Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әкім Тарази өмірі мен шығармашылығы

Автор:   •  Декабрь 25, 2025  •  Курсовая работа  •  5,959 Слов (24 Страниц)  •  19 Просмотры

Страница 1 из 24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Қазақ тілі және әдебиеті БББ

 

 

 

 

 

 

 

                                             Курстық жұмыс

 

 

            Оқу пәнінің атауы:Қазіргі қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Әкім Тарази өмірі мен шығармашылығы

                 Жетекші оқытушы: филол.ғ.к., қауымд. проф,

                                  Құралқанова Ботагөз Шайкенқызы 

                 Студент:Даулетова Әсел 

             Топ:ҚТӘ-31(қ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………2–3

1. ӘКІМ ТАРАЗИДІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ…………………………4–10

1.1. Жазушының өмірбаяны және шығармашылық жолы……………………………4–7

1.2. Қаламгердің көркемдік ізі, стильдік ерекшелігі……………………………………..8–10

2. ӘКІМ ТАРАЗИДІҢ ПРОЗА ЖАНРЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ……………………….11–17

2.1. Жазушы прозасындағы тақырыптық және идеялық бағыттар………………11–14

2.2. Кейіпкер психологиясы мен ұлттық мінезді бейнелеу шеберлігі…………..14–17

3. ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ……………………………..18–19

3.1. Әдебиеттанудағы зерттелу бағыттары………………………………………………18-19

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………………..21

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:  ХХ ғасыр қазақ әдебиеті үшін "алтын ғасыр" ретінде саналады. 1960-2000 жылдар қазақ прозасының көркемдік дәрежесінің өсіп, кәсіби шеберлік жағынан шыңдалып, әлем әдебиетіндегі өркениетті өрісті игергендігін бүгінде талғамы жоғары қауым да ғылыми ортада мойындап отыр. 1960-1970 жылдары қазақ прозасына келген Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Сайын Мұратбеков, Төлен Әбдікұлы, Әкім Тарази, Қабдеш Жұмаділов т.б сынды жазушылар құрайды. Бұлардың көпшілігі қазір ел-жұрттың көз алдында. Міне осынау шоғырдың қадау өкілдері- есімдері елге танылған Әкім Тарази екендігіне еш дау жоқ.Өйткені ол- талант ретінде де,азамат ретінде де кішіпейілділік мен кісіліктен тұратын сирек болмыстарын қадам ұстаған қырық жылдай беделінде шын ұстап, шын сақтап арлы қаламның-кіршіксіз қаламның шын құдіретін көрсетумен келе жатқан көркем  сөз шебері. Оның шығармашылығы өзіндік дара қолтаңбасымен дараланып, бәрімізге етене таныс ауыл өмірі мен ондағы кеңпейіл, қазақи мінезді адамдардың тағдырын, күнделікті тұрмыс-тіршілігін бейнелеу арқылы ұлттық мінез мен ұлт тағдырын көркем сөзбен кестеледі. Жазушы өзіне ғана тән көркем тілімен, тарихи шындығымен астарлы ой айтып 70 жылдардан бері қазақ оқырмандарына өзінің өткенін, тарихын, салт-санасын, әдет ғұрпын, мінез-болмысын бейнелеп келеді.

Курстық жұмысымызда Әкім Таразидің прозалық шығармаларының көркемдік әлеміне, оның шығармаларындағы адамгершілік мәселелерге, кейіпкерлердің психологиялық болмыс-бітімін суреттеудегі қаламгерлік шеберліктері, ешкімде қайталанбайтын дара қолтаңбасы айқындалады. Шығармаларының көркемдік идеялық сипаттары мен жазушы стилінің өзіне ғана тән ерекшеліктері қарастырылады.

Жұмыстың өзектілігі. Жұмыстың өзектілігі ретінде Әкім Таразидің өмірі, әдеби шығармашылығы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, жаңашылдығы қарастырған болатынбыз. Жазушының шығармаларының тақырыбы, стилі,образдар құрылымы, композициясы,көркемдік әлемі, даралық қасиеті туралы әр кезеңдерде мерзімді баспасөз беттерінде,әдеби зерттеу еңбектерінде құнды ой-пікірлер әдебиетші ғалымдар, сыншылар тарапынан жазылды.

...

Скачать:   txt (85.3 Kb)   pdf (348.7 Kb)   docx (415.2 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club