Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Автор: Assan99 • Март 5, 2018 • Реферат • 9,339 Слов (38 Страниц) • 1,523 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Байжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық
Секциясы: Қазақстан тарихы
Оқушының аты-жөні: Бірлікбай Айгерім
11 «Ә» - сынып оқушысы
Жетекшісінің аты-жөні: Тұралықызы Еңлік
Қаскелең қаласы, 2016 жыл
Мазмұны:
I Кіріспе
II Жұмыстың зерттеу бөлімі
1-тарау
1.1. Хан болу жолы
2-тарау
2.1. XҮI-ХҮІІ ғасырлардағы мемлекеттік және құқықтық өмірде болған өзгерістер
2.2. Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
2.3. Есім мен Тұрсын арасындағы жанжал
2.4. Қазақ хандығының этносаяси құрылымындағы тарихи жарықшақ
3-тарау
3.1. Есім ханның тұсында «Алаш» атауының жауға қарсы шабар ұранға айналуы
3.2. Есім ханның тұсындағы өзгешеліктер
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша материалдар
Күнделік
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Айбын. Қазақ хандығы: энциклопедия /бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы, 2011.
2.Елешева З. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы ант: [Қазақ және қырғыз шежірелері негізінде] /З. Елешева //Қазақ тарихы. - 1999. - № 1. - 18-22 б.
3.Есім хан //Қазақтар: көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. - Алматы, 1998. - Т. 2. Тарихи тұлғалар. - 74-75 б
4. Есім хан //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия. – Алматы, 2006. - 20-25 б.
5. Есім хан және оның заманы //М. Мағауин Қазақ тарихының әліппесі /М. Мағауин. - Алматы, 1995. - 42-52 б.
6.Қазақ хандығы //Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. — Алматы, 2002. - 40 б.
7. [Қазақтың қазіргі жері Қасым хан мен Есім ханнан қалған] /Т.Омарбеков/Аңыз адам, №18(126) қыркүйек 2015.
8. И.Есенберлин /[Жанталас романы].
9. Махмуд Уәли/ [Бахр Ал-аср]/6-том, 4-бөлім.
10. Ә.Марғұлан/[Еңсегей бойлы ер Есім] мақаласы.
«Байжанов атындағы орта
мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
11 «Ә»-сынып оқушысы
Бірлікбай Айгерімнің
«Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы»
атты ғылыми жобасына
Пікір
Қазақстан тарихы секциясында ұсынылып отырған Бірлікбай Айгерімнің «Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Тақырыпты жан-жақты зерттеген. Есім хан тұсында Қазақ хандығының этносаяси құрылымындағы тарихи жарықшақтың не себептен пайда болғандығын зерттеп деректерді жинақтап өз ойы мен пікірін қоса білдіріп отырған. Қ. Жалайыр шежіресін пайдаланып сол замандағы «Алаш мыңы» атанған өзбек қауымы үш ұлыс алаш, екі ұлыс қатаған болып екіге бөлінгендігін ашып көрсете білген. Зерттеу бойынша Есім мен Тұрсын хан арасындағы жанжалдың басты себептерін көрсете білген. Есім хан тұсында Қазақ хандығында саяси тұрақтылықтың қалыптасқандығын айтқан. Есім ханның тұсында Қазақстан территориясының толығымен қалыптасып бітуін, көрші мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болғандығының дәлелдерін келтірген.
...