Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казакстанда жəдидтік бiлiм беру жyйесiнiн калыптасуы

Автор:   •  Апрель 15, 2019  •  Статья  •  1,829 Слов (8 Страниц)  •  671 Просмотры

Страница 1 из 8

ҚАЗАҚСТАНДА ЖƏДИДТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ж.Е.Курмангалиева

Д.А. Қонаев атындағы университеттің аға оқытушысы

Мəдени-ағартушылық сипатта өріс алған жəдидтік қозғалыс Ресейдегі түркі тілдес мұсылман халықтарының саяси оянуына да əсер еткен орасан зор күштің бірі болды. Жəдидтік қозғалыстың көш басында мұсылман халықтарын өркениетке тартып, оларға европалық білім мен озық идеяларды таратуды көздеген Исмаил бек Гаспринский тұрды. И.Гаспыралы 1868 жылы Зинжирли медресесіне орыс тілі мұғалімі болып қызметке орналасады. Шəкірттерге дəріс оқи жүріп əдебиет əлемінің тұңғиығына сүңгіген ол орыс əдебиетін оқуға қызу кірісіп кетеді. Əдеби жəне тарихи кітаптарды оқу арқылы Исмаил бек Гаспралы, Ресейдің құрылымы мен жалпы жағдайлары жəне орыс дүниетанымы мен тереңірек танысады. Ресейдегі жаңашыл топтың əрекеттерін жіті қадағалап отырған Гаспралы, Ресей қол астында өмір сүретін мұсылман халықтарының да ұйқыдан оянып, жаңа дəуірге қадам басуын қалады. Исмаил бектің Зинжирли медресесіндегі білім беру жағдайымен жақын танысып, ондағы жағдайды терең түсінуі оны төмендегідей пікірге жетеледі. «Бізде бастауыш білім мен тəрбиенің жоқ екендігін мектепте оқыған кездерімде, ал діни мектептердің артта қалғанын Зинжирлиде қызмет атқарған жылдары толық түсіндім, осыған байланысты ең əуелі ағарту саласын жақсарту керек деп түйдім»-дейді /1/.

Еуропада екі жыл тұрғаннан кейін Османлы офицері болғысы келген ол тəтті қиял жетегінде Ыстамбұлға келеді. Алайда, оның өтінішіне бұл жердегі ресми тұлғалар күмəнмен қарап, алдына түрлі бюрократиялық кедергілер қояды. Осыған байланысты, үміті ақталмаған Исмаил бек Ыстамбұлда аудармашы болып, жұмыс істейтін ағасы Халилдің қасында бір жылдай болып, өзін жан-жақты жетілдіре түседі. Оның назарын ерекше аударған құрылымның бірі мектеп медреселер еді. Өйткені Ыстамбұлдағы мектептер Ресей қол астындағы мұсылман мектептерінен əлдеқайда ілгері еді. Сондықтан, 1870 жылдан бастап бастауыш мектептерде жүзеге асырыла бастаған «усул и жəдид» мектептері Гаспралының назарын аударса керек. Алғаш рет Ыстамбұлдағы «Нуруосмани» мешітінің жанынан кірпіш үйде ашылған жаңа мектептің басты ерекшелігі-əліппе үйретуде сол кезге дейін қолданып келген «буын əдісін» тастап,

«фонетикалық əдіс» сөзді дыбыстап тікелей оқу əдісін қолдануы еді.

Гаспралы 1875 жылы көктемде Қырымға оралып, 1878 жылға дейін ел аралап ұлтының мұң мұқтажымен танысты жəне болашақ жоспарларының жобасын Исмаил бектің бұл ізденіс қызметінде жүрген кезінде де жалғасын тапты. Басшылық қызметте болған жылдарда Гаспралы отаршылдықтың озбырлығын жан дүниесімен сезіне отырып, саяси күрес арқылы ұлтқа қызмет етудің мүмкін емес екендігін айқын түсінді. Оның ойынша əуелі ұлтты ұйқыдан оятып, мəдени жəне рухани тұрғыдан көтеру керек, ал, бұл халық ағарту саласын жаңарту арқылы ғана жүзеге асатын еді.

Еуропаның білім беру жүйесі мен шығыстық дəстүрлі үлгіні таразылай отырып Исмаил бек Гаспралы мектеп медреселерде реформа жасау қажет деп білді. Сөйтіп ол 1884 жылы Бакчасарай қаласында ең алғашқы жадид мектебін ашты.

«Жəдид» мектептері «жəдид»-жаңа деген ұғымды білдіреді. Ол ең əуелі татар ағартушылары арасында қолға алынады. Кейіннен қазақ жеріне, сол арқылы Орта Азияға да тарай бастайды.

И. Гаспринскийдің жаңа əдісті «усул жəдид» мектептерін құруы ұлттық тіл мен мəдениеттің дамуы туралы ағартушылық философиясы Түркістан өлкесіндегі жəдидтердің ағартушылық қызметіне жаңа мазмұн мен сипат берді. Жаңадан ашылған жаңа əдісті мектептер патша үкіметі мен жергілікті консервативті элементтердің қарсылығына ұшырады. Патша үкіметі жаңа ағартушылыққа тосын қарады жəне онымен күресте жергілікті діни фанаттарды қолдап отырды. Бұл мектептер ұлт-азаттық қозғалысты күшейтеді, мұсылмандардың ұлттық санасын оятып, бірігуге əкеледі. Сондықтан олар жалпы орыстың мемлекеттік мүддесіне қайшы келеді деген сылтаумен оған қарсы үкімет тарапынан шаралар ұйымдастырылды.

...

Скачать:   txt (26.1 Kb)   pdf (136.3 Kb)   docx (20.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club