Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы сауда және жәрмеңкелер

Автор:   •  Май 8, 2023  •  Курсовая работа  •  6,248 Слов (25 Страниц)  •  160 Просмотры

Страница 1 из 25

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Тарих факультеті

Археология,Этнология және

Отан тарихы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы «Қазақстандағы сауда және жәрмеңкелер»

Орындаған: ИО-31 тобының студенті Мереке А

Тексерген:PhD доктор,профессор ассистент Бөдеев Қ.Т

Қарағанды 2021

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Қазақстанның көршілес елдермен сауда қатынастары....................................6

1.1 Қазақ-Ресей сауда қатынастары......................................................................6

1.2 Қазақ-қытай сауда қатынастары....................................................................10

2 Жәрмеңкелік сауданың даму тарихы................................................................15

2.1 XIX-XX ғасыр басындағы жәрмеңкелік сауда.............................................15

2.2 Жәрмеңкелер ойын-сауық орталығы ретінде...............................................17

Қорытынды............................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................21

                                                

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қазақ даласы ұзақ жылдар бойы көршілес елдер мен отырықшы, көшпенді халықтардың бір-бірімен толассыз сауда-экономикалық байланысын жүргізген ел болып табылады. Осы сауда айналымының кең тараған түрі жәрмеңке болды. XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап құрыла бастаған жәрмеңкелер халқымыздың құрылу тарихында ерекше орын алады. Олар тек сауда-саттық ісін орнықтыруға ғана емес,көршілес Еуропа, Қытай, Ресей және басқа да елдермен тұрақты экономикалық байланыс жасау, халықтық өнер мен мәдениетін дамыту үшін аса маңызды болды. XIX ғасырдың II жартысы - XX ғасырдың басы Қазақстан үшін шаруашылық, әлеуметтік және мәдени даму жетістіктеріне толы болды. Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі коғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Осындай ілгерілеудің негізгі себебі қазақ даласына тауар-ақша қатынастарының еніп, бекуі, Патша үкіметінің отарлау саясаты, қазақ жерлерін Ресейлік қоныс аударушылардың күшпен тартып алуы және Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақтардың шаруашылық өміріне, экономикалық жағдайына әсерін тигізіп өзгерістер әкелді. Бұның өзі экономикасының негізгі көзі мал шаруашылығы болып отырған қазақтардың сауданың жәрмеңкелік түріне бағытталуына әкелді. Жалпы алғанда Қазақстанның XIX-XX ғасыр басындағы саудасы мен Бөкей Ордасындағы және т.б, ірілі-ұсақты жәрмеңкелердің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы мен құндылығын зерттеу өзекті мәселе болып табылады.

Курстық жұмыстың тарихнамасы: Қазақ даласына капиталистік қатынастардың енуі мен дамуының ауылдық-экономикалық өміріне әсер етуі, аграрлық мәселелер төңірегінде жарық көрген зерттеулер бойынша көптеген еңбектердің жазылуына себеп болды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның және ондағы сауда қатынастары, ішкі рыноктың құрылуы, сауда капиталының дамуы, шаруашылықтағы өзгерістер көптеген зерттеушілердің еңбегінен орын алды. Атап айтқанда, А.Добросмысловтың[1], С.Е.Толыбековтың[2], Е.Бекмахановтың[3], А.Н.Тетервниковтың[4], Б.А.Сүлейменовтың[5] т.б ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.

А.Добромысловтың зерттеулерінде Қазақстандағы шаруашылықтың құрылысы, экономикалық жағдайы, аграрлық қатынастағы өзгерістер, соның ішінде отырықшы шаруашылықтардың пайда болып, егіншіліктің дами бастағандығын көрсетеді. С.Е.Толыбеков, Е.Б.Бекмаханов және т.б авторлар өздерінің еңбектерінде қазақ даласына капиталистік қатынастардың енуі мен дамуын, жерді отарлау мен қоныс аударуға байланысты аграрлық мәселелерді, мал шаруашылығындағы өзгерістер мен қазақ ауылының экономикалық жүйесіне көңіл бөледі.

...

Скачать:   txt (89.5 Kb)   pdf (202.1 Kb)   docx (34 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club