Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

XVIII ғ. екінші жартысындағы Осман империясының халықаралық жағдайы

Автор:   •  Декабрь 3, 2021  •  Доклад  •  1,902 Слов (8 Страниц)  •  364 Просмотры

Страница 1 из 8

XVIII ғ. екінші жартысындағы Осман империясының халықаралық жағдайы

Осман имеприясының әскери-экономикалық жағдайы оның халықаралық жағдайын айтарлықтай нашарлатты. Порта еуропалықтардың ықпалына түсіп, бірте-бірте сыртқы саясатында дербестігінен айырыла бастады. Әсіресе Англия мен Францияның ықпалы күшті болды. Еуропалық дипломаттар сұлтандық билікті антиорыс саясатына тартуға тырысты. Ал осман империясының билік өкілдерінің көбі дипломаттардың бұл қулығына келісті, себебі соғысты олар ішкі проблемаларды шешуші жағдай ретінде көрді.

1768-1774 жж. орыс-түрік соғысы империяның сыртқы саясатының дербес еместігінін және ішкі әлсіздігінің дәлелі болды. Алайда түрік әскерлері нашар қаруландырылған және сәйкес оқытылмаған, оларға азық-түлік пен обмундирование жетіспеді. Алғашқы әскери кеңесте ұлы везир әскери істе ештеңе түсінбейтінін ашық айтқан болатын. 1771 ж. Қырым мен Дунайдағы ауыр жеңілістер әскердегі дезертирствоға әкелді. Портаны соғысқа тартқан Франция соғыста оған ешқандай көмек көрсеткен жоқ.

1774 ж. соғысты аяқтаған Кучюк-Кайнарджи бітімі Осман империясына да, Ресейге де маңызды болды. Ол Ресейге Қара теңізде саудалық кеме қатынасына құқық берді және орыс көпестеріне саудалық льготалар берді. Қырым Стамбулдан тәуелсіз деп жарияланды. Сонымен қатар Ресей Түркиядағы православиелік шіркеулерді қол астына алды. Порта алғашқы рет мұсылмандар қоныстанған террияторияны беруге мәжбүр болды. Осман империясының әскери әлсіздігін көрген Ресей императрицасы Екатерина ІІ түріктерді еуропалық территориядан қуып, «османдық мұраны» бөлу туралы жоспарымен бөліскен болатын. Алайда еуропалық державалар Ресейдің үстемдігінің өсуінен, олардың Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қауіптеніп, оның жоспарына қарсы шығады. Осман империясының тұтатыстығы мен дербестігін қорғайды. Осылайша империяның арғы жағдайы еуропалықтардың қолында болды. Оның территорияларын бөлісудегі күрес ХІХ ғ. маңызға ие болған «шығыс мәселесіне» негіз болды.

Орыс-түрік соғысы империядағы реформалардың жүруіне итермеледі. Осы мақсатта Түркияға француз бароны де Тотт, ал оның артынан артиллеристер, саперлар, инженерлер шақырылды. Әскер реорганизацияланды. Реформаторлар еуропалықтардың реформадағы көмегінің екіжүзділігіне де көз жұмған болатын.

Елге еуропалық сауда капиталының енуіне байланысты халықтың материалдық жағдайы нашарлай түсті. Қырымның Ресейге 1783 ж. қосылуы Стамбулдағы «гяурларға» қосылып кеткен және Осман империясын құртқысы келетін «сатқындарға» қарсы толқулардың басталуына әкелді. 1785 ж. Хамид-паша өлтірілді.

Жаңа сұлтандық билік Қырымды қайтару мақсатында 1787 жылы қайта соғыс жариялайды. Алайда Фокшанах, Рымник, Измаилдағы күрестерде жеңіліп, империя қайтадан  бейбітшілік сұрады. Жаңа соғыс Осман империясына территориялық айырылуларға әкелді, саяси және экономикалық кризисті ушықтырды.

XVIII-ХІХ ғғ. «шығыс мәселесі» ушықты, көптеген замандастар Осман империясының жақын арада ыдырауын алдын ала болжаған болатын. Алайда бұл болжамдар расталмады, бірақ айтарлықтай империяның сол кездегі жағдайын көрсеткен болатын.

Селим ІІІ реформасы

Мемлекетке төнген қауіпті билік басындағылар да білген болатын. Таққа отыра салысымен султан Селим ІІІ өзінің Портаға бағытталған жолдауында: «Ел құлдырап барады, сәлден кейін оны құтқара алмайтын боламыз» деп жазды. Билік шеніндегілер жаңа сұлтанға мемлекет аппаратының, әскер мен финанстық жағдайдың нашар халі туралы баяндамалық жазбалар ұсынып, Селим ІІІ-ге мемлекеттің ыдырауын алдын алу мақсатында реформалар жүргізуге кеңес береді. Осы баяндамалық жазбалардағы ережелер Селим ІІІ жасаған реформалардың негізін құрды.

Реформалардың (низам-и джедид (обновленное устройство)) басты мақсаты: күреске қабілетті және күшті армия қалыптастыру арқылы орталық билікті нығайту. 1792-1793 жж. Селим ІІІ шығарған жарлықтарда «сарай мергендерінің» корпусын құру, міндетті әскери оқыту және қатаң дисциплинаның енгізілуі, жаңа флоттың салынуы, офицерлік құрам мен әскери инженерлер даярлауға арналған мектептердің ашылуы туралы айтылған. Әскери реформалар құру мақсатында шетелдік инструкторлар шақырылды, негізі француз офицерлері. Әскери реорганизация өндірістік салаларды дамытуды, қару-жарақтар жасау зауыттарын, мыс рудниктары және көмір шахталарын әзірлеу, верфьтар салуды қажет етті. Мұның барлығын қаражатпен қамтамасыз ету «жаңа кіріс кассасы» немесе «касса новых доходов» арқылы жүзеге асырылды. Ол халықтан алынған қосымша салық есебінен толықтырылып отырды.

...

Скачать:   txt (28.6 Kb)   pdf (109.1 Kb)   docx (15.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club