Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үндістан мен Пәкістанның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі

Автор:   •  Март 8, 2021  •  Эссе  •  370 Слов (2 Страниц)  •  418 Просмотры

Страница 1 из 2

Балапанова Жансая, ХҚ-21

Үндістан мен Пәкістанның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі (1990-2000)

Үндістан мен Пәкістан қатынастары Оңтүстік Азиядағы халықаралық қатынастар жүйесінде басты рөлді алады. Екі елдің аймақта саяси, экономикалық және әскери салмағы үлкен болғандықтан да, олардың үнемі дерлік қарсыласуы жаһандық деңгейде назар аударылады.

1990-2000 онжылдықта Үндістан мен Пәкістан қарым-қатынасында назар аударатын факторларға территориялық қақтығыс, ядролық қарудың, террорлық топтың болуы жатады. Ең маңызды, әрі әлі күнге дейін назар аудартатын фактор - Кашмир территориясына байланысты. Себебі, Оңтүстік Азияның екі негізгі мемлекетіне қатысты тұрақты шиеленіс, өзара сенімсіздік субаймақтағы жаңа қарулы қақтығыстардың болуына негіз жасауда, бұл бүкіл Оңтүстік Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Екі тараптың да ядролық қаруға ие болуы ерекше қауіп төндіреді, өйткені Үндістан мен Пәкістан 1998 жылы жерасты ядролық сынақтарын өткізіп, содан кейін өздерінің жаңа ракеталық мәртебесін ресми түрде жариялады. Ал бұл Кашмирге қатысты қақтығыстың ядролық қақтығысқа айналуына алып келуі мүмкін. Кашмир жағдайын ушықтыруда ислам радикализм факторының да маңызы зор, ол бір жағынан кашмирліктерден пайда болды, ал екінші жағынан 1990 жылдардағы исламшыл экстремизм өсуінің әлемдік тенденциясына байланысты болуы. Бұл қазіргі заманғы террористік топтардың қалай жұмыс істейтіні және олардың қандай мақсаттарды көздейтіндігінің жарқын мысалдардың бірі. Жалпы айтқанда, Үнді-Пәкістандық әскери қақтығыстар аймақтағы барлық елдерге, әсіресе көршілес Ауғанстанға әскери әсер етеді.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (72.7 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club