Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы әлеуметтік журналистика және әлеуметтік желі түсініктері

Автор:   •  Апрель 26, 2018  •  Контрольная работа  •  8,369 Слов (34 Страниц)  •  2,310 Просмотры

Страница 1 из 34

1.Қазақстандағы әлеуметтік журналистика және әлеуметтік желі түсініктері

2.Әлеуметтік журналистиканың телерадиодағы көрінісі

                      Әлеуметтік журналистика

  М.Хасеннің анықтамасына сәйкес , әлеуметтік журналистика -әлеуметтік мәселелер мен қоғам мәселелерін қамтитын журналистикадағы бағыт болып табылады-қоғамдағы қайшылықтарға байланысты мәселелер және «адам-қоғам» жүйесі.

 Әлеуметтік журналистика- қоғамның әлеуметтік проблемалары мен мәселелерін жариялайтын, қоғам ішіндегі қайшылықтарға байланысты туындаған жағдаяттарды шешуге ұмтылып, қоғамның тұрақтылығын сақтауға ат салысатын журналистиканың саласы.  Әлеуметтік журналистиканың негізгі мағынасын ұғыну үшін, «әлеумет» сөзіне көңіл аударайық.  Әлеумет-сіз өмір сүретін ортадағы тұтастай адамдардың жиынтығы. Яғни, әлеуметтік журналистика жалқылыққа қарағанда жалпылыққа бейім. Қазіргі кезде журналистика қоғамдық қатынастарды басқарудың құралы ретінде де қарастырылады. Журналистика-билік өкілдерінің сойылын соғатын сала емес, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Әлеуметтік журналистика қоғамдық мәселеге сұрақ қойып, оны зерттеумен шектелмейді. Оқиғаның біртұтас күйін ұғып, бүгінін сараптап, ертеңін қорыту әлеуметтік журналистің мақсаты. Болатын істің себебін, болған істің салдарын әлеуметке ұғындыру журналистің негізгі міндеті.

  Бүгінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында халықтық ой жүйемен ойлай білетін, жасырын деректі жазбай танып, журналистік зерттеудің амал-тәсілдерін қолданып, батыл қадамға барып, тың тақырыптарға қалам тербеп жүрген журналистер жеткілікті.

  Бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір қоғамдық мәселелерді кеңінен дәйекті түрде жариялап, оларды билік пен жұртшылық назарына жеткізу арқылы өзгерістер енгізеді. Олар қоғамдық пікірді қалыптастырады. Қоғамға қатысты тақырыптар автоматты түрде әлеуметтік журналист үшін маңызды болады.

Ресейлік әлеуметтік журналист Андрей Лошак «Жаңа әлеуметтік журналистика» еңбегінде қазіргі журналистиканы екі типке ажыратады:

•Журналист өз мүддесіне  немесе жекелей тұлғаның мүддесіне қызмет етеді. Мысалы, нақты тұлғаның тапсырысымен жазықсыз жанды жазғырып, мақаласына арқау етеді. Ақша үшін беделді тұлғалардың жеке құпияларын жариялайды. Немесе комерциялық бағытта: сән, көлік, асхана аясындағы жаңалықтар мен рецепттерді аудиториға ұсынады.

•Журналист мүдделерге қызмет етеді.  Журналистиканы мотивация деп бағалап, қоғамдағы өзгерістерге ат салысады. Немесе өзгерістерді өзі жасайды.

«Жаңа әлеуметтік журналистика»  зертеулерінде қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелер мыналар:

Әлеуметтік мәселелер

Құраушы факторлар

Халықтың қорғалмаған топтарының проблемалары

Мүгедек балалардың қоғам өміріне сіңісуі, мүмкіндігі шектеулі жандардар үшін кедергісіз орта құру, басшылық жұмыстағы азаматтардың іс-әрекетіне байланысты жұмыссыздар, мигранттар, отбасылар, жетімдердің әлеуметтік мәселелері.

Жастардың проблемалары

Балалар мекемелерінің (мектеп,  арнаулы жасақталған отбасылық балалар үйлері, пансионаттар, балалар үйлері т.б) тәрбие-білім беру қызметі, спирттік ішімдіктерге деген құмарлық, нашақорлық, СПИД, қоғамдағы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыс жасауының  қолжетімділігі мен сапасы

Табиғатты қорғау шаралары

Қоғамдағы экологиялық қызмет нысандары мен тәжірибесіз ұйымдардың өңірлердегі экологиялық проблемаларды туындатуы мен алдын алуы, экологиялық білім беру, баламалы қалдықсыз өнеркәсіп орындарын іске қосу

Салауатты өмір салтын насихаттау

Бұқаралық спортты насихаттау және спорт қозғалысы, білім беру саласындағы спорттың ролі, «әлеуметтік аурулар және олардың алдын алу, физикалық және психикалық саулыққа әсері, арттерапия, музыкатерапия т.б

Әлеуметтік еңбек қатынастары және экономикалық саясат

Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру, кірістер мен өмір сүру деңгейі, еңбек нарығын дамыту, еңбек және қоршаған ортаны қорғау

 

...

Скачать:   txt (108.7 Kb)   pdf (229.5 Kb)   docx (51.3 Kb)  
Продолжить читать еще 33 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club