Қазақстандағы флора жəне фауна түрлерінің қазіргі жағдайы
Автор: 87858785 • Ноябрь 1, 2024 • Реферат • 1,522 Слов (7 Страниц) • 28 Просмотры
Қазақстандағы флора жəне фауна түрлерінің қазіргі жағдайы
Қазақстан флорасының алуан түрлілігі өсімдіктер жүйеленуінің түрлі таксондарының құрамы мен саны (түрлері, тұқымдастары жəне т.б.) бойынша да, географиясы бойынша да, табиғи климаттық зоналары мен биіктік белдеулері бойынша да өзгеріп отырады. Дала мен шөл зонасының жазықтық бөлігінде флораның сан түрлілігі мен өзіндік болмысы батыстан шығысқа қарай, ал таулы жүйелерде солтүстік-шығыстан (Алтай) оңтүстік-батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) артады.
Қазақстан аумағында жоғарғы тамырлы өсімдіктердің 6000-нан астам, саңырауқұлақтардың 5000-ға жуық, қыналардың 485 түрі, су балдырларының 2000-нан астам, мүк тəрізділердің 500-ге жуық түрлері тіркелген. Жоғарғы тамырлы өсімдіктер ішіндегі 14 %-ы эндемиктер, яғни əрбір жетекші түр осы аумаққа ғана тəн, бұл республика флорасының өзіндік болмысының жоғарлылығын көрсетеді. Эндемиктер ішінде 10 эндемикалық монотипті тұқымдастарды атап кеткен жөн. Олар: Phуsandra, Rhfnhidohyton, Pseudoeremostachys, Pseudomarrubium, Botschanzeia, Cancriniella, Spiraenthus, Pteridostemon, Pastinacopsis, Niedzeuedzkia. Эндемиктер ішінде реликтілер де аз емес.
Жалпы Қазақстанның жоғары сатылы өсімдіктерінің флорасы эоценнің субтропикалық өсімдіктерінің, олигоценнің мезофильді ормандық флорасының, неогеннің көне Жерортатеңіздік, оның ішінде миоцен-пиоценнің бастапқы далаларының негізінде қалыптасты. Көне дəуір өкілдерінің бірқатары реликтілер түрінде сақталып қалды. Бұлар: Shiraenthus, Schrenkianus, Rhaphidophyton rejelii, Echinops Saissanicus, Zigaphyllum potaninii жəне т.б. (эоцен); Betula turkestanica, Juglans regia, Malus Sieversii, Sorbus persica, Populus talassica, т.б.(олигоцен); Lris scariosa, Rhoum nanum, Allium polirrhizum жəне т.б. (миоцен-плиоцен).
Қазақстан микрофлорасы құрамында түрлердің 4,8%-ы эндемикалық болып табылады. Əсіресе, жоғарғы эндемизм Қазақстандағы 3 эндемикалық тұқымдастар мен 124 эндемикалық түр бар сферопсидтік саңырауқұлақтарға тəн (сферопсидтік саңырауқұлақтардың түрлік құрамының 12%-ы). Құрамына 14-15 мың түр кіретін Қазақстанның өсімдік дүниесі зоналарға, табиғат белдеулеріне, түрлерге байланысты айтарлықтай айырмашылықтарға ие. Мүктерге, су балдырларына, қыналарға байланысты толық мəліметтер жоқ. Сондықтан өсімдік əркелкілігінің жағдайын есепке алу мен бағалау бойынша үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Қазіргі кезде өсімдіктердің 303 түрі мемлекет тарапынан қорғалуда, яғни, Қазақстанның Қызыл кітабының 1-басылымына енген. Қызыл кітаптың екінші басылымы да əзірленуде, оған 404 аласа өсімдіктер кіреді, яғни бірінші басылымға қосымша 101 түр кірген. Екінші басылымға барлығы 2 плаун, 2 папоротникті, 4 мүк тəріздес, 2 жалаңаш тұқымды, 362 гүлді, 6 балдырлы, 22 саңырауқұлақты, 4 қына түрлері енген. Осылайша биік тамырлы өсімдік құрамының 6%-ы, аласа өсімдіктердің 0,6%-ы Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына кіреді. Қызыл кітапқа енген барлық түрлер ХТҚО классификациясына сай:
І (ІІ) - шамасы, жойылып кеткен;
ІІ (1) – қауіпті жағдайда тұрған;
ІІІ (2) – сирек кездесетін түрлер;
ІV (3) – азайып бара жатқан;
V (4) – анықталмаған;
VІ (5) – қалпына келтірілген сияқты категориялар бойынша бөлінеді.
Флора құрамында пайдалы, емдік, жем шөптік, техникалық, қоректік, əсемдік жəне басқа да түрлері аз емес. Қазақстан фаунасын есепке алу тек омыртқалы жануарлар үшін ғана аяқталып, олардың жекелеген кластары бойынша жалпылама мəліметтер шығарылған (Қазақстан бауырымен жорғалаушылары, 1956, Қазақстан қосмекенділері, 1959, Қазақстан құстары, 1960-1985; Қазақстан балықтары, 1986-1990). Қазақстан фаунасының генетикалық қоры Кітабының (1989) мəліметтеріне сүйенсек, республикада омыртқалы жануарлардың (Uertebrata) 835 түрі, оның ішінде 179 сүтқоректі, 489 құс (олардың 396-ы осында ұя салып, басқалары қыста ұшып келіп, болмаса көктем мен күзде ұшып өтеді), 49 бауырымен жорғалаушы, 12 қосмекенді, 104 балық жəне 3 дөңгелек ауыздылар мекен етеді.
...