Халықаралық Қатынастардағы Қауіпсіздік
Автор: muratbek2001 • Декабрь 28, 2018 • Реферат • 4,007 Слов (17 Страниц) • 941 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы ұлттық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Халықаралық Қатынастардағы Қауіпсіздік.
Тексеруші: Азмуханова А.М.
Студент: Бек М.Ә.
Топ: ХҚ-11
Астана, 2018.
Жоспар
Кіріспе
I Еуропа мәселелері
1.1.Еуропа және Балқан қауіпсідік мәселелері
Негізгі бөлім
II Орта және Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері
2.1. Иран мәселесі
2.2. Палестина факторы
2.3. Ирак мәселесі
2.4 Сирия факторы
Қорытынды
Кіріспе
Халықаралық қауіпсіздіктің түсінігі айтарлықтай жан-жақты болып келеді. Әдетте халықаралық қауіпсіздік бірнеше түрлерге бөледі: экономикалық, әскери-саясаттық, гуманитарлық, ақпараттық және т.б. Мамандар қауіпсіздіктің елуге жуық түрін көрсетеді, олардың көбісі халықаралық қауіпсіздікке қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік туралы жалпылай айтқанда, оны кең ауқымды мағынада түсіну керек. Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік түсінігі көбінесе тар мағынада қолданылады. Бұл жерде халықаралық қауіпсіздіктің әскери-саясаттық мағынасы мен біздің ғаламшарымыздағы бейбіт өмір сүруді қамтамасыз ету проблемасы туралы айтылып тұр.
Халықаралық қауіпсіздік мемлекеттерге бейбітшілік жағдайында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз азаматтарына үздіксіз қамқорлық көрсетіп, олардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдеме беріп, дамуға мүмкіндік беретін Жердегі бейбітшіліктік тәртіпті көрсетеді.
Қазіргі заманғы кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәселелерде әр мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады.
I Европа мәселелері
Европаның қазіргі әскери–саяси қауіпсіздігін түсіну үшін, континенттің жаңа тарихи кезеңдегі соғыс және бейбітшілік мәселелерінде қаншалықты роль ойнағынын түсіну керек. Соңғы бес жүзжылдық ішінде Европа елдер, аймақ және континенттердегі ең ірі соғыстардың эпицентрі болды. Континентте басымдылық, ықпал ету территориясын бөлу, тәж мұрагерлігі үшін соғыс әлсіретіп отырды. Еуропа 2 қантөгісті соғыстың бесігі және қырғи қабақ соғыс жылдары әскери қарама-қарсылықтың орталық театры болды. Еуропаның отарлық державалары Латын Америкасын, Африка, Таяу және Қиыр Шығыста жаулап алушылық соғыстар жүргізді, осы аймақтағы соғыс сипатына және қарқынына әсер етті.
Бүгінде еуропа континенті әлемнің ең бейбіт аймағына айналды деуге болады. Еуропаның басқа континенттерге жасайтын қысымы қысқарды. Басқа аймақтар Таяу және Орта Шығыс, Азия-Тынық мұхит аймағы, Еуропадан әскери –саяси қысымшылық эпицентрі ролін «алып қойды» , ал Құрама Штаттар бұл аймақтағы әскери –саси қауіпсіздік мәселелеріне жаһандық әсер етудің біржақты бағытын онан әрмен бекетті.
Сонымен, Еуропа қауіпсіздігі саиқын соғыс жылдарына тән болған және Вестфаль жүйесінің қызмет еткен уақытына қарағанда жаңа сапаға ие болды.
...