Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқықтық мемлекеттiң қалыптастыру барысындағы мәселелер және Қазақстандағы ерекшеліктері

Автор:   •  Июнь 1, 2018  •  Курсовая работа  •  22,582 Слов (91 Страниц)  •  981 Просмотры

Страница 1 из 91

Мазмұны

Кіріспе

3

1

Құқықтық мемлекет ұғымы, оның саяси-құқықтық ой тарихында қалыптасуы

6

1.1

Құқықтық мемлекет концепциясының қалыптасуы мен дамуы

6

1.2

Құқықтық мемлекеттің түсінігі, мәні және қағидалары

18

1.3

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері

25

2

Құқықтық мемлекеттiң қалыптастыру барысындағы мәселелер және Қазақстандағы ерекшеліктері

36

2.1

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолдары мен мәселелері

36

2.2

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыптастырудың құқықтық негіздері

43

2.3

Қазақстанды құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудың маңызы мен ерекшеліктері

53

Қорытынды

65

Әдебиеттер тізімі

68

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Оның ең басты қазынасы - адам және оның өмiрi, құқықтары мен бостандығы [1, 2 б]. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi қоғамдық татулық пен саяси татулық бүкіл халықтың идеясын игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешiледi деп таныған. Бұл принциптер Қазақстан Республикасының Ата заңы 1995 жылы қабылданған Коституцияның бiрiншi бөлiмi бiрiншi баптарында жазылған. Осы ұранды ұстана отырып, бiз ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқының байырғы жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiн, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілiк қауымдастыққа лайықты орын алуды мақсат тұтып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершiлiгiмiздi сезiнiп, осы Конституциямызды жалпы халықтық дауыс беру арқылы қабылдадық.

Бiрақ та өзiмiздiң құқықтық мемлекетiмiздi тек Конституциямызда көрсетiп жазу, бiздi құқықтық мемлекет қылмайды. Шын мәнiнде де құқықтық мемлекет құру үшін белгiлi бiр жағдайлар жасалуы тиiс.

Құқықтық мемлекеттiң мәнi неде? Құқықтық мемлекет бар ма? деген сұрақтар тағы туындауда. Тiптi тарихта өздерiн құқықтық мемлекет деп жариялаған мемлекеттер көптеп кездеседi. Оған мысал ретiнде бiр кезде өздерiн құқықтық мемлекет деп жариялаған фашистiк Германияны да айтуға болады.

Ал XX ғасырдың екiншi жартысында құқықтық мемлекет көптеген елдердiң, соның iшiнде Германияның, Испания және тағы басқа европа елдерi мен ТМД мемлекеттерiнiң басым көпшiлiгiнiң конституциясының айқын белгiсi болып саналды.

«Құқықтық мемлекет» терминiне келсек, онда ол ерте дәуiрде пайда болғанымен ғылыми айналымға бұл терминдi ең алғаш немiс ғалымдары К.Т. Вельнер және Иоган фон Аретин енгiзген. Көптеген жылдар бойы құқықтық мемлекет идеясы қазiргi кезеңдегi басылымға жету үшін ұзақ дамыды. Кеңес одағы кезiнде құқықтық мемлекеттiң теориясын мойындымай, буржуазиялық деп саналды. Құқықтық мемлекет жайында кеңес одағында пайда болған қайта құру процесiн мүмкін болатындай әрi қарай дамыту үшін айтылды. Мұндай көзқарасты бiз Кряжковтың Кеңес одағының коммунистiк партиясының XIX-шы конференциясында келесiдей қорытындысынан көремiз: «Конференцияның мақсаты социализмге сәйкес келетiн саяси билiктiң формасына толық ұқсас социалистiк құқықтық мемлекет құру», - деген.

...

Скачать:   txt (332.5 Kb)   pdf (789.2 Kb)   docx (100.3 Kb)  
Продолжить читать еще 90 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club