Салғастырмалы тіл білімінің ұғымдық аппараты
Автор: Serikbolkyzy • Декабрь 11, 2021 • Реферат • 764 Слов (4 Страниц) • 536 Просмотры
Сро тақырыбы:Салғастырмалы тіл білімінің ұғымдық аппараты.
1-тапсырма.
1)Алдымен түсініктеме бере кетсем:
Алломорфизм – түрлі тілдердің құрылымдарын белгілеуде ерекшеліктерді, тілдің әр түрлі деңгейіндегі бірліктер құрылымындағы айырмашылықтарды білдіру үшін қолданылатын термин.
Типологияда «изоморфизм» ұғымы да ерекше рөл атқарады. Бұл термин грек сөзі, isos –бірдей, тең, ұқсас, morphe –түр, форма сөздерінін құралған.
Яғни,әрбір тілдің өзіндік сипатын, өзіндік төл ерекшелігін, басқа тілмен ұқсас жақтарын (изоморфизмдерді), өзге тілден айырмашылығын, (алломорфизмдерді) айырудың әдіс-тәсілдерін, ұстанымдарды меңгереді.
2) Салыстыру сыртқы қоршаған ортаны танып, білудің бірден-бір логикалық әдісі.Яғни,біз салыстыру арқылы салыстырылып отырған нысанның ерекшеліктерін, басқаларға ұқсастық және одан өзгешелік жақтарын айқындай аламыз.Және мұндай зерттеулердің нәтижесінде біз барлық тілдерге ортақ қандай да бір белгілерді немесе оларда кездеспейтін ерекше белгілерді анықтай аламыз. Осылайша тілдердің ортақ белгілері туралы айта аламыз.
3) Салғастырмалы лингвистикада көбіне екі, кейде одан да көп тілдер салғастырылып, одан шыққан қорытынды бір топ кешенді теориялық және лингводидактикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Ондай теориялық мақсат-міндеттер деп төмендегілерді атауға болады:
- Салғастырылып отырған тілдер арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды анықтау;
-бір тілді оқыпүйренуде көзге түспейтін, ескерілмей қалатын белгілерді
тауып көрсету;
- сол тілдерге тән тілдік үрдістерді айқындау;
-салғастырылып отырған тілдер арасындағы жүйелік сәйкестіктер мен айырмашылықтарды (яғни тілдер арасындағы эквиваленттер мен лакуналарды) анықтау;
-тілдердің бірбіріне ықпалын, бір-біріне әсерін (егер қатар өмір сүрсе)
нақтылау;
-мүмкіншілігінше тілдер арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтарды түсіндіру;
-салғастырылып отырған тілдердің арасында кездесетін дедуктивтік универсалийлерді таныту.
4)Өз тарапымыздан доминант ұғымын басым,басымдылық баламасымен бергенді жөн санаймыз. Біздің бұл пайымдауымызды қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама нақтылай түскендей: Басымсын. 1.Мол, көп. 2.Үстем, күшті, мығым. Басымдылық зат. Артықтық, көптік, күштілік. Басымдылық зат. Басым болушылық.
Басымдылық деген терминді қолданған ғалым Ә.Хасенов. Ол кісі «тілдерді типологиялық типтерге бөлгенде, ең алдымен ол тілдің грамматикасы қалай құрылған, ол тілде грамматикалық тәсілдің қай-қайсысы басымдылық етеді деген мәселе басшылыққа алынады» [21,39], дейді де ойын: «тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай құрылғандығы, белгілі бір тілдердегі грамматикалық тәсілдердің қайсысы басымдылық(доминант Е.Ж.) ететіні, сол тілдердегі сөздердің өзгеру, түрлену жолдары, ерекшеліктері, қысқасы, қайталап айтсақ, белгілі тілдердің құрылымы мен құрылысы», - деп аяқтаған болатын.
5) Тіл білімінің тарихын түбегейлі түсіну үшін лингвистикалық ғылыми бағыттардың, ағымдардың, көзқарастардың, түрлі ғылыми мектептердің ерекшеліктерін ажырата білген орынды. Жаңа ғылыми бағыттар мен ағымдардың туындауына негіз болған басты себептердің бірі – тілге деген жаңаша түсінік, түрлі анықтамалар мен оның өзіндік мәнін, ерекшелігін, қызметін айқындауға байланысты айтылған пікірлер мен сан алуан көзқарастар еді.Яғни,осы бір себептін өзі негіз бола алады.
2 тапсырма
1)Салғастырмалы (контрастивті) лингвистиканың нысаны. Кейінгі уақытта салғастырмалы зерттеулерге қызығушылық артып келеді. Зерттеуші И.А. Стернин оны мына себептермен байланыстырады:
...