Қазақ тіл білімінің уағыздаушысы Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың терминдеріне талдау
Автор: Samemm • Январь 23, 2023 • Реферат • 959 Слов (4 Страниц) • 220 Просмотры
Мырзақұл А. М.
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Алматы қаласы
Ғылыми жетекшісі: Кайракбаева Г. С.
Қазақ тіл білімінің уағыздаушысы Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың терминдеріне талдау
Аңдатпа. Мақалада Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың терминологиясы талқыланылады. Мақала авторлары терминдердің пайда болып, қолданыс аясын анықтайды.
Түйін сөздер: терминология, термин, интернационал, специфика.
Аннотация. В данной статье разбирается терминология Кудайберген Куанулы Жубанова. Авторы данной статьи определяют происхождение терминов и их сферу пользования.
Ключевые слова: терминология, термин, интернационал, специфика.
Abstract. The article discusses the terminology of Kudaybergen Kuanuly Zhubanov. The authors of this article determine the origin of the terms and their scope of use.
Key words: terminology, term, international, specificity.
«Қазақстан болашағы – қазақ тілінде», – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл тұжырым мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің ертеңгі келешегін айқындайды. Ал біздің ана тілімізді білім ретінде елге танытқан атақты адам Құдайберген Қуанұлы Жұбанов.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов - қазақтың тұңғыш филолог-ғалымы, полиглот, қоғам және мемлекет қайраткерi, алғашқы қазақ Академиясын - КСРО ғылым Академиясының филиалын ұйымдастырушылардың бiрi, Қазақ тiл бiлiмiнің ғылыми негiзiн және Қазақстандық кәсiби ғылымның негiзiн қалаған.
Мемлекеттік терминология комиссиясының Ағарту халық комиссариаты жанындағы Бағдарлама-методика секторымен 1934 жылдың 27 қарашасында бірігіп өткізілген бір мәжілісінің бағдарламасында Қ. Жұбанов өзінің термин жасау мен оны бекітуге арнаған баяндамасында емле жобасын ұсынып, онда халықаралық терминдерді дұрыс жазу үшін қазақ әліпбиіне ф, х дыбыстарының таңбасын ендірудің қажет екендігін айтты деп көрсетілген. Бірақ мәжіліс: «Өкілетті орындармен келісіп алғанға шейін ф, х әріптерін қазақ жазуына ендіруді әзірге тоқтата тұру керек. Оған дейін бұл мәселе төңірегінде кең көлемді айтыс ұйымдастыру керек» – деп қаулы алып, ұсынысты қабылдамай қойды.
Термин сөздердің спецификасы жөнінде Жұбанов – 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне Мемлекеттік терминкомның атынан ұсынылған жобаның негізгі авторы. Ол ұсынған принциптер қазақ терминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді.
Құдайберген Жұбанов өзінің зерттеулерінде термин сөздер спецификасын зерттеп, олардың қазақ тіліндегі аудармаларын көрсеткен: «Термин алу мәселесінде бізде неше түрлі өрескеліктік болғанын көреміз. Бізде «психология» демей – «жан жүйесі», «геометрия» демей – «пішіндеме» деп алынған болатын». Осы бір сөздердің ағылшын тіліндегі аудармасы «psychology» және «geometry», осыдан зерттеуші тұрақты ұғымдардың әрқайсысына халықаралық термин етіп алу керек деген ой түйеді.
Ал тұрмыста қолданылатын сөздерге және сөз тіркестерге қатысты: «Орыстың «мелкий» деген сөзі, «камешек» сияқтылар жайлы айтылған болса ғана оған қазақтың «ұсақ» сөзі сәйкес келеді («ұсақ тастар», «мелкие камешки»), ал енді «мелкая вода» дегендегі «мелкий»-ді «ұсақ» (су) деуге болмайды, «тайсыз су» дейміз,- мұнда «мелкий» сөзіне «тайсыз» дәл келеді.» Осындай айырмашылық ағылшын тілінде де «ұсақ тастар» - «small pebbles», ал «тайсыз су» - «shallow water». Негіз ретінде: «сөз бір нәрсенің жай аты ғана емес, жете танылған, бөлектеніп шыққан нәрсенің аты», - деген. Бұл тұжырымды нақтылай келсек сөздердің әр елдегі белгілі бір тарихи жағдайларға қарай икемделгенін көрсетеді.
Ғалымның барлауы бойынша бір сөзге мағынасына қарай бірнеше сөздер сай келеді: «орыстың «лошадь»-ына бірде қазақтың «ат»-ы, кейде «жылқы»-сы сәйкес келіп отырады; сол сияқты, қазақтың «ат»-ына бірде орыстың «мерин»-і, кейде, «конь»-і сәйкес келіп отырады»,- деген, бұдан ағылшын тілінде де «жылқы» сөзіне көбінесе «horse» сөзін қолданылады, бірақ кейбір шығармаларда «steed», «courser» және «hoss» деген атаулары кездеседі.
Терминдер жайлы филолог әр елдің өз сөзімен алынған термині болса да, әрқашан халықаралық болады деп қорытқан. Ал қазақ тілінің терминдерін екі жағынан қарастырған: бір жағынан, бірыңғай интернационал сөздермен алынса, екінші жағынан, қазақ сөздерінен жасалатын болады.
...