Желтоқсан оқиғасының Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ықпалы
Автор: Zhani3 • Сентябрь 13, 2022 • Эссе • 519 Слов (3 Страниц) • 234 Просмотры
Желтоқсан оқиғасының Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне ықпалы
1986 жылы желтоқсанда азаттық іздеген Алматы жастары алаңға шығады. Бұл қозғалыс тарихда Желтоқсан көтерілісі аталды. Қозғалыстың басталуына себеп болған елеулі оқиға Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумында бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаевты қызметтен алып тастап, оның орнына қазақ жерін білмейтін, заты орыс Колбин деген біреу келеді. Әрине, көтерілістің себебі жалғыз бұл ғана болмаса керек. Қазақ жастары сол жылдары өз тарихын оқи алмайтын, қазақ тіліне түрлі қысым жасалды. Мысалы, қазақ тілін білмейтін адам жұмысқа тұра алмайтын болған. Осы секілді кемсітулер мен қысымға шыдамаған қазақ жастары теңдік сұрап, алаңға шығады. 17 желтоқсан күні орталық алаңға топ-тобымен келіп жиналған жастар саны 20 мыңға жетеді. Олар «Қазақты қазақ басқарсын!» «Әр ұлтқа – өс көсемі!» деп ұрандатып, «Менің Қазақстаным» әнін қосыла шырқап тұрды. Алаңға жиналғандардың дені студент жастар еді. Олар өзін мазалап жүрген мәселелерін айтып қалуға тырысты.
Бірақ бейбіт шерудің соңы қанды оқиғаға ұласты. Көтерілісті күшпен басуға арнайы әскер жұмылдырып, «Бұрқасын-86» жоспары бойынша шара қолданылады. Алаңға жиналған жастардың бәріне «маскүнем, нашақор, бұзақы ұлтшылдар» деп жалған айып тағылады. Жастарды тарату үшін өрт сөндіруші машиналарымен суық су шашып, сапер күректері, дубинка қолданылып, оқиға қатігездікпен басып-жаншылады. Барлығы 8500 жас қамауға алынады. Алматы түрмесіне сыймағандарды қала сыртына апарып тастайды. Тәуелсіздік жолында құрбан болған жастар ішінде Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаевтардай батыл жастар болды. Тек Алматыда ғана емес мұндай шерулер Талдықорған, Жезқазған, Арқалық, Қарағанды, Көкшетау, Жамбыл, Талғар, Шамалған, Шелек т.б. қалаларда да жалғасады.
Көтеріліске КОКП ОК-нің қаулысы бойынша «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланып, көтеріліске қатысқан жастар қуғынға ұшырайды. Оқудан, жұмыстан шығарылады.
Көтеріліс өткеннен кейін Желтоқсан қозғалысы туралы айтуға, жазуға тыйым салынады. Желтоқсан шындығын ең алғаш 1989 жылғы КСРО халық депутаттары съезінде мінбеге шығып, батыл түрде айтып салған – халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов. Осыдан кейін арнайы комиссия құрылып, алаңға шыққан жастарға тағылған жалған айып алып тасталады.
...