Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих ғылым ретінде

Автор:   •  Октябрь 22, 2021  •  Контрольная работа  •  513 Слов (3 Страниц)  •  260 Просмотры

Страница 1 из 3
  1. Сұрақ: Тарих ғылым ретінде.                                                                        

Жалпы алғанда, ғылым негізгі 3 топқа бөлінеді. Олар: математика, жаратылыстану және гуманитарлық . Соның ішінде тарих гуманитарлық білім саласына жатады.Тарих- адамзаттың өткені жайлы ғылым. Тарих арқылы білім мен ғылымның, мәдениет пен өркениеттің ежелгі, орта ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі дамуы туралы білімімізді қалыптастырамыз. Тарих ғылымының дамуына алғаш өз үлесін қосқандардың бірі- ежелгі грек ғалымы, әрі философы Геродот болып саналады.Ол өзінің еңбектерінде алғаш рет «тарих» терминін қолданды. Тарихи білімді тарих ғылымына айналдыру ұзақ уақыттар бойы жүргізілді. Археологиялық зерттеулер, ерте заманнан қалған қазба қалдықтары саланың дамуына өз үлесін қосты.

  1. Сұрақ: Қазақстан тарихының кезеңдері
  1. Ежелгі
  2. Орта
  3. Кейінгі орта
  4. Жаңа заман
  5. Қазіргі заман

Қазақ жерінің тарихы алғаш жер бетіне адамдар пайда бола бастаған тас дәуірінен басталады. Қазақ даласында адамзат баласы осыдан 1 млн жыл бұрынғы уақыттан қоныстанып бастады. Олар негізінен өзен жағасында, тау үңгірлерінде мекендеді, тас құралдарын қолданды, лашық салды.

Біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта қазақ жерінде «сақ» деп аталған көшпелітайпалар тұрған. Олар өздерінің жоғары материалдық мәдениеттілігімен ,дамыған қолөнерімен (тастағы таңбалар, Алтын адам, обалар) танылған. Ол кездегі ең ірі тайпалар одағының екіншісі- үйсіндер (ғұндар) болды. Бұл екі этнос кейінгі түркі тайпаларының қалыптасуына зор үлесін қосты. Біздің заманымыздың VI-IX ғасырында қазақ жерінде ежелгі түркі мемлекеттері, хандығы пайда бола бастады: Түрік қағанаты; Батыс, Шығыс Түрік қағанаттары; Түргеш және Қарлұқ қағанаттары. X ғасырда көшпелі түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының  астанасы Баласағұнды жаулап алғаннан кейін, Қарахан (940-1212) –бірінші ислам-түркі мемлекеті пайда болды. Бұл кезде қазақ жерінді көптеген дамыған (Отырар, Созақ,Сауран, Жент т,б) қалалар пайда болды. Олардың жоғары өркендеген мәдениеті, дамыған саудасы және қолөнері болды. Шыңғыс хан басшылық еткен моңғалдардың Орта Азияға басып кіруі XIII ғасырдың басында басталды. 1218 жылы Шыңғыс хан Жетісуді жаулап алып, енді Отырарды алмақшы болды. Бірақ оның тұрғындары берілгісі келмеді. 6 ай өткеннен соң Отырар құлап, Шыңғыс хан оның бүкіл халқын қырып тастауға бұйрық берді. Ақырында, XIII ғасырдың 40-шы жылдарында, қазақ жері Алтын Орда құрамына енгізілді. XIII-XIV ғасырларда шаруашылқтар мен қалалар қалпына келтіріле бастайды .  XV ғасырға қарай әр түрлі түркі тайпаларының негізінде қазақ халқының құрылыуында алғашқы нышандар жасалына бастады. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығы пайда  болды.  Ол үш жүзден құрылды: ұлы жүз ,орта жүз және кіші жүз.  XVIII ғасырда қазақ халқы ұлы хандар мен батырлардың (Абылай, Қабанбай,Әбілқайыр және т.б ) басшылығымен Жоңғар хандығына күйрете соққы берді. XVIII ғасырдың аяғы  XIX ғасырдың басында қазақтың жүздері біртіндеп Рсей империчсына қосла бастады. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Қазақстан Қаз.АКСР аталып, 1916 жылы Қаз.КСР ретінде КСРО құрамына енді. Кеңес дәуіріндегі кезең (1922-1991) Қазақстан тарихында өзінің қайшылығымен күрделі. Өндіріс пен ағарту саласындағы қомақты ілгерілеу халықтың қуғын-сүргінге ұшырауымен, ұлттық мәдениетін жоғалтумен ұштасып жатты. 1991жылы Кеңестер Одағының ыдырауына байланысты, егемендік алғанна кейін, заңды демократиялық , құқықтық мемлекет ретінде Қазақстан тарихында жаңа беттер ашылды.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (63.9 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club