Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи Қазақстандағы отбасылық құндылықтар: дәстүрлік және заманауилық

Автор:   •  Апрель 3, 2018  •  Доклад  •  589 Слов (3 Страниц)  •  1,678 Просмотры

Страница 1 из 3

Заманауи Қазақстандағы отбасылық құндылықтар: дәстүрлік және заманауилық

Отбасы қоғамның негізгі элементі болды және адам құндылығының қорғаушысы, ұрпақтың мәдениеті мен тарихи мирасқорлығы, тұрақтылық пен дамудың факторы болып қала береді. Отбасымыздың арқасында мемлекетіміз нығайюда және дамуда, әлеуметіміздің жақсы тұрмыстық халі өсуде.

Атаулы күндер күнтізбесінде қыркүйектің екінші жексенбісі – ерекше күн, бұл күн – қуаныштар мен жеңіс мерекесі, жақын адамның қамқорлығын сезінетін күн. Бұл жерде ол ғажайып нәрсені көруге және адамдар арасындағы қарым-қатынас құпиясын аңғаруды үйренеді. Бұнда түп тамырымен тұңғиыққа кететін ұрпақтың келер ұрпаққа даналығы ауысуда.

Отбасының негізгі мақсаты – балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және қарапайым емес әлемде адамдар арасындағы қарым-қатынасты ажырата білуге көмектесу. Және де отбасының мықты болуы өте маңызды. Сол себепті ведомствода осы тұрақты құндылықтарды насихаттауға бірінші кезекті көңіл бөлінеді.

Дәстүрлі отбасы

Отбасы – қоғамның құрауышы, еркек пен әйелдің ұрпақтар жалғастығын жүзеге асыру мақсатында бірге тұруының ғасырлар бойы қалыптасқан формасы. Отбасындағы бала тәрбиесі ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ұлт болашағының кепілі.

Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың ролі ерекше. Әке отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенім мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі. Әке – бәйтерек, бала - жапырақ. Ата – балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.

Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйтеріп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Баласының ата өнерін қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының ертедегі өсиет сөздеріне мән берсек, жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын жалғастырушы, өнерлі, талабы таудай, жан-жақты білімі бар азаматты тәрбиелеу ұлттық педагогиканың мақсатына жатады. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.

...

Скачать:   txt (8.6 Kb)   pdf (66 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club