Тарих ғылым ретінде. Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.)
Автор: shynar.b • Сентябрь 24, 2021 • Реферат • 1,259 Слов (6 Страниц) • 558 Просмотры
- Тарих ғылым ретінде
Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. “Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу.
Тарих — табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы, немесе адамзат қоғамының өткенін жан жақты зерттейтін ғылым саласы. Қоғам тарихы жер бетінде адамның пайда болуына байланысты туды, сондықтан ол адамзат тарихы болып табылады. Қоғам тарихы адам баласының пайда болуынан бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңде бастан кешкен оқиғаларының, өркениеттердің жекелеген адамдар мен ұжымдардың атқарған іс әрекетінің жиынтығы болып табылады. Тарихты жасаушы-халық. Тарих ғылым ретінде қаншалықты толық және объективті қалыптасса, соншалықты қоғам өткеннен сабақ алып, қателіктерді қайталамауға тырысады.
Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен процестерді тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Өйткені қоғамдық ғылымдар қоғам тарихының түрлі қырлары мен астарларын зерттеп, оны танып-білуге өз септігін тигізеді. Қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих алдына қойған мақсатымен және зерттеу тәсілімен ерекшеленеді. Түрлі оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы деректер жинау‑тарих білімінің бір қыры.
Тарих ғылымы археология, этнология, деректану, тарихнама, тарихи демография, т.б. көптеген салаларға бөлінеді. Мұндай салаларға бөліну тарих ғылымының дамуымен тығыз байланысты.
2)Қазақстан тарихының кезеңдері.
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. 1.Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін);
2. Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.);
3. Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.);
4. Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.).
1.Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін);
Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті. Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты. Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті. Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды. Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған. Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды.
2.Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.).
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ). Түрік қағанаты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.). Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.). Ежелгі үйсін жерін жайлады.
...