Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақан сері. Өмірі мен шығармашылығы

Автор:   •  Апрель 27, 2023  •  Реферат  •  2,089 Слов (9 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 9

1-видео бойынша:

1. Көкшетаулық 4 композитор:  Ақан серінің ақындық пен әншілігінен бөлек, оның ұлы композитор екендігі айтылады. Қазақтың классикалық музыкасының негізін қалаған Көкшетаулық 4 композитор: Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ. Көктешатулық 4композиторға дейін де талай тұлғалар болған. Мысалы, Біржаннан бұрын ән шығарған Құлтума деген ақын болған. Ол туралы Сәбит Мұқанов: «Көкшетау, Көкшетау дейсіздер, негізі сал-серінің салтанат құрған жері Ақмола емес пе?»,-деген екен. Яғни Құлтума Ақмала(Қорғалжын) өңірінің тумасы болған. Бірақ әрине нағыз мойындалғандар ол осы Көкшетаулық 4 композитор екені белгілі. Олардан бөлек халық арасына танылған Баянауылдық Жаяу Мұса, Естай шығаршылығы, Қарқаралылық Мәди, Әсет шығармашылығы халық музыкасында ерекше орын алған.  

2. Өмірі мен өнері ертегі Ақан мен оның шын аты: Ең алып, музыкасы өте терең, сыршыл тұлға ол әрине – Ақан сері Қорамсаұлы. Ол туралы Мағжан Жұмабаев «өмірі мен өнері ертегі» деп баға берген. Оның шын аты Ақжігіт болған. Бұл атты оған бекер бермеген екен. Ата-анасы баласы болмаған соң, әулиенің басына барып сұрап, тілеп алған баласы болған соң осылай қойған екен. Ержан Төлеутайдың айтуынша, атты әкесі азан шақырып қойғанымен, бәрібір анасының атағанымен аталып кететінін байқаған екен. Мысалы: Абайды  Ибраһим деп емес, анасының атағанымен Абай деп, Шоқанды да Мұхаммедқанафия деп емес, Шоқан деп атап кеткен. Сол секілді Ақанды да анасы еркелетіп Ақан деп атап, содан Ақжігіт аты ұмытылып, Ақан атанып кеткен екен.

3. Ақан өлеңдерінің поэтикасы мен тілінің шұбарлығы: Ақан сері сұлулыққа, әдемілікке құмар болаған. Әндерінде сол әсемдікті бейнелеген. Сол үшін де Мағжан Жұмабаев Ақан серіні барынша дәріптеп, мақтап тұтқан. Дегенмен де оның өлеңдерінің тіліне тиіскен. Себебі, Ақан араб, парсы тілдерін білген. Соның әсерінен тілі шұбарланып кеткен. Бірақ Ақанның өлеңінің тілі шұбар болғанмен, әнінен нағыз қазақилықтың иісі аңқып тұрады. Себебі ол кезде әннің өзі бөгде тіл элементтерін қабылдамаған. Ал қазір біз сыртқы экспанцияның құрбаны болып, әндеріміз біраз бүлініп кеткен.

4. Ауыр тағдыры мен Балқадиша әнінің тарихы: Ақан серінің бізге 60-қа жуық әндері жеткен. Бірақ соның ішінде ең танымалы, халық жүрегінен орын алғаны – «Балқадиша» әні. Оның танымалдылығының сырын Ахмет Жұбанов музыкалық тілінің өткірлігінен деген. Мағжан Жұмабаев: «Ақан сері 30 жасқа дейін өмірі гүл жайнады, 30 жастан кейін күлге айналды», - деген. Ақан 30 жасқа дейін 4 рет үйленеді. Фатима да, Үрқия да қайтыс болады. Үрқияға дейін сөз байласқан Ақтоқты есімді қыз болады, бірақ оның орнына Үрқияға үйленеді. Үрқияның өлімінен соң Ақтоқтытыға қайтып барады. Қыз оны қабылдамаған соң, оны басқаға ұзатылар кезінде алып қашады. Ақыры тығырыққа тірелгенде, «маған да жоқ, оған да жоқ» деп қызды пышақпен жаралап, тастап кетеді. Бұдан кейін сүйікті тұлпары Құлагерден айырылады. Құстары да қартайып өледі.Осының бәрі ауыр тиіп, өмірден баз кешеді. Оның үстіне ол заманда молдалар осы сал-серілерге қас болған. Себебі, олар бүкіл халықтың махаббатына, құрметіне бөленген. Содан молдалар кезінде  Біржан салды да есінен адасты деп, қинап өлтірген екен. Енді олар Ақан туралы жалған өсек таратады. Ақан перімен бірге екен, онымен бірге Қосөзенде тұрады екен дейді. Халық соған сеніп, Ақаннан безе бастайды. Сөйтіп бір күні Ақан Балқадишаның ауылына шілдеханаға келеді. Барлық қыздар одан қашқақтайды. Сонда тек Балқадиша ғана оған ыстық ілтипат көрсетеді. Ақан сері оларға ән салып береді. Бұл жаңалық Балқадишаның ағаларына да жетеді. Олар Балқадишаны әкелуге әйелдерін жібереді. Екі жеңгесі келіп, қайтаруға тырысса да, Балқадишаның қайтсы келмей, Ақанды, оның әнін қимайды. Сонда Ақан осы әнді шығарады. Әрине бұл әннің сөздеріқазір өзгеріске түскен. Бастапқы нұсқасында сексендегі шал туралы болмаған. Себебі, Балқадиша өз теңіне тұрмысқа шыққан.

...

Скачать:   txt (24.3 Kb)   pdf (101.7 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club