Желтоқсанның жалынында от кешкендер ақталды ма?
Автор: Bayan03jhd • Март 25, 2022 • Контрольная работа • 790 Слов (4 Страниц) • 298 Просмотры
Желтоқсанның жалынында от кешкендер ақталды ма?
Біз осы уақытқа дейін 1986 жылғы Қазақ көтерілісінің қайғы-қасіретін, жаласы мен наласын ғана сөз етіп келдік, ендігі жерде оның шынайы келбетін, көтерілістің қаһармандық өнегесі жайында шыншылдықпен ашық айтатын кез жетті.
Сонау 86-жылдары шыбын жанын аямай алаңға шыққан жастар қаншама?... Қақаған аязда өздерін аяды ма, жоқ әлде Отаны үшін жанын сарп етті ме?... Ал бүгінде сол жандардың еңбектері ақталды ма?... Еңбектері ақталмақ түгіл, өздері енді ақталып жатыр емес пе?!
Кеше ғана қарашаның 20-сы күні қаракөз апамыз Сәбира Мұхамеджанованың өзі ақталғаны елдің жағасын ұстатқан болар. Басқа басқа менің өзім естіп, аузымды ашып, жағамды ұстағаным рас.
Көпшілік біле бермес, бүгінде қаһарлы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан аға-апаларымыз әлі толық ақталып бітпеді. Олардың қаншамасы әлі өз теңдігін алмады. Қаншамасы жазықсыздан жазықсыз мойындарына іс арқалап кетті...
Ауыз толтырып Тәуелсіздігімізге 30 жыл деп әлемге жар салғанымыз не керек, осы тәуелсіздікке бізді өз қаны мен жаны арқылы жеткізген қайран азаматтар әлі сол істің шырмауында жүрсе...
Ойланарлық дүние, ойланған жанға ой салатын дүние емес пе?! Сәбира апамызды ғана емес 38 азаматтың ақталуына өз септігін тигізіп жүрген жандардың бірі – Бейсенбай Сайфолда. Ия, Бейсенбай ағамыз да кезіндегі қанды дүрбелеңге қатысқан, тіпті Сәбира Мұхамеджановамен бірге алаңға шығып еркіндік іздеген азаматтардың бірі. Бүгінде өз көзімен көрген желтоқсан оқиғасы кезіндегі ақталмаған замандастарын ақтау үшін жан ұшырып, әрекет етіп жүр.
Бейсенбай Сайфолда секілді нағыз ұлт жанашырлары ғана осындай игі дүниелерді бүгінде өскелең ұрпаққа дәріптеп жүр.
Бір қызығы, ержүрек апамыз Сәбираны ақтау оңайға түспеген көрінеді. Алматы қалалық прокуратурасы арқылы ақтауға күш салғанмен туған туыстарының жоқтығынан істің оңынан шешілуіне кедергі болған. Алайда Сәбирамен бірге болған 28 қыздың арқасында ғана мәселе шешімін табуға болатын еді. Мәселе сол 28 қыздың да ақталмауында болып отыр. Былай қарасаңыз олар да Желтоқсан оқиғасына қатысты, дегенмен әлі күнге дейін өз атына лайық дәреже алмады. Осы жағдайды пайдаланып, Бейсенбай Сайфолда 28 қыздың жиырма сегізін де есімдерін ақтап қана қоймай, орыс тобында оқыған Сәуле Өмірбекованы да ақтауға тырысты. Қызығы сол, Сәуле Өмірбекованы 1987 жылы оқудан шығарып қана қоймай, Желтоқсан көтерілісіне қатысы бар деп айыптапты. Ал шындығына көз тіксеңіз Сәуле Өмірбекова1986 жылғы у-шу кезінде үн-түнсіз кетіп қалған екен.
Бұл жағдайға Бейсенбай Сайфолда ағамыз алып-ұшпа қарай салмай, Сәулені де ақтау үшін қаншама әрекет етті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, Бейсенбай ағамды көп мақтасам айып етпессіздер. Алайда осындай шындық үшін еңбек ететін адамдар арамызда көп емес...
Бейсенбай Сайфолда осымен тоқтап қалмады, Сәбира Мұхамеджановамен бірге оқыған, Желтоқсан көтерілісіне қатысы бар деген 8 азаматтың да ақталуына бар жігерін салған болатын. Содан не керек, ағамыз 28 қызға «қарсы емеспіз» деп хат жаздырып алу үшін сонау еліміздің шығысына жол тартып, ақыры діттеген мақсатына жеткен еді.
...