Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары
Автор: aidanaa04 • Февраль 15, 2022 • Реферат • 1,313 Слов (6 Страниц) • 417 Просмотры
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
[pic 1]
ОСӨЖ №5
Тақырыбы: «Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары.»
Орындаған: Қайырбек. А
Тобы: ҚТӘ-102
Тексерген: Шинтемирова А.С
Ақтөбе 2021 жыл.
1986 жылы 16-17-18 желтоқсанда өте көп жастар Л.И.Брежнев атындағы алаңға жиналды. Олар 16 желтоқсанда болған Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Пленумында бірінші хатшы болып сайланған Колбинге қарсы, Пленум шешімдерін өзгертеуді талап етті. Қала жастарын осы көтеріліске қатынасуға шақырып 5 мыңдай жастар бірнеше көшелерімен жүріп үгіт жүргізді. Ол өз нәтижесін берді.18 желтоқсанда алаңға 20 мыңдай жастар жиналды. Оларға қарсы Ташкент, Тбилиси, Мәскеуден бас кесер арнаулы әскерлерді дереу жеткізді. Саперлік күрекпен, қамшымен тағы басқада қарулармен жабдықталды. Жастарды тарату мақсатымен өрт сөндіретін машинамен көпшілікке су шашты (Аяз 20-25º). Оларды республиканың барлық қалаларының жастары қостап көтерілді.Мыңдаған студенттер мен жұмысшыларды түрмеге отырғызды. Көпшілігін ұрып-соғып қаланың сыртына апарып тастады. Біразы қашып кетіп өз туған ауылдарында ауруға шалдықты. Өлді. Олардың тізімін ешкімде айта алмайды. Басында олар заң орындарынан қорқып айтпады. Қазір де қорқып айта алмайтындар көп. Мыңдаған студенттер оқудан шығарылды.
Алматының республикалық архивіндегі құжаттар бойынша 92 адамның сотталғандары анықталды. Оның ішінде 17 адамның ісі Астананың республикалық ұлттық мұрағатында Л.И.Брежнев атындағы алаңға алғашқы шыққан жастар туралы, сондай-ақ Алматыдады республикалық архивте (1680 қор, 2 тізім, 3364 істің 76 бетінде) мынадай хабарлама бар:1986 жылы 17 желтоқсан күні тәңертеңгі сағат 9-дан 15 минут кеткенде Қазақстан Компартиясының үйіне таяу алаңға бір топ қазақ жастары келді. Шамамен алғанда 600 дей адам жыйналды. Олар әртүрлі өлең айтып трибунаның алдында тұрды. Біраздан кейін қолдарында 5-6 плакаттары бар жастар Орталық партия кемитетіне естілетіндей етіп трибунаның алдынан өтті. Ол транспаранттарда: «Әр халыққа өз көсемі», «Жасасың Ленин идеясы», «Біз ерікті түрдегі одақты қалаймыз, зорлықпен қосылмаймыз». «Ешбір халыққа артықшылық берілмейді», «Жасасын Қазақстан», «Бірінші хатшы қазақ болуын қалаймыз». «Орыс емес» деп айғайлап ысқыра бастады.Желтоқсан көтерілісін аса қатал жауыздықпен талқандаған. Жастарды ұрып соғып алаңнан қуғандары, оларға қарсы қолданған аюан істері туралы, мемлекеттік конституцияны аяққа таптап заңсыздыққа жол берген ішкі істер министрлігінің, прокуратураның, соттың, қауыпсіздік комитетінің басшыларын жауапқа тартуды талап еткен арызды беруші қазақстанның азаматтық козғалысының «Азат» атты қоғамының басқармасы және осы көтіріліске қатынасқан, сотталған азамат Х.Қ.Қожа-Ахметтің арызы бойынша Қазақстан республикасы, конституциялық соты Рогов И.И. былай деп мәсімдепті: Қазақстан республикасының конституциялық соты» мынадай жағдайды тапты. Сол бойынша шешімге келді:1. ССР кезіндегі Советтер Одағы мен Қазақ ССР-ының басқару мемлекеттік орындардының қабылдаған шешімдерінің конституцияға сәйкес келетіндігін және әкімшілік, сот, заң қорғау орындарының істеріндегі жоғарғы басқарушы адамдардың Алматыдағы желтоқсан уақиғасы кезіндегі іс әрекеттерінің заңдылығын» тексеру туралы конституциалық сот ісі қозғалсын.Міне осы күннен бастап конституциялық соттың комиссиясы мына төмендегі жағдайларды аңықтады: «Желтоқсан көтерілісі кезіндегі заңсыздықтар туралы конституция сотына арыз түсті. Соның қортындысы туралы мынадай қысқаша хабарлама берейін.1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне байланысты – 99 адам сотталды (оның - 91 ісін таптым, ал Асанбай Асқаров мен Бекежановтың ісі Фрунзе де деп бермеді, қалған 5-уының ісі белгісіз үш адам еріксіз емделуге жіберілді (олар естерінен ауысқан адамдар) Б.Н.).Ұлтшылдығы үшін, нәсілге бөлгендері үшін және көпшілікпен бірге тәртіпсіздікке қатынасқандары үшін – 78 адам, әдейі кісі өлтіргені үшін екі адам, адам өлтіруге ұмтылғаны үшін 2 адам, ал басқалары әртүрлі қылмыстар жасағандары үшін сотталды. Бостандықтарынан айырылғандары – 82 адам. өлім жазасына кесілгендері – 2 адам, 15 адам бостандығынан айырылмай шартты түрде сотталды».
...