1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық және ұлт зиялыларының ұстанымы
Автор: Danaabdrahim1 • Сентябрь 27, 2021 • Реферат • 1,353 Слов (6 Страниц) • 1,097 Просмотры
“1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық және ұлт зиялыларының ұстанымы” деректері бойынша контент талдау.
Біздің халқымыз тəуелсіздікке қол жеткізгелі бүгінде Қазақстан тарихнамасында күрделі болып келген тақырыптарды ақиқаттық тұрғыдан ашып көріп, шынайы баға беруге мүмкіндік туды. Қазақстан халқына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен зерделеу жүргізу қажет. Ауа райының аса қолайсыз құбылыстары, атап айтқанда, қуаңшылық, жерді көк мұз басуы т.б. салдарынан болатын экономикалық күйзе¬ліс¬ті ежелгі қазақтар жұт деп үрейленген. Қазақ «жұт - жеті ағайынды содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он» деген сөздер де ертеден келе жатыр. 19 ғасырда қазақ даласында 20 ірі Жұт тіркелген. Міне, осындай дүркін-дүркін Жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке келгеннен кейінгі жағдайда оған төтеп бере алмады. Оның басты себебі, жұмысшы мен шаруаның одағына негізделген пролетариат диктатура¬сы¬ның орнауы еді. Бұл төңкеріс бастапқыда «әлемдік социализм» теориясына сәйкес Ресей империясына «тәжірибе» ретінде енгізілгенді. Кеңес өкіметінің 1920 жылдан басталатын дербес билігі 1930 жылдары тоталитаризм (лат. totalis - тұтастай, түгелдей) жүйесін туғызды. «То-талитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірі¬нің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқық¬тары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшы¬райды. Оның тарихи үлгісі КСРО-да Сталин тұсында орнады» (“Қазақстан” ұлттық энциклопедиясынан, 2006. - 704 б.-Т.8.- Б.458).
Алаш зиялыларының аштықпен күресуі
Ұлт зиялыларынан аштықты ауыздықтауға белсенді кіріскен азаматтың бірі – Мұхтар Әуезов болды. Аштықпен күреске қатысты өткізілген конференция барысында Қазақстан халқына аса үлкен нәубет әкелгендігін, аштықпен күресуде партиялық ұйымдардың босаңдығын, әлі күнге дейін нақты шығын турасында ешқандай да мәліметтің жоқтығын, Ашком ОК-і өте нашар жұмыс атқарып жатқандығын, дала халқына арнап нақты жоспар қабылданбағандығын баса көрсете келе, тез арада одан шығу жолын іздестіруді қажеттігін көтерді.
М. Әуезов «Қазақ тілі» газетіне ең бірінші болып, қазақ жерінде аштық басталғандығы жөнінде дабыл қаққан. Ол аштықтан құтылудың бірден бір жолы егін салу деп көрсетеді.
Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар білдірді.
Тоталитаризм орнаған КСРО-да 1920-30 ж.ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары ме¬н ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдас¬тыру саясаты жүзеге асырылды. Нә¬ти¬жесінде қазақ халқы алапат ашаршы¬лыққа ұшырап, жаппай босқыншылықты бастан өткерді. Кеңестік тоталитаризм зиялы қауым өкілдерін ұлттық саяси ұстанымдарына орай «тап жаулары», «жат пікірдегілер» және «әлеу¬меттік қауіпті элементтер» ретінде қудалады. А.Байтұрсынов, Ә.Бө¬кей¬ханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Бай¬діл¬дин, Д.Әбілов, М.Тынышбаев, Т.Рыс¬құлов т.б. Алаш арыстары тоталитаризмнің құрбаны болды.
XX ғасырдың басында ашаршылық қазақты үш рет айналып соқты. Алғашқысы 1917-1919 жылдардың аралығында болды. Кеңес Одағы құрылуының алды-артындағы соғыс пен малының талан-таражға түсуі – көшпелі халықтың аштыққа ұшырауына себеп болған. Екіншісі – 1921-1922 жылдары, Кеңес Одағында болған құрғақшылықтан мал қырылып, қазақтар жиі қоныстанған облыстар тағы ашаршылыққа ұрынады. 1921-1922 жылдардағы аштық кезiнде өлгендердің саны 1 млн 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы
...