Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Автор: Асия Каримова • Июнь 28, 2023 • Реферат • 3,316 Слов (14 Страниц) • 314 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Пән ХХ ғасырдың ІІ-жартысындағы қазақ әдебиеті
6В02301Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы
Орындаған:Каримова Асия,Күндізгі өқу бөлімінің 3 курс студенті
Оқытушы: Тасмағамбетова З.Ж., филология магистрі, аға оқытушы
Қостанай, 2023
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………3
1Ж.Жабаевтың өмірбаяны …………………………………………………4
2Шығармашылығы ………………………………………………………....6
Қорытынды.....................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………....15
Кіріспе
Рефераттың мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Ол шулы және көңілді тойлар мен көп адамды жиындарда жүргенді ұнатты. Бірақ, ол бәрінен де көп әндерді, қызықты және көңілді ертегілерді білетін малшылардың, асау тұлпарларды үйрететін жылқышылардың жанында жүргенді жақсы көретін. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірешілердің ру мен тайпалардың шығу тегі, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін тыңдап өсті.Ақиық ақынның жыры да, сыры да мəңгілік тақырыпты қозғайды. Яғни, тіршілік жəне адамтану жөнінде! Жыр дүлділі Жамбыл Жабаев есімінің бүкіл жер шарын шарлаған кезі — жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының ортасы. Оның өлеңдері Азия мен Еуропа жəне басқа да континенттер ұлттарының елу шақты тілдеріне аударылған. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі өте күрделі. Ол жүз жасап, екі дәуірді басынан өткерген ақын. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген.
1.Ж.Жабаевтың өмірібаяны
Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Қоқан хандығының қыспағынан ығысып келе жатқан қазақтар көшінде жаңа туған балаға Жамбыл деп ата-анасы ат қояды. Бұл оқиға «Казахстанская правда» республикалық газетінде былай суреттеледі: «...ел аузындағы аңыз бойынша Жамбылдың атасы Ыстыбай жаулардан ығып көшіп бара жатқанда дүниеге келген тұлға әкесі Жабай көш тоқтаған таудың атын береді. Мүмкін ұлының заңғар таудай болатынын сезген де шығар». Әкесі Жабайдың шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбыл – Шапырашты ұлы Екейдің он бірінші ұрпағы. Екей аз санды және кедей ру болса да, ол рудың ортасынан Қарасай (1589-1671), Саурық (1814-1854), Сұраншы (1815-1864) сияқты көптеген танымал батырлар шыққан. Ақынның атасы – Ыстыбай аты шыққан батыр болмаса да, өнерпаз, палуан болған. Дастандарда есімі аталатын белгілі батырлардың бірінің атын алған Байтөбеттің немересі, Ыстыбайдың ұлы Жабай малға бай болмаса да, үш ұлы болады: Тәйті, Құман, Жамбыл. «Менің өмірім» атты өмірбаяндық өлеңінде ақын:
...