2.2 Балаға ат қою дәстүрі тақырыбы бойынша жүргізілген эксперимент жұмыстары мен оның нәтижелері..........................................................................17-20
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................21
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ........................................................................................................22
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір халық тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрімен ерекшеленді. Әр халықтың мәдениеті мен салты әр басқа. Ата дәстүр, салт-дәстүрді, жора-жоралғыны қатаң ұстап, жоғалтпай келе жатқан халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға бай халық. Сол салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халық тұрмыс –тіршілігінің өн бойына ғасырлар бойы тамыр тартып, қандық қасиетіне сіңіп, өшпей, жоғалмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бүгінгі заманға жетіп отыр. Аталмыш салт-дәстүрлердің ішінде баланың жеті жасынаа дейін орындалатын салт-дәстүрлердің маңызы айрықша.
Бала – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған.
Қазіргі дамыған қоғамымызда ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті проблемалар өте көп. Ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталады. Біз қазіргі кезде ұлттық тәрбиені күшету керекпіз. Осы тұрғыда балаға ат қою мәселесі бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірі. Ата салтымыз ат қою дәстүріміздің бағыты өзгеріп бара жатқаны да белгілі. Сол себепті ғылыми жоба жұмысында балаға ат қою дәстүрлерін зерттеп, қарастыруды жөн көрдік.
Ғылыми жоба жұмысының мақсаты – жаңа туған сәбиге ат қою да орындалатын салт-дәстүрлердің маңызын қарастыру.
Осы мақсатына жету барысында төмендегідей міндеттер шешу қарастырылды:
- Баланың жеті жасына дейін орындалатын салт-дәстүрлерді қарастыру;
- Балаға ат қоюдың ата дәстүрін зерделеу;
- Қазіргі балаға ат қою дәстүрін зерттеу;
- Бала есімінің маңыздығын ашу;
- Эксперимент жұмыстарын жүргізу, қорытынды шығару.
Зерттеу объектісі: салт-дәстүр және бала есімі
Зерттеу болжамы. Егер, балаға ат қоюда ата салтты, дәстүрімізді ұстансақ, саналы ұрпақ тәрбиелентініміз анық.
Жоба жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Жоба жұмысындағы деректерді қазақ, ана тілі, тіл дамыту сабақтарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Жоба жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және эксперимент нәтижелерінен, қорытынды, әдебиет тізімінен тұрады.
...