Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Операциялық тұтқаның әсері. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару

Автор:   •  Март 26, 2022  •  Реферат  •  2,336 Слов (10 Страниц)  •  386 Просмотры

Страница 1 из 10

Операциялық тұтқаның әсері. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару

   Дәріс мақсаты:   

   Қаржы менеджментінің фирманың ағымдағы шығындарын басқару нәтижелерін талдау және алынған қорытындыларды негіздеу механизмдерін меңгеру. Операциялық тұтқаның іс-әрекет ету механизмін талдау.

          Дәріс жоспарлары:

  1. Операциялық тұтқаның  түсінігі
  2. Операциялық тұтқаның іс-әрекет ету механизмі: залалсыздық талдауы, залалсыздық кестесі, залалсыздық нүктесін есептеу, жоспарлы операциялық пайданы есептеу
  3. Операциялық тұтқаның күші
  4. Қаржы беріктігінің қоры

1. Операциялық тұтқаның түсінігі

        Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның әл-ауқаты (қаржылық жағдайы) алынатын пайданың көлеміне байланысты болады. Компанияны басқару құралдары мен оның баланстық пайдасына ықпал ету құралдарының бірі операциялық тұтқа болып табылады. Ол өзіндік құнның өзгеруі мен өнімді шығару көлемінің өзгеруі нәтижесінде экономикалық пайданы бағалауға мүмкіндік береді. Қаржылық менеджментте, "тұтқа" деген термин, қандай да фактордың (бұл жағдайда, өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы) өзгеріске ұшырауы, нәтиженің едәуір өзгеруіне әкелетіндігін білдіреді (операциялық пайда мен салынған қаражаттың табыстылығы).

        Операциялық тұтқа (оның құралы - тұрақты және ауыспалы шығындардың арақатынасы) операциялық және таза пайданың көлеміне әлеуетті ықпал етудің мүмкіндігін сипаттайды (бүкіл капиталдың қайтарымдылығы). Бұл көрсеткіш заласыздық аймағын есептеумен тығыз байланысты, яғни нөлдік операциялық пайданың нүктесі (жалпы табыстар жалпы шығындарға тең).

2. Операциялық тұтқаның іс-әрекет ету механизмі: залалсыздық талдауы, залалсыздық кестесі, заласыздық нүктесін есептеу, жоспарлы операциялық пайданы есептеу

        Операциялық тұтқаның іс – әрекеті, өнімді өткізуден түсетін түсімнің өзгерісі, кәсіпорын қызметіндегі қаржылық нәтиженің құрылуында өзіндік құнның құрамында, тұрақты және ауыспалы шығындардың ықпал етудің әр түрлі дәрежесіне қарай, пайда көлемінің едәуір өзгеруімен айқындалады. Осыған орай, операциялық тұтқаны қолдану үшін тұрақты және ауыспалы шығындардан құралған шаруашылық субъектінің шығындарын топтау маңызды болып табылады. Бөлудің критерийі, өндірілетін өнім көлемінің өзгеруіне қарай туындайтын әрекет болып табылады. Ауыспалы шығындар тұрақты шығындарға қарағанда өндірілетін өнім көлеміне пропорционалды өзгеріп отырады. Тұрақты шығындарға ең алдымен, шарттық шығындар, жал төлемі, сақтандыру жарналары, мүлікке салынатын салық және т.с.с жатады.

        Ауыспалы шығындар, жоғарыда айтылып кеткендей, өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай пропорциалы түрде өзгереді. Мұндай шығындарға: материалдардың шығындары, электр қуатын тұтыну, кесімді еңбекақыны есептегендегі жалақы жатады. Шығындардың әрбір элементінің өндіріс көлеміне деген тізбекті емес тәуелділігі болады, мысалы, шикізат пен материалдардың көтерме топтамасын сатып алу кезінде жеңілдіктердің икемді жүйесі орын алады.

        Операциялық тұтқа  үлгісін құрған кезде, ауыспалы шығындар көлемінің өнімді шығару көлеміне (vQ) қатысты тізбекті тәуелділігі болуы мүмкін.  Кесте түрінде тікелей ауыспалы шығындардың орналасуы ауыспалы шығындар көлемінің өнім бірлігіне (v) қатысты көлемімен анықталады - тура шаманың көлбеу бұрышы негізінде сипатталады.

 [pic 1][pic 2]

[pic 3][pic 4][pic 5]

        TC[pic 6]

 [pic 7][pic 8][pic 9]

        V

        V                                F

        

                                                           V[pic 10][pic 11][pic 12]

[pic 13][pic 14]

Көлбеудің бұрышы неғұрлым аз болса (9.1 сурет), тең жағдайларда айналым капиталға деген қажеттілік пен операциялық пайданы арттыру мүмкіндіктері соғұрлым аз болады. Өнімнің өзіндік құнының құрамындағы тұрақты шығындардың үлесі көп болған сайын, операциялық тұтқаның дәрежесі жоғары болады.

...

Скачать:   txt (27.6 Kb)   pdf (178.5 Kb)   docx (23.2 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club