Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Автор:   •  Октябрь 4, 2020  •  Реферат  •  3,794 Слов (16 Страниц)  •  1,554 Просмотры

Страница 1 из 16

1.Тіл біліміне байланысты ғылымдар:

[pic 1][pic 2]

[pic 3]

2. Тілдердің қарым-қатынасы. Адстрат, субстрат, суперстрат терминдері.

Дүние жүзіндегі елдер, мемлекеттер бір-бірімен әр түрлі саяси, мәдени, экономикалық т.б. қарым-қатынас жасайды. Бұл халықтардың, олардың тілдерінің араласуына, бір-біріне әсер етуіне ықпал жасайды. Осыған байланысты лингвисттер тілдер қарым-қатынасының негізінен үш түрлі көрінісі байқалатынына назар аударады:

  1. Тілдердің қатар өмір сүруі – бір мемлекет аумағында өзара аралас өмір сүріп жатқан немесе көршілес жатқан мемлекеттердегі тілдердің ұзақ замандар бойы бір-біріне үнемі, тұрақты түрде әсер етуі, ықпал жасауы.Сондай қарым-қатынас нәтижесінде ол тілдердің дамуында, олардың жалпы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құрылысында ортақ жайлар пайда болады. Бұлардан «туысқан тіл-дер» немесе «тілдер одағы» сияқты жақын, ортақтық мәселелері туындайды.
  2. Тілдердің араласуы – белгілі бір тарихи кезеңде екі тілдің қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне әсер етуі, кейіннен бір-бірінен қайта ажырап, әрқайсысының өз даму жолына түсуі, өз бетімен өркендеуі. Айталық, VII-XII ғғ. арабтар маңайындағы елдердің бірсыпырасын жаулап алды. Бұл кезеңде, бес ғасырдай уақыт аралығында араб және парсы тілдері айтарлықтай дәрежеде араласты. Қазіргі кезеңде парсы тілінің даму жолын дәлірек, жете түсіну үшін араб тілін білу керек. Мұндай жағдай түрік тілі мен болгар тілдерінің, корей және қытай тілдерінің араласуын-да болған. Мысалы корей лексикасының 75 пайызы қытай сөзі, ағылшын лексикасының 60-70 пайызы латын сөздері. Мұндай процесс қазақ, орыс тілдерінен де байқалады.
  3. Тілдердің тоғысуы – екі тілдің қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде бір-біріне әбден сіңісіп кетуі. Тілдердің тоғысуы 145 этникалық топтардың, тайпалардың араласып-құраласып кетуіне, сондай-ақ бір халықтың екінші бір халықты жеңіп, бағындырып, өзіне қаратып алуына байланысты болады. Тілдердің тоғысуы туыстас халықтар тілдері арасында да болуы мүмкін. Саны жағынан көп халық аз халықты өзіне қаратып, қосып алуы да мүмкін. Қысқасы, екі тіл тоғысқанда бірі жеңіп, бірі жеңіледі, яғни жеңген тіл және жеңілген тіл пайда болады. Осыған орай әлеуметтік лингвистикада үш түрлі термин қолданылады: адстрат, субстрат, суперстрат.

   Адстрат (лат. ad – қасы, жанында + stratum – қабат, пласт) –  жарыса қатар өмір сүретін тілдік элементтер.

   Субстрат (лат. сyb – астыңғы + stratum - қабат, тұтынушы) – екі тіл тоғысқанда жеңілген тілдің жеңген тілдегі элементтері.

   Суперстрат (лат. super – үстіңгі, жоғарғы + stratum – қабат, тұтынушы) –  жеңген халықтың жеңілген халық тіліне қалдырған ізі, әсері. Суперстрат терминін алғаш рет Романистер конгресінде В.Вартбруг қолданған.

 

3. Әлеуметтік лингвистика. Тіл және қоғам. Тіл – әлеуметтік феномен. Тілдік жағдаят, тіл саясаты, тілдік жоспарлау. Тіл туралы заң және тіл мәртебесі. Мемлекеттік тіл, ресми тіл, жергілікті тіл. Әлемдік тіл, дәнекер тіл, аймақтық тіл.

   Әлеуметтік лингвистика (лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) –  тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы. Оның негізгі объектісі — тілдің функционалды жағын зерттеу. Қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік кызметі, тіл болмысының қатынастық түрлері (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, койне, пиджиндер), тілдің әлеуметтік сипаттағы түрлері (жаргон, арго, кәсіби тіл), билингвизм, диглоссия, пиджинделу, креолдену, мультилингвизм процестері. Әлеуметтік лингвистика үшін аса қажетті мәселелердің қатарында тілдің өмір сұру формасынан туатын  

...

Скачать:   txt (53.8 Kb)   pdf (371.9 Kb)   docx (31.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club