Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығармашылық қабілетті дамыту мен қолдау

Автор:   •  Март 28, 2024  •  Курсовая работа  •  5,471 Слов (22 Страниц)  •  28 Просмотры

Страница 1 из 22

Кіріспе

       Қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдерге сапалы білім,сапалы білім беруде бос уақытты тиімді ұйымдастыра білудің мәні зор.Күнделікті оқу-білім алумен қатар,бос уақытты қызықты етіп өткізіп отырса,олардың бойындағы шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттері арта түседі.Жан-жақты мәдениетті,білімді,дені сау,сезімтал,өнерпаз ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты мақсаты болғандықтан,олардың бос уақыттарын ұйымдастырып отыру қажет.Осы тұста конкурстың орыны ерекше.Жалпы ауқымды мәдени-көркем байқаулар ойын-сауық іс-шаралары болып табылады.Сонымен қатар олар,шығармашылық алауыздық пен өнер дағдарысы сезімін жеңуге,кәсіпқойларды ғана емес,жалпы жұртшылықты біріктіруге көмектеседі.

Мәдени-демалыс қызметі аясында конкурстар үлкен рөл атқарады.Олар қоғамды біріктіреді,мерекелік атмосфера жасайды,жаңа таланттарды көруге және шығармашылық ізденістердің нәтижелерімен танысуға мүмкіндік береді.Конкурстарға қатысу ерекше бәсекелестік атмосфераны қалыптастырады.Алайда,шығармашылық конкурстар мен іс-шараларды ұйымдастыру жүйесінде ең алдымен бәсекеге қабілеттілікті ғана емес дамытушылық мақсаттардың басым болуы өте маңызды.Конкурс мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастырады,ұжымдарды топтастырады,іскерлік пен дағдыны жетілдіреді.

Жастардың шығармашылығын жетілдіруге айрықша көңіл бөлген жөн.

      Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мәдени демалыс түрлерінің ауқымын кеңейту, оны жаңаша деңгейде өткізу  арқылы таныту.

      Мақсаты: Халықтың мәдени демалысты тиімді пайдалануын ұйымдастыру.Мәдени демалыс түрлерінің ауқымын кеңейту, оны  таныта білу.

      Міндеті: Конкурстарды ұйымдастыру барысында халықты іс шараларға баулу, қызықтыру шараларын дамыту.

      Зерттеу әдісі: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдерін салыстыру ғылыми тұрғыдан баға беру арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында анкета, тест, бақылау, сұхбат әдістерін қолдану арқылы мерекелердің пайдасы мен қажеттілігін білу..

      Объектісі:Шығармашылық қабілетті дамыту мен қолдау.

І. Конкурстар бір білім саласындағы немесе қоғамдық пайдалы қызметте жеңімпаз қатынасушыларды айқындайтын демалыстың танымдық түрі.

          Конкурс (лат «жеңіске үміткер, аса көрнекті») деген мағынаны білдіреді.Конкурс- жеңіске аса үздік үміткерлерді айқындау мақсатында өткізілетін қоғамдық-мәдени,көркемдік  шығармашылық іс-шара.

          Конкурс-өнер,ғылым және т.б. салаларда бірнеше тұлғалардың іздену жарысы,ережелерге сәйкес ең үздік үміткер немесе үміткерлерді анықтау процесі.Үміткерлерді анықтау сапалық немесе сандық зерттеумен жүзеге асады.

       Сапалы зерттеуде конкурсқа белгіленген сараптамалық қазылар алқасы арнайы өкілетті тұлғалар тобы конкурстың ережелерімен анықталған критерийлер бойынша қатысушыларды бағалайды.Жеңімпаздарды анықтау қазылар алқасының әр мүшесінен конкурсқа қатысушыларға берілетін бағаларды қосу және жоғарғы баға алған қатысушыны анықтау арқылы жүзеге асырылады.Сандық бағалауға конкурстантар қоғамдық дауыс беру арқылы таңдалады.Онда дауыс беруге қатысушылар субъективті бағалауды пайдалана отырып,конкурсқа қатысушыларға өзінің ықыласын білдіреді.Жеңімпаздарды анықтау зерттеу жүргізу кезеңінде қатысушыларға берілген дауыстарды қосу және барлық конкурсқа қатысушылардың рейтингін құру есебінен мүмкін болады. Конкурс бірнеше кезеңде өтеді.(іріктеу кезеңі,негізгі кезең,финалдық кезең).                               Конкурс-бастаманы,өнертабысты,тапқырлықты жандандыру және көрсету,жаппай шеберлік таныту,қатысушылардың үздік қасиеттерін,олардың білімін,іскерлігі мен дағдыларын көрсету.       Музыкалық,бейнелеу,әдеби немесе театр шығармашылығы процесінде қосымша білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілер өздерінің қиялдарын дамытып,эмоционалды тәжірибе аясы кеңейіп,байытылады,тереңдей түседі.    Егер конкурстар кәсіби түрде қалыптасқан адамдар үшін арналған болатын болса,бұл балаға психикалық жүктеме болады.Сол себепті де конкурсқа әр түрлі деңгейдегі әртістер қатысса,бұл бала үшін өте қызықты әрі пайдалы тәжірибе болып саналады.

1.1.Конкурс-жарыс,қақтығыс,күрес


Конкурстық бағдарламалар-бұл адам қызметінің кез келген түріндегі жарыстар.Конкурстар кәсіби немесе кәсіби қызметке жақын әртүрлі өнер түрлерімен және жанрлармен байланысты қызмет болуы мүмкін.Конкурста әртүрлі заттар,өнер мен өнер туындылары қолданылады.Яғни адам басымен,қолымен,бүкіл денесімен істейтін барлық нәрсені басқа адамдармен бәсекелесіп,жарысқа түсу арқылы жасай алады.
Мұндай жарыстың мақсаты қатысушылардың шеберлік деңгейлерін салыстыру болғандықтан,конкурстық бағдарламалар адамның дамуына,оның дағдыларын жетілдіруге күшті ынталандыру болып табылады.Адам өзін басқалармен салыстыру арқылы дамиды,ал конкурс-салыстырудың ең қолайлы сәті.
Конкурстық бағдарламалар:
-өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға;
-өзінің ерікті қасиеттерін дамытуға;
-эстетикалық талғамын тәрбиелеуге;
-хобби мен мамандықта өз-өзін анықтауда мүмкіндік береді.
Егерде байқауларды ұқыпсыз,сауатсыз өткізетін болса,бұл мүмкіндіктер іске асырылмай қалуы мүмкін.Конкурстық бағдарламаларды ұйымдастыру көптеген бөлшектерді,мәселелерді есепке алуды көздейітін көп сатылы процес.Бұл бағдарламаның атауын тек қана “конкурс”деп қарастырмай, «турнир», «жарыс», «жекпе-жек», «шайқас» деп те атауға болады.Бұл ұйымдастырушылық алгоритмді өзгертпейді.
Қалай болғанда да конкурстық бағдарламаны ұйымдастыру конкурс өткізу туралы шешім қабылдаудан басталуы керек. Конкурстардың құрылтайшылары оларды өткізу туралы тиісті қаулы қабылдауы керек Бұл шешім қабылданбас бұрын оның қажеттілігі бар-жоғын анықтау қажет. Шешім толықтай қабылданғаннан кейін ұйымдастырушы қатысушыларға конкурс туралы жарияламас бұрын:
1)байқаудың көрнекі атауын ойлап табуға;
2)конкурстық тапсырмаларды тұжырымдауға;
3)конкурстық шарттар мен бағалау критерийлерін әзірлеуге міндетті.
Сонымен қатар тартымды атау конкурсқа деген қызығушылықты бірнеше есе арттырып,қатысуға деген ынтаня оятуы мүмкін.Конкурстық атау секілді,ондағы тапсырмалар конкурстық бағдарламаның маңызды элементі болып табылады.Конкурстық тапсырмалар қатысушылардың не істеу керектігін,қалай бәсекелесетіндерін анықтайды.Конкурстық бағдарлама - балалардың бос уақытын ұйымдастырудың ең танымал түрлерінің бірі. Барлық конкурстық бағдарламалар бірдей ұйымдастырылады, олардың атаулары қандай болса да, мазмұны қаншалықты өзгерсе де.

Кез-келген конкурстық бағдарламаның негізінде бәсекелестік, бәсекелестік принципі жатыр. Жоспарды іске асыруға кіріспес бұрын, ұйымдастырушы бірқатар ұйымдастырушылық және мазмұнды мәселелерді шешуі керек:


- көрермендерді қалай шақыруға болады;
- алдын ала қарауды қашан жүргізу керек;
- кім жетекші болады;
- бөлмені, алаңды қалай безендіруге болады;
- қазылар алқасын қайда отырғызу керек;
- экспонаттарды не орналастыру керек;
- ашылу салтанатын қалай ұйымдастыруға болады;
- музыкалық сүйемелдеу қажет жерде;
- қатысушылар не киеді;
- қазылар алқасы қорытындыларды қай жерде талқылайды;
-сыйлықтарды кім береді;
- марапаттау рәсімі қалай өтеді және тағы басқалар.

1.2. Конкурс түрлері,олардың мінездемесі

Конкурстар өнердің барлық түрлері мен жанрларын қамтиды.Өнер түрлері деп өмірдің қандай жақтарын бейнелейтіндігімен,көркемдік бейнененің сипатымен,сондай ақ эстетикалық қажетті қанағаттандыру тәсілімен ерекшеленетін көркемдік іс-әрекет салалары түсіндіріледі.

Музыка-өмірді бейнелейтін өнер түрі,адамның идеялары мен сезімдерін музыкалық дыбыс арқылы жеткізетін көркем мәдениеттің дамуы.Шығармашылық музыкалық байқаулар көптеген түрлерге бөлінеді,мысалы:

-Классикалық вокал

-Халық вокалы

-Эстрадалық вокал

-Хор

-Солистер:(фортепиано,үрмелі аспаптар,баян,гитара,балалайка,т.б)

-Ансамбльдер

-Оркестр

Музыкалық конкурс конкурстың құрамдас бөлігі болып табылуы мүмкін.Ол оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қолдауға,жас таланттарды іріктеуге арналады.Олардың өнер көрсетуін кәсіптік қазылар алқасы сарапқа салады.Алайда жүлделер үлестіргенде көрерменнің де пікірі қаперге алынады.Көп конкурстарда «көрермен көзайымы» аталымдары болады.

Конкурс бірнеше турдан тұрады.Бұл тұрғыдан алғанда дүние жүзіндегі ең мәртебелі конкурстың бірі Мәскеуде төрт жылда бір реет өткізіліп тұратын П.И Чайковский атындағы халықаралық конкурс.Оның жеңімпаздары дүниеге танымал болып,үлкен табысқа жетіп жатады.Олардың өнері бүгінгі музыка мәдениетінің эталоны іспетті болады.Ал олардың өнерін тамашалау үлкен мәртебе болатыны бар. Жастар арасында халықаралық,республикалық,аймақтық конкурстар да танымал.Ол конкурс жанкүйерлердің орындаушылардың жаңа толқынымен танысуына мүмкіндігі болады.

Музыкалық конкурс жас таланттарды анықтап,олардың бойындағы өнерлерін ашуға және өмірде өз жолдарын табуға көмектесуде үлкен рөл атқарады.

-Көркемөнерпаздар конкурсы.Мұндай конкурстар орындаушылық шеберлікті жетілдіріп,таланты адамдарды айқындайды.Сонымен қатар конкурстың басқа түрлерімен салыстырғанда көркемөнерпаздар конкурсының бағалау критерийлері ерекше назар аударуды талап етеді.

Көркемөнерпаздарды бағалау критерийлері:

1.Қойылымдардың идеялық-көркемдік деңгейі;

2.Орындаушылық шеберлік дәрежесі;

3.Ұжымның,конкурстанттың күнделікті жұмысының сапасы;

4.Құрамның тұрақтылығы;

5.Ұжымдағы оқу-тәрбие міндеттерін шешу деңгейі.

Көркемөнерпаздар конкурсына «фольклорлық топтар», «домбырашылар», «Айгөлек», «әнші балапан», «хор ұжымдары» т.б. жатады.

-Көңіл көтеретін конкурстар: «Ал,қанеки жігіттер», «Ал,қанеки қыздар», «КВН», «әжелер мен аталар» конкурстары.

Көңіл көтеретін конкурстар көңіл көтерумен қуаттап,күлкі сыйлайды.Көтереңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай,адамның ойын ұштап,шығармашылыққа баулиды.

-Интеллектуалды шоу-конкурстар: «Лидер 21 века», «Эрудиттер конкурсы»

Мұндай конкурстар адамның жеке қабілеттерін көрсетіп,танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Интеллектуалды шоу-конкурстарға қатысқан адамдардың ортада өз-өзін ұстауы,командада келіссөздер жүргізе білуі,бір-біріне көмектесу,тату және бірлесіп ойнау секілді қасиеттері жоғары болады.

ІІ.Конкурстық бағдарламалардың көптүрлілігі

Конкурстың көптүрлілігі мәдени-тынығу іс-шараларын ұйымдастырудың осы әдісінің көптеген классификациясынан көрінеді. Конкурстың әртүрлі типтерін бөлудің негізі болып қатысушылардың кең көлемде болуын атауға болады. Бұл негізде:
-ішкі корпоративтік конкурстар (бір ғана балалар мен жасөспірімдер бірлестігінде немесе ұйым немесе еңбек мекемесінде);
- сыртқы территориялық конкурстар (әртүрлі деңгейде көрініс табады-аймақтық, аймақаралық, республикалық, халықаралық).
Тағы бір негіз өкілдік форматын айқындайды, ашық, жабық,шектеулі ғана кісілер қатысатын жарыстар. Ашық конкурсқа бір немесе бірнеше адамнан тұратын команда қатысса, жабық конкурсқа тек шақырылғандар ғана қатысады. Ол жеке және командалық болып келеді. Тиісінше, жүлделер де жеке кісіге немесе топқа тапсырылады.Конкурстар сырттай да немесе қашықтықта да өтеді.

 Сырттай конкурста қатысушылардың жіберілген жұмыстары (картина, әдеби шығарма, фотография, бейнесюжет, тестілеу нәтижесі т.б.) оның талдауымен байланысты болады. Қазіргі кезде ақпараттық- коммуникативтік технологиямен нақты уақыт жағдайында (online) қатысушы бағалана алады.Конкурстық бағдарлама біртектес немесе әр түрден құрастырылған жарыстар, байқаулар жиынтығы болып та кездеседі.
Қазіргі кезде біртектес конкурста әртүрлі атаулар (номинациялар) көп қолданылатыны дағдылы әдіс (жанр, түрлері, ұйымдастыру тәртібі).
Қатысушылардың уақыт, ақпарат, басқа ресурстар сияқты дайындық шарттары бойынша импровизиациялық және алдын-ала дайындалған талаптары болады. Алғашқысы конкурстық тапсырманы шұғыл орындауды талап етеді. Екінші түрінде конкурс талаптары ертерек беріледі. Бағалау критерийлері де түсінікті болады.

         

2.1.Конкурстық бағдарламалардың түрлерінің классификациясы

Конкурстық бағдарламалардың классификациясына келер болсақ; өткізу уақыты бойынша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), төрешілер құрамы бойынша (кәсіптік немесе қоғамдық экспертиза), бағалау жүйесі бойынша. Әр жағдайда, конкурс түрі, сатылар (турлар) саны, өткізу тәртібі, тапсырмалар, уақыты мен өткізу мекен-жайы конкурс шарттары түрінде бәріне бірдей жолданады.
Конкурстық процедуралардан тұратын мәдени-тынығу іс-шаралары әртүрлі атпен ерекшеленуі мүмкін; «жарыс», «жекпежек», «дуэль», «турнир», «байқау», «бәйге», т.б. Әрине, бұлар дың бәрі метафора ретінде қабылдануы керек, әйтсе де конкурс түрін атына қарап ажыратқан дұрыс. Мысалы, турнир – конкурстың бірнеше сатыдан тұратын қысқа уақыттық қатысушылар бәсекесінің бір түрі. Турнирде әр жұп жекпе -жекке шығады. Жарыс жүрісін басқа командалар қатысушылары бақылап,өздерінің болашақ қарсыластарын саралап тұрады. Турнирдің міндетті элементі таблица (сетка). Оған жекелеген қатысушылардың жарыстар түріне бөлінгені және нәтижелері көрсетіліп тұрады.
Турнир 3 негізгі ұйымдастырушылық жүйе бойынша өткізіледі;
■ шеңбер бойы, яғни, әр қатысушы басқалармен күш салыстырады;
■ олимпиадалық, яғни жеңілген ойыннан шығып кетеді;
■ аралас, осы екі жүйе араласып тұрады.
Турнирде төрешілік ету стандардтық процедураға негізделіп, төрешілер жұмысы конкурстық тапсырмалармен сабақтастырылады.Ұпай саны, басқа да нәтижелер дереу жұрттың бәрі көретіндей турнирлік таблицаға жазылады. Спорт жарыстарына арналған мәтіндерде турнир чемпионаттың бір бөлігі ретінде қаралады. Басқа негізде эрудицияны зерделеуге арналған сұрақтар жүйесі мен тапқырлықты көрсетуге арналған танымдық-интеллектуалдық жарыс (викторина) болуы мүмкін. Мұндай конкурстық бағдарламаның ерекешелігі шешімнің жалғыз дұрыс нұсқасын табу. Жеңімпаз әр сатыда немесе жарыс қорытындысы бойынша анықталады.

 Іс-шараның конкурстық үрдісі оған барлық қатысушыларды біріктіре алуымен қызықты болады. Мысалы,тапсырма берілген соң жауабын қағазға жазып беруін өтініп,қорытындысын тур бойынша шығарып отыруға болады.Спецификалық мазмұны жағынан спартакиада нұсқасын атап өтуге болады. Әдетте спартакиада қатысушылардың көптігімен сипатталады. Ал олимпиада жарыстар бағдарламасы ретінде кең мағынада қолданылады. Әртүрлі пәндер (математика, физика, басқа да пәндерден) бойынша олимпиадалар әбден танымал. Олимпиаданың ерекшелігі оның көлемінде ғана емес,турнирлер мен конкурстар бағдарламасына кіретін тапсырмалардың әртүрлілігінде.
Конкурстық бағдарламалардың спецификалық түрі болып шығармашылық конкурстар бағдарламасы табылады. Ол ойлап табу, оны іске асырудың тың жолын тауып, импровизация т.б. жарыстары бойынша бөлінуі мүмкін. Оның ең жарқын үлгісі КТК- көңілді тапқырлар клубы. КТК дәстүрлері шығармашылық конкурстың жалпы алгоритмін көрсетеді;
■ жарқын басталуы (визитка);
■ импровизациялар конкурсы – өте тапқыр жауаптар;
■ импровизация элементі қамтылған конкурс (капитандар кон-
курсы, бейнебаяндар, музыкалық, сахналық миниатюра);
■ Әсерлі финал («Үйге тапсырма»)
КТК басқа көптеген шығармашылық конкурстар бар. Олардың ерекшелігін алгоритм бағыттайды. Мысалы, егер әуесқой сахнагерлер конкурсы, үгітбригадалар немесе әдеби композициялар өнері сараланатын болса ол конкурс бір күнде, бір негізгі сатыда өтуі мүмкін.Онда қойылымның жаңалығы, өнер көрсетудің әртүрлі элементтері, костюм, музыка және басқа қырлары бағаланады.Барлық шығармашылық конкурс бетпе-бет өте бермейді.Сырттай да өтетін түрлері болады. Ол бейнелеу өнерімен, музыкалы, ғылыми, әлеуметтік шығарма бағытында болады. Ондай конкурстар 2 сатыдан тұрады. Бірінші, сыртттай, яғни шығар-
маны бағалау конкурсанттың қатысуынсыз, екінші сатысы –жеңімпаздарды марапаттау.
Шығармашылық конкурстағы ең негізгі ерекшелік-басқа конкурстарға қарағанда субъективтік көзқарас көбірек. Басқа жарыстарда бағалау объективті сипатта болып жатады. Ал мұндай конкурста қорытындыға келіспей, өкпелеу деген жиі кездесіп жатады. Сондықтан балалар шығармашылығын саралағанда
төрешілердің өте ықыласпен қарағаны лазым. Көрермен көзайымы сияқты қатысушының көңіл аулар жүлделерге қол жеткізгенін қадағалау керек.

                                 2.2.Конкурс атрибуттары        
Мәдени-тынығу іс-шараларын ұйымдастырудың кең таралған тәсілі ретінде конкурс (жарыс, байқау) аталады. Конкурс спецификалық ұжымдық әрекет (акция). Оның мәні конкурсқа қатысушылардың шеберлігінің деңгейін, артықшылығын бағалау үшін басқалармен салыстыру, сараптау.
Осыдан конкурстың
бірінші атрибуты болып оның басқалармен ұқсастығын немесе олардан айырмашылығының сапалық сипатын жіктеп, зерделеу арқылы анықтайтын салыстыру процедурасы болып табылатыны түсінікті болады.
Конкурсантқа (конкурсқа қатысушыға) салыстыру нысанының болуы аса қажет, яғни, жарыс, байқаудың болмысы:
■ ғылыми, шығармашылық, спорттық, коммуникативтік шығармашылық. Бұл жағдайда конкурсқа қатысушылардың біртекті тапсырмаларды орындау нәтижесі немесе процесі сарапталады;
■ конкурсанттардың қабілеті мен сапасы (табиғатынан немесе оқу, жетілу нәтижесінде).
Конкурсты ұйымдастырарда белгілі жекелеген белгілері бар біртекті нысандардың ғана байқауға қатыса алатындығын түсінген жөн.
Конкурстың негізгі бір талабы – ол ашық сипатта, жұртшылық тамашалай алатындай жағдайда ұйымдастырылуы керек. Салыстыру сандық және сапалық жағын зерделеумен белгіленген критерийлер (өлшемдер) бойынша жүргізіледі.
Конкурстың
екінші атрибуты -бағалау. Ол қатысушылардың үздігін, конкурс өтетін жерді, яғни, қатысушылардың рангалық бағасын анықтайды. Қазіргі тәжірибеде салыстыруда артықшылық және кемшілікті жасауда тепе-теңдікті, байсалдылықты, сынның өзін тілекке айналдыруды, қатысушылардың рефлексиясын ынталандыруға бағытталғанына басымдық береді. Бағалау конкурсантқа тіл жағынан да, қабылданған шешімнің негізделгенімен де түсінікті болу керек. Конкурсанттың күмәны болса, оны тыңдап қойған дұрыс. Бағалау конкурсанттың болашақта кемшіліктерін жойып, жетілу әдістерін дұрыс таңдауына жол көрсетуі керек. Практикада қатысушыларды бір-бірімен текетірестіріп қойғаннан оларды эталонға
бағыттау өте тиімді. Кешенді салыстыру пайдаланатын жарыстар ішінен, мысалы, Олимпиада жеңімпаздары, олардың әлемдік рекордтары үлгі болу керек.
Үшінші атрибут – субъект, салыстыратын және бағалайтын тұлға. Оған көп нәрсе байланысты екені белгілі. Сапалы зерттеу, бағалау немесе экспертиза арнайы құрылған өкілетті топтың (жюри, төрешілер алқасы) немесе көпшілік болып дауыс беру нәтижесіне байланысты. Төрешілер алқасы конкурсанттар өнерін олардың бағалар сомасының рейтингімен анықтайды.Дауыс беру жеңімпазды анықтауда сауалнама бойынша дауыс санының рейтингімен анықтайды. Жюридің пікірі әлдеқайда біліктілігімен, объективтілікпен ерекшеленеді.
Төртінші атрибут – конкурсты регламенттеу. Салыстыру мен бағалау регламентацияға байланысты болғандықтан, мәдени-тынығу іс-шарасын ұйымдастырудың тәсілі ретінде конкурстың алдын-ала тағайындалған ережесі болады:
■ конкурсанттар, қызмет көрсетушілер және басқа тұлғаларға арналған қатаң регламентация болады;
■ конкурсанттардың бәріне ортақ шарттары, біркелкі классификацияға сәйкестік, нормалар мен талаптар теңдігі;
■ әр конкурсанттың нәтижесін салыстырудың белгілі стандардтар арқылы басқа конкурсанттармен салыстыру мүмкіндігі, нәтижелер ара-қатынасы (конкурсы талаптары мен ережеге сәйкестік, тіркеудің техникалық мүмкіндіктері, білікті төрешілер алқасы); Осыған байланысты С.П.Афанасьев конкурс түсінігіне сәйкес емес әрекеттер мен процедураларды атайды;
■ жеңімпаз кездейсоқ жағдайда анықталмау үшін лотерея мен жүлделер ойыны;
■ конкурс шарттарының хабарламасынан тыс жеке жүлделер мен сыйлықтарды оларды тағайындағандар дың тапсыруы;
■ ұйымдастырушылардың хабарланған жарыста жалғыз ғана қатысушыға марапат тапсыруы;
■ жетістігін сапа, сан жағынан бағалаумен емес, жеңімпазды нақты әрекеттер тізбегін табысты орындағаны жағынан анықтайтын ойындар мен жарыстар.
Регламенттеудің бар жиынтығын көрсететін мәтін конкурс талаптары болып табылады. Онда конкурстың мақсаты мен міндеттері, конкурсанттарға қойылар талаптар, реті мен уақыты көрсетілген өткізу процедуралары, сонымен қатар жеңімпаздар мен марапат иелерін анықтау критерийлері жазылады.Конкурстарды ұйымдастырғанда конкурс талаптары қатысушыларға алдын-ала таныстыралады немесе Ереже ретінде тапсырылады. Ол талас тудыратын жағдайда барлық кісілердің (ұйымдастырушылар, қатысушылар, төрешілер) жүгінуіне болатын құжат.
Бесінші атрибут – конкурсқа қатысу мотивациясы. Конкурсқа қатысушы үлкен жетістікке жетуге мүдделі болады. Оған конкурстың жұрт көзінше, жариялы түрде өтуі конкурсанттың қоғамдық мәртебесін арттыруға әсер ететіні бар. Жарыс адамда «мен басқалардан әлдеқайда озықпын» деген ұстаным болғанда тұтанады. Ал рекордқа, яғни мүлдем биік жетістікке жету ынтасы ерекше мәртебеге икемдейді. Ұжым (команда, қоғамдастық) намысын қорғау ниеті де жарыс отын маздата түседі. Марапаттар ролін естен шығармаған жөн. Жүлденің нақты бағалығы конкурсанттарға стимул береді.
Алтыншы атрибут конкурсанттардың қарым-қатынасымен, жеңіске жетсем деген ниеттің жарыстың барлық түрінде (агрессиялық, антагонистік сипат жат) талас, текетірес, конкуренция процестерінде көрініс табатынымен түсіндіріледі. Мұндағы конкурсанттардың қарым-қатынасы әртүрлі болғанымен әркім жеңіске жету әрекетінде болады. Ол үлкен эмоционалдық фонда, тіпті, экстремалдық режимде өтетіні түсінікті.
Мәдени-тынығу іс-шарасының тәсілі ретінде конкурс қатысушылардың белсенділігін ынталандырады (конкурсанттар мотивациясы, жеңіске жету әрекеті үдей түседі) және қатысушылармен бірге жанкүйерлік толқуда тұрған көрермендердің тамшалауын қамтамасыз етеді. Білім беру қырынан алғанда конкурсты пайдалану оған қатысушының өзін өзі жетілдіруіне алғышарт жасайды, оның жігерін, мақсатқа бағытталғанын, өз ресурстарын жинақтауды, басқалармен жайлы қарым-қатынас орнатуын, танымын дамытуды, жетілуді қамтамасыз етеді. Одан бөлек, конкурс жеңіс пен ұтылыс ситуациясында өзін өзі игеруді қалыптастырады. Конкурс сонымен қатар жарыстың түрлерінің танымалдығын арттырып, оны насихаттауға да үлесін қосады.

...

Скачать:   txt (90.9 Kb)   pdf (257.8 Kb)   docx (742.7 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club