Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды

Автор:   •  Август 24, 2020  •  Доклад  •  768 Слов (4 Страниц)  •  694 Просмотры

Страница 1 из 4

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 339 112,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,4% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
38 092,9 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 108,0% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 11,2% құрайды.

Салада табиғи газ өндірісі 9,7%, газ конденсаты 11,9% («Амангелды газ» ЖШС),  ұсақталған фосфат шикізаты 43,6 % («Казфосфат» ЖШС, «Еврохим-Удобрения» ЖШС),  майда ұсақталған фосфат шикізаты 48,8% («Казфосфат» ЖШС, «Еврохим Удобрения» ЖШС) артқан.

Сонымен қатар, әктас және гипс өндірісі 8,2% («Актас» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ), шағал және ұсақталған тас өндірісі 28,1 % («Ақтас» ЖШС, «Шағал» ЖШС), түсті металл концентраты және руда өндірісі – 14% («Алтыналмас» АҚ, «Golden Compass Jambul» ЖШС) төмендеген.

Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 237 128,6 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,5% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 69,9 %  құрады.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан. Олар: тамақ өнімдерінің өндірісі (140,5%), жеңіл өнеркәсіпте (НКИ – 168,7%),  мұнай өнімдерін өндіруде (115,8%), басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде (103,0%), металлургия өнеркәсібінде  (151,3%).

Тамақ өнімдерін өндіру саласында өнім көлемі 99 248,6 млн. теңгені құрап, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 140,5% құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 29,3 %.

Анықтама: Салада қант өндірісі 70,0% («ЦАСК» ЖШС-нің Тараз қантзауыты және Меркі қант зауыты филиалдары), сүт өнімдері 20,8 % («Бурненская молочная компания» ЖШС, «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС) артқан. Макарон өнімдері – 37,6% («Рола-7» ЖШС, «Та-мак» ЖШС), шұжық өнімдері 15,6% («Первомайские деликатесы» ЖШС) төмендеген.

        Жеңіл өнеркәсіп саласында өнім көлемі 2 004,3 млн. теңгені құрады, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 168,7% құрады. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 0,6 %.

Анықтама: Салада бұлғары бұйымдарының өндірісі 2,5 есеге, аяқ-киім өндірісі – 3,9 есеге («ТаразКожОбувь» ЖШС, шағын кәсіпорындар) және тоқыма өндірісі – 37,8%-ға артқан.

Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3 290,3 млн. теңгені құрап, немесе НКИ -115,8% артқан. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 0,9 %.

Анықтама: саладағы негізгі өндіруші - «Амангелдинский ГПЗ» ЖШС, мұнда шикізатты тасымалдау бойынша мәселелер шешілді.

Басқа металл емес минералды өнімнің өндіріс көлемі  23 945,7 млн. теңгені құрап, немесе 2015 жылдың деңгейінен 103,0%  артқан. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 7,1 %.

Анықтама: Салада цемент өндірісі 6,9%, цемент клинкері 13,8% артқан  («ЖЦПК» ЖШС, «ACIG» АҚ). Сонымен қатар, гипс өндірісі 34,1% («Жамбылгипс» АҚ, «Крафтгипс» ЖШС) бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі – 20,9%, тауарлы бетон өндірісі 14,1% («Жамбылхимстрой» ЖШС, «Ғимарат Темірбетон» ЖШС), құрылыс кірпіш өндірісі 24,7%  төмендеген. Төмендеу себебі – өнімге сұраныстың жоқтығы.

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (139.2 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club