Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысы
Автор: Guldana170129 • Сентябрь 10, 2021 • Лекция • 1,222 Слов (5 Страниц) • 1,891 Просмотры
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жоғары Колледж
Пән: Қазіргі қазақ тілі
Тақырыбы: Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысы
Лекция
Оқытушы: Набиева Ш.Қ.
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
2020 ж.
Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысы
Лексикология грек тілінің «сөз» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин.
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамын қарайды. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тідің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның ара қатнасы мен байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.
- Тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырылады.
- Жалпы лексикология мен жеке лексикология бір-бірімен тығыз байланысты.
Қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тіл атаулыға тән жалпы заңдылық.
Тілдің дамуы барысында сөз мағынасының өзгеруі, көп мағналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардың пайда болуы осылардың барлығы тілдердің барында.
Дүние жүзіндегі барлық тілдерде туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөзтудырудың бір тәсілі – сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін.
Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне тән қасиет.
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамының шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы: қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін.
Тарихи лексикология тілдің сөздік құрамының шығуы, замандар бойында қалыптасуы және және дамуы лексиканы қарастырушы арналар және олардың тарихи тұрғысынан зерттелінеді, ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы: «Қазақорыс тілі», «Қазіргі ағылшын тілі» т.б пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағналық құрлымы, лексиканы құрастырушы арналармен қат–қабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамының даму жолдары, лексиканың стилистикалық дифференциалануы, сөздердің қолдану саясы, мағыналардың қарым-қатынасына қарай сөздердің топтасуы /синоним, омоним, антоним/ және т.б. мәселелер қарастырылады.
Синхрониялық лексикологияда тілдің сөздік құрамы өзара байланысты элементтердің лексикалық жүйесі тұрғысынан да қаралуы керек . Осыған орай, сипаттама лексикологияда, қажет болған жағдайда тарихи мәліметтермен түсініктер қазіргі тілдегі лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсінуге көмектеседі.
Историзм принципі диохрониялық лингвистика үшін ғана емес, синхрониялық лингвистика және оның барлық салалары, соның ішінде сипаттама лексикологиялық үшін де қажет.
Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология.
Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте күшті.
Лексикологоияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас сөздердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймай, олардың тарихи дамуын өөзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан оны салыстырмалы – тарихи лексикология дейді. Сол тарихи лексикологияның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында, талай өзгерістерге ұшыраса, өсіп өрбіп мыңдаған сөздер қосылып бұл күнде оны тарихи тұрғыдан қарастырып бір-біріменсалыстыра зерттегенде ғана мүмкін болмақ. Салыстырмалы тарихи зерттеусіз, ғылыми зертеудің де ғылыми теориялық топшылаудың да болуы мүмкін емес.
...