Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарих ғылым ретінде

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Доклад  •  669 Слов (3 Страниц)  •  439 Просмотры

Страница 1 из 3

1. Тарих ғылым ретінде

Тарих - үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен әлемді тану, оның өткенін ашып көрсету болып табылады. Тарихтың көмегімен біз кеңістік пен уақыт ішінде серуен құрамыз. Өткенді ой елегінен өткізу бәріміз үшін ортақ нәрсе болып қана қоймайды, сондай-ақ әркімнің ой-өрісінде ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырайды. Тарихтың шұғыл бұрылыстарында өткен шақ жандана түседі және оны біз бүгінгі күннің күрделі мәселелерін шешудің белгілі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткен шаққа жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануы да қалыпты жағдайға айналады. Қазақстан тарихы бүкіл дүниежүзілік тарихтың ажырамас бір бөлігі болып табылады және ол қоғамдық, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланыста болады. Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде қазақ халқының, республика аумағын мекендеген басқа да этностық топтардың дүниеге келуі мен қалыптасуы кезеңдерін, олардың мемлекеттік-құқықтық жүйелерін, экономикасы мен мәдениетін, қоғамдық-әлеуметтік қатынастарын зерттеп, зерделейді.

2. Қазақстан тарихының кезеңдері

     Қазақстан тарихын зерделеу хронологиялық дәйектілікпен жүзеге асырылады. Соңғы кезде ғалымдар отандық тарихтың келесі кезендерін атап көрсетіп отыр.

  • Тарихқа дейінгі кезең. Бұл кезең адамның жануарлар дүниесінен шыққанынан бастап, Қазақстан туралы алғашқы жазбаша деректердің пайда болғанына дейінгі уақытты, яғни біздің дәуірге дейінгі VII ғасырдан бұрынғы 2 миллионнан астам аралықты қамтиды.
  • Ежелгі немесе прототарихи кезең. Бұл кезең баршаға мәлім Қазақстанның көшпелі тайпаларының өмір сүруінен бастап, алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болғанына дейінгі уақытты, яғни біздің дәуірге дейінгі VIII ғасырдан бастап, біздің дәуірдің VI ғасырына дейінгі аралықты қоса алғандағы мерзімді қамтиды. Бұл кезеңге сак-скиф тайпалары бірлестіктерінін, үйсін, қаңлы және ғұн мемлекеттерінің тарихы жатады. Осы кезең аталған мемлекеттердің таратылуымен аяқталады.
  • Ортағасырлық кезең. Бұл кезең республикамыздың бүкіл аумағында билігін жүргізген Түрік қағанатының құрылғанынан бастап Алтын Орда империясы құлап, қазақ хандықтарының өмірге келгеніне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңнің өзі бірнеше мерзімге бөлінеді.

Бірінші мерзім - VI - XIII ғасырларды қамтып, Жетісу мен Сарыарқада екі саяси орталықтың қалыптасып, дамуымен сипатталады. Жетісуда - Батыс түрік, Қарлұқ және Қарахан мемлекеттері, Сарыарқада - Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері құрылды. Бұл жерлердегі мәдениет екі бағытта қалыптасты: Жетісуда ХІІІ ғасырға таман түркі-мұсылман мәдениеті мен оғыз-қарлұқ тілдері өркендеді, Сарыарқада көшпелі мәдениет пен қыпшақ тілі дамуын жалғастырды. Бұл мерзімді тарихшылар жалпы түркі-қыпшақ дәуірі деп атаған.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (107.1 Kb)   docx (147.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club